Театр, иллюстративті фото

"Бірдеңе жеді ме?": Сәбит Әбдіхалықов басқаратын театрдың әртістері шу шығарды

8458
Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртістері директорды қызметтен алуға қарсылық білдірді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Алматыда Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бес жылда үш рет басшы ауысқан. Әртістер қазіргі директор Сәбит Әбдіхалықовты орнынан алуға қарсылық білдірді.

Әбдіхалықовтың да театр директоры болып тағайындалғанына небәрі бір жыл болған. Әртістердің айтуынша, мәдениет министрі енді оны қызметінен алмақ, деп хабарлады КТК.

"Өнер ордасының басшысы Сәбит Әбдіхалықов ауысады" деген сыбыс шыққалы ешкімнің жұмыс істеуге құлқы жоқ.

"Сәбитті ауыстыруға қандай себеп бар? Соны бізге айтыңыздаршы? Ауыстырады деп естіп жатырмыз. Ол кісі бірдеңе жеді ме? Ол кісі зейнетке шыға ма? Жоқ! Қандай себеп? Бізге неге айтпайды?", - деп ашынды  актриса Рашида Хаджиева.

Көпшілік құзырлы ведомостваның қазіргі директорды қызметінен алу туралы идеясын қолдамайды.

"Тағы бір бастық келіп, тағы талан-таражға салса, не боламыз? Біз театрда әр бастықтың жағдайын ойлап, әркімнің көңіліне қарап жүргенде, өнер қайда қалады? Сәбит – керемет менеджер. Көрерменімізді қайтарды, ақшамызды қайтарды", - деп атап өтті актриса Нұржан Бексұлтанова.

Дулыға Ақмолда: Актер деген мамандықты төменге түсіріп жібердік

Ұжымдағылар Сәбит Әбдіхалықовтың жұмысына разы. Бір жылда жаңа қойылымдар мен көрермен көбейген. Сәйкесінше, кассадағы табыс молайыпты. Ең бастысы, театрдың талай жылғы қордаланған 10 миллионнан аса қарызы толық өтелген. Қазір театрдың басшысы ауруханада. Жүрегіне бірнеше рет ота жасалып, шетелде ем алып жатыр екен. Ал оның орынбасарына вице-министр қысым жасағанын айтады.

"Министрдің атынан Дәуешов мырзаның өзі маған "арыз жазып, өз еріктеріңмен кетіңдер" деп жазып жатыр", - дейді театр директорының орынбасары Әлібек Әмірсейітов.

Жаңа жылдан бастап әртістерге түрлі сахна киімін тігіп, сахнаны безендіретін қызметкерлердің жалақысы қысқарған. Осылайша сахна майталмандары министр басшы тағайындаудан гөрі, жастарға жағдай жасап, жалақыны көбейтсе дейді. Ал министрліктің берген жауабы кереғар.

"Бүгінгі күні жұмыстан босату деген бізде ой жоқ. Бірақ жұмыстың тиімділігіне қарай, оның іскерлігіне қарай, ары қарай "бұл жұмысты алып кете ала ма, алып кете алмай ма?" деген мәселе туындауы мүмкін. Сонымен қатар ұжымның пікірі бізге маңызды", - деп түсіндірді мәдениет және спорт министрлігі, мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова.

Өнер ұжымы театр директорының ауысуына қатысты әңгімені алдағы болатын күрделі жөндеумен байланыстырып отыр. Жаңа маусым аяқталса, театр 2-3 жылға күрделі жөндеуге жабылады екен.

"Бұл дегеніміз қыруар ақша", - дейді осындағылар. Сондықтан өнер ұжымы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен жүзбе-жүз кездесуді талап етіп отыр.

8458
Кілт сөздер:
Әуезов театры
Тақырып бойынша
"Менің ісім емес екен": Кәсібі бар жұлдыздар туралы не білеміз?
Белгілі ғалым Қоянбаев пен Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды  
"Адам ұрпағымен мың жасайды": Қазақстанның көпбалалы жұлдыздары - фото
"Сантехник болып, трактор айдадым". Әншілер өнерге келмес бұрын не істегенін айтты
"Алланың осы сынақты бергеніне шүкір" Гауһар Әлімбекова түрмеден хат жолдады
Бекжан Тұрыс "Қалаулым" жайлы: Ешкімнің күші жетпейтін не қылған құдірет?
 Болат Аюханов

Алматыда Болат Аюхановтың жетекшілік етуімен жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

47
Әртістер қойылымға дайындықты карантин алдында бастаған. Балет-операсына жетекшілік еткен 82 жастағы балет өнерінің шебері Болат Аюханов қойылымды қайталап қою көрерменге байланысты екенін айтты

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматыда 75 жылдық тарихы бар Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Джузеппе Вердидің музыкасына орындалған бір актілі балетті Қазақстанның мемлекеттік академиялық би театрының әртістері қойды. Қойылымға жетекшілік етіп, хореографиясын қойған адам – балет өнерінің шебері 82 жастағы Болат Аюханов.

Балет сюжеті

Қойылымда Мысыр әскерінің басты жауынгері Рамадес эфиопиялық ханшайым Аидаға ғашық болады. Алайда сол кезде мысырлықтар мен эфиопиялықтар арасында күрес жүріп жатады. Мысыр перғауынының қызы Амнерис ғашықтарды бөлгісі келеді.

Алматыда Аида – сюита  балет-операсының тұсаукесері өтті
© Photo : Наталия Сац атындағы театрдың баспасөз қызметі
Алматыда "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті

Махаббат, кек алу, сатқындық, өлім көрсетілген қойылымға әртістер жыл басынан бері дайындалған.

"Әртістер қойылымға дайындыққа карантин басталмай тұрып кірісті.  Жалпы карантин кедергі келтірді деп айтуға келмейді, алдын ала жоспар құрылды. Қанша уақыт зерттеп, дайындыққа қандай уақыт кететіні белгіленді. Өз жұмысыма көңілім толады, әртістердің жұмысына да ризамын. Ал қойылымды тағы бір рет қою көрерменге байланысты", - деді Аюханов.

Балет – сақтықты қажет ететін өте күрделі мамандық. Әртістер мансабы мен отбасын қатар алып жүруі керек, дейді балет өнерінің шебері.

Сонымен қатар әртістер Морис Равельдің музыкасына қойылған бір актілі "Болеро" балетін орындады.

Көрермен пікірі

Театр залы көрерменге лық толы болды. Залда карантин шаралары толық сақталған, екі адамның арасында екі орын бос тұрады. Көрермендер арасында егде жастағы адамнан бастап, мектеп оқушыларына дейін кездестіруге болады.

"Бұл өнердің өз көрермені бар екені анық. Балетті тамашалауға алғаш рет келіп отырмын. Мазмұны терең шығармалардың бірі болған сияқты, оны да екінің бірі түсіне бермейді. Мен әрең түсіндім. Бұл өнерді түсіну үшін бірнеше рет келіп, қойылымның тарихымен алдын ала танысу керек деген ойдамын", - дейді алматылық Гүлден Жашаралы.

Аида – сюита  балет-операсының тұсаукесері өтті
© Photo : Наталия Сац атындағы театрдың баспасөз қызметі
Алматыда "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті

Алматылық тұрғынның бұл пікірін құрбысы да қолдай кетті. Жастар әртістердің еңбегі зор екенін, премьераның жоғары деңгейде өткенін алға тартты.

"Өте керемет әсер алдым. Қойылымды бастан-аяқ түсіндім деп айта алмаймын. Әдемі өнер екеніне, ептілікті, синхрондықты қажет ететін өнер екеніне көзім жетті. Актерлердің барлығы биік деңгейде өнер көрсетті. Премьера болғандықтан олар үшін де, көрермен үшін де толқитын сәт. Барынша көременге ұнауға тырысып, дайындық нәтижесін жоғары дәрежеде көрсете білді. Аиданың рөлін сомдаған әртіс ерекше көзге түсті", - дейді Ботагөз Асхат.

Жастар қойылым балет өнеріне деген қызығушықты оятқанын айтты.

Театрдың 75-ші маусымы

2020 жылдың 7 қарашасында Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Соған орай театр ұжымын президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтаған болатын.

47
Асанәлі Әшімов

"Атаманның ақыры" фильміне 50 жыл: Тоқаев Асанәлі Әшімовті құттықтады

54
(Жаңартылды 13:02 16.11.2020)
Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Президент кино және театр өнерінің майталман актері, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті миллиондаған көрермен ықыласына бөленген "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуына орай құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы дарынды режиссер Шәкен Аймановтың және үлкен шығармашылық ұжымның бірлескен күш-жігерінің арқасында өмірге келген бұл туындының отандық кино өнері саласында алатын орны айрықша екенін атап өтіп, оны детектив жанрында түсірілген алғашқы фильмнің бірі деп бағалады.

Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған.

"Өзіңіз аталған кинотуындыда чекист Қасымхан Шадияров рөлін өте ғажап сомдап шықтыңыз. Арпалысқа түскен қоғамда жауапты қызметкердің өзіне жүктелген құпия тапсырманы орындау жолындағы батырлық пен қайсарлық танытқан іс-әрекетін шынайы көрсете білдіңіз. Сізді аса көрнекті актер ретінде КСРО ғана емес, бүкіл әлемдік кинематография қауымдастығы мойындады", -  – деп жазылған құттықтау хатта.

Сонымен қатар қазақстандық әйгілі әртістер Елубай Өмірзақов, Нұрмұхан Жантөрин және Алтынай Елеуова да өздері сомдаған рөлдерін үлкен шеберлікпен орындағаны жазылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Халық әртісіне алдағы уақытта да отандық кино мен театр өнерін және халқымыздың рухани байлығын дамыту жолына өз үлесін қосып, елдің айрықша құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірген.

Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асанәлі Әшімовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына құт-береке тіледі.

54
Тақырып бойынша
"Проблема көп": Асанәлі Әшімов өзін қандай мәселе мазалайтынын айтты
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар – фото
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
"Әкең өлді ме?!": Асанәлі Әшімов полицейдің ақшасын алып қойды

Жапонияда гауһар тас пен інжуден жасалған маскалар сатылып жатыр - фото

0
  • Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).
  • Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.
  • Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.
  • Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.
  • Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат  Акойя інжуінен жасалған.
  • Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.
  • Інжуден өрілген маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.
  • Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың? – дейді Токио тұрғындары.
Жапония астанасы Токио қаласындағы дүкендердің бірінде масканың люкс түрлері сатыла бастады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан танымал дүкеннен қазір бетперденің 200-ден астам түрін табуға болады

Mask.com бренді жуырда інжуден жасалған және гауһар таспен көмкерілген қымбат маскалар жасап шығарды. 

Бұл эксклюзивті бетперделердің құны - миллион йен, яғни 9 600 доллар. 

Осылайша жапондық бренд коронавирустан зардап шеккен сән индустриясына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, дейді дүкен иелері. 

Гауһар тасты маскалар 0,7 қаратты асыл таспен және 300-ден астам Сваровски кристалымен көмкерілген, ал інжу бетперделер 330-ға жуық Акойя інжуінен "өрілген". 

Дегенмен, жапондық маска әлемдегі ең қымбат бетперде емес. Израильдік зергер 250 грамм 18 қаратты алтыннан әзірлеген масканың құны - 1,5 миллион доллар.

Самая дорогая защитная маска в мире - инкрустированная бриллиантами золотая маска стоимостью 1,5 миллиона долларов
© AP Photo / Sebastian Scheiner
Әлемдегі ең қымбат алтын масканың құны - 1,5 миллион доллар
0
  • Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).
    © REUTERS / Issei Kato

    Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).

  • Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.
    © REUTERS / Issei Kato

    Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.

  • Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.
    © REUTERS / Issei Kato

    Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.

  • Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.
    © REUTERS / Issei Kato

    Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.

  • Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат  Акойя інжуінен жасалған.
    © REUTERS / Issei Kato

    Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат Акойя інжуінен жасалған.

  • Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.
    © REUTERS / Issei Kato

    Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.

  • Інжуден өрілген маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.
    © REUTERS / Issei Kato

    Інжуден "өрілген" маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.

  • Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың? – дейді Токио тұрғындары.
    © REUTERS / Issei Kato

    Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. "Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың?" – дейді Токио тұрғындары.

Кілт сөздер:
фото