Көйлек, архивтегі фото

Қазақ қызының ұлттық киімі Кореядағы сұлулық байқауында үздік деп танылды фото

2479
Сұлулық байқауының қорытындысы бойынша бойжеткен ең мықты сайыскерлердің ондығына кірді, төрешілер оның киімін жоғары бағалады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық Айсұлу Ерболова Оңтүстік Кореядағы Miss World University сұлулық байқауында ең үздік костюм номинациясын жеңіп алды.

Сайыста бірнеше кезең болды, жеңімпаз атану үшін әлемнің 50 елінен келген хас сұлулар бақ сынады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Евней Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің студенті жоба қорытындысы бойынша үздік ондыққа енді. Әділ-қазылар қазақтың ұлттық киімін жоғары бағалап, жеңімпаз деп таныды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Модельное Агентство ARTLINE (@artline_model_agency)

"Айсұлудың шығармашылық нөмірі үздік бестікке кірді. Ұйымдастырушылар Қазақстанда әдемі және білімді адамдар тұратындығын атап өтті", - дейді олар Artline сән агенттігі.

Айсұлу Ерболова конкурста қолдау білдіргендердің барлығына алғысын білдірді.

"Назар салып, қамқорлық танытқандарыңызға өте қуаныштымын. Сіздерге амандық, сәттілік және бақыт тілеймін! Жанымнан табылып, құттықтап жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aisulu💋 (@kss.ais)

Айсұлу Қазақстан жайлы айтып, туған жерінің сұлулығын паш етті. Бойжеткен он жылдан бері бимен айналысады, суретке түсіруді және атқа мінуді ұнатады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aisulu💋 (@kss.ais)

Miss World University –  жыл сайынғы халықаралық сұлулық байқауы. 2019 жылы ол Чеджудо аралында өтті.

2479
Кілт сөздер:
сұлулық байқауы, қазақ қызы
Тақырып бойынша
Ямайкалық бойжеткен "Әлем аруы 2019" атанды
Мәдина Батықтың жүрегін жаулаған кім: жаңа "Қазақстан аруы" ашық сұхбат берді  
Нұр-Сұлтанның ең сұлу қызы "Sputnik Қазақстан таңдауы" атанды
Қазақстандық келіншек ғаламның ең сұлу әйелі атанды - фото
"Дүниежүзі аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды - фото
19 жастағы "Астана аруы" алдағы жоспарлары жайлы айтып берді
Барымташылар. Уақыт жолдары фильмінің кадры

Қазақстандық фильм Францияда көрсетіле бастады

21
Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың фильмі Францияның 20 қаласында көрсетіледі. Қазақстанда бұл кино қыркүйекте үлкен экраннан көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі 29 шілдеден бастап франциялық көрерменнің назарына ұсынылды және ол 20-дан астам қалада көрсетіледі, деп жазды Қазақфильм Instagram парақшасында.

"Бұл мен үшін өте қызықты және қуанышты жағдай. Жапон режиссерімен бірге түсірілген фильм әлемдік кинематограф отанында көрсетіледі. Мұндай айтулы оқиға менің өмірімде бірінші рет болып тұр", - деді туынды режиссерлерінің бірі Ерлан Нұрмұхамбетов.

Сонымен қатар фильмнің екінші режиссері – жапон Лиза Такабэ. Басты рөлдерді Самал Еслямова, Адия Мусина, Мираи Морияма және тағы басқалар сомдаған. Ерлан Нұрмұхамбетов сондай-ақ сценарий авторы екенін де атап өту керек.

"Қазақфильм" мен "Tokyo New Cinema" жапон компаниясы бірлесіп түсірген "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі барымташылардың бір үйдің отағасын өлтіруі салдарынан басына күн туған отбасының бастан кешірген оқиғасын баяндайды. Әкесінің өліміне қабырғасы қайысқан 12 жастағы Олжас өзінің және кішкентай қарындастарының басына түскен сынаққа төтеп беруге мәжбүр болады. Алайда үміт үзілген шақта бейтаныс біреу оларға көмектесе бастайды.

Аталған фильм осы жылдың қыркүйегінде отандық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.

21
Еркебұлан Дайыров

Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды

10704
Актер бұл жүлдені режиссер Эля Гильманның "Күнбағыс" фильміндегі рөлі үшін алды. Өзі жаңалықты әлеуметтік желіден естігенін айтты

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канн кино сыйлығы бойынша Азияның үздік актері ("best Asian actor 1st Cannes film awards") атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от movie Sunflower (@film.sunflower)

"Өзім түсірілім алаңында жүрмін. Бұл жаңалықты Instagram арқылы білдім. Сол жақта белгілеп, құттықтап жатыр. Басында сенген жоқпын, продюсерлер хабарласып айтты. Сезінуге уақыт болмай, құттықтап жатқан кісілерге рахмет айтумен уақыт өтуде. Бұл бәріміздің ортақ жеңісіміз ғой", - деді Дайыров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетері, актер бұл жүлдені режиссер Эля Гильманның "Подсолнух" ("Күнбағыс") фильміндегі рөлі үшін алды. Ол фильмді Эля Гильманның ішінен шыққан баласына теңеп, барлық жұмыспен режиссердің өзі айналысқанын жеткізді.

Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда туған. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.

2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды, 2015 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері болды.

"Бауыржан Момышұлы", "Анаға апарар жол", "Қазақ елі", "Жұлдыздар тоғысқанда", "Тараз", "Алтын орда" секілді бірқатар фильмде ойнаған.

10704
Кілт сөздер:
Еркебұлан Дайыров, актер
Тақырып бойынша
Дайыров: қазіргі жастар Балуан Шолақты фаст-фуд сататын спорт кешені деп қана біледі
"Ғұмырын өнерге арнады": Нарымбетовтің достары режиссер жайлы естелігін бөлісті
"Жанымды жегідей жейді" Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады
Танымал актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды
Инфекциялық стационар

Алматы "күңгірт қызыл" аймаққа кірді: әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды

0
150 науқасқа арналған ауруханада орташа ауыр деңгейдегі және ауыр жағдайдағы науқастарды емдейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Алматы әскерилері коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдау үшін инфекциялық стационар жасақтады, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша Алматыдағы қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационар жасақтады", - деп хабарлады қорғаныс ведомствосы.

Палата в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы палата

Стационар 150 науқасқа арналған. Сонымен қатар медициналық мекемеде 50 орын соматикалық патологиясы бар әскери қызметкерлерді емдеу үшін және әскери-дәрігерлік және әскери-ұшқыштар сараптамасын жүргізу үшін бөлінеді.

"Біздің әскери госпиталь екінші эшелонға жатады. Сондықтан инфекциялық стационарға орташа ауыр және ауыр дәрежедегі науқастар жатқызылады. Жеке құрам мұндай жағдайға дайын", - деді Алматыдағы әскери клиникалық госпитальдің басшысы міндетін атқарушы Әбдіуәли Палтушев.

Кислородный баллон в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы оттегі баллоны

Оның айтуынша, госпиталь мамандарының коронавирус жұқтырғандарды емдеу тәжірибесі бар. Медициналық мекемеде жасанды тыныс алдырту және гемодиализ аппаратымен жабдықталған реанимация бөлімі жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың сәуірінен бастап әскери госпиталь дәрігерлері халыққа медициналық көмек көрсету жұмыстарына екі рет жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 430 адам емделіп шықты, оның шамамен 30%-і – ауыр және асқынған деңгейдегі науқастар.

2021 жылдың шіддесінен бастап Нұр-Сұлтандағы Бас әскери клиникалық госпиталь коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін қайта іске қосылды.

Сондай-ақ Алматы, Талдықорған және Үшаралдағы үш әскери-емдеу мекемесі азаматтарды қабылдауға дайын. Аягөз, Талдықорған, Сарыөзек және Семей әскери госпитальдарында қосымша төрт инфекциялық бөлім жұмыс істеп тұр. ПТР-тестілеу жүргізу үшін Нұр-Сұлтанда және Алматыда екі стационарлық зертхана, сондай-ақ Ақтау мен Семейде мобильді зертханалық кешендер ашылған.

0
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы