Димаш Құдайберген

Нью-Йорктегі даңқ қабырғасында Димаштың суреті пайда болды

769
19 мың адам сиятын аңызға айналған Barclays Arena стадионында отандасымыз 2019 жылдың 10 желтоқсанда жеке концертін өткізген

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Нью-Йорктегі Barclays Arena-ның жұлдыздар галереясында Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды.

Фото Димаша Кудайбергена появилось на стене славы стадиона Barclay Center в Нью-Йорке
Нью-Йорктегі Barclays Arena-ның жұлдыздар галереясында Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды.

"Арнау туры" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған концертте қазақстандық әнші фотоға түскен. 19 мың адам сиятын аты аңызға айналған стадионда көрермендерге орын жетпей қалған еді, - деп хабарлайды әншінің ресми сайты.

Осы кезге дейін Barclays Arena стадионындағы жұлдыздар галереясында әр жылдары Beyonce, Elton John, Justin Timberlake, Rihanna сияқты танымал өнер жұлдыздарының суреті болған.

Айта кетейік, Barclays Center Arena 2012 жылы Нью-Йоркте ашылған. Бұл жер "Бруклин Нетс" баскетбол командасы мен "Нью-Йорк Айлендерс" хоккей командасының "меншікті алаңы" ретінде әйгілі. Сонымен қатар, мұнда әлем жұртшылығының назарын аударатын сан түрлі спорттық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Тағы оқыңыз: "Солай болып қалды": Димаштың жұмыртқа сатып тұрғаны жайлы видео тарады

Ең алғаш рет Barclays Arena қабырғасында танымал хип-хоп орындаушы Jay-Z суреті бейнеленген.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, ресейлік кәсіпкер Михаил Прохоров 2009-2015 жылдары Barclays Arena-ны шамамен 1,5 миллиард долларға сатып алған. Ал 2019 жылы ол "Бруклин Нетс" командасымен қоса аренаны қытайлық миллиардер Джозеф Цайға шамамен 2,35 миллиард долларға сатып жіберген.

769
Кілт сөздер:
Нью-Йорк, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген Қазан әуежайын дүрліктірді - видео
Димаш Қытайда коронавирустың таралуына байланысты жанкүйерлеріне сөз арнады
Танымал ресейлік блогер ұлына "Димаш" деп ат қойды    
"Бір адамның "тапсырысы": Крутой Димаш жайлы қауесеттерге жауап берді
Ақ батаңызды бердіңіз - Димаш Бибігүл Төлегеноваға алғыс айтты
 Болат Аюханов

Алматыда Болат Аюхановтың жетекшілік етуімен жаңа қойылымның тұсаукесері өтті

62
Әртістер қойылымға дайындықты карантин алдында бастаған. Балет-операсына жетекшілік еткен 82 жастағы балет өнерінің шебері Болат Аюханов қойылымды қайталап қою көрерменге байланысты екенін айтты

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматыда 75 жылдық тарихы бар Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Джузеппе Вердидің музыкасына орындалған бір актілі балетті Қазақстанның мемлекеттік академиялық би театрының әртістері қойды. Қойылымға жетекшілік етіп, хореографиясын қойған адам – балет өнерінің шебері 82 жастағы Болат Аюханов.

Балет сюжеті

Қойылымда Мысыр әскерінің басты жауынгері Рамадес эфиопиялық ханшайым Аидаға ғашық болады. Алайда сол кезде мысырлықтар мен эфиопиялықтар арасында күрес жүріп жатады. Мысыр перғауынының қызы Амнерис ғашықтарды бөлгісі келеді.

Алматыда Аида – сюита  балет-операсының тұсаукесері өтті
© Photo : Наталия Сац атындағы театрдың баспасөз қызметі
Алматыда "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті

Махаббат, кек алу, сатқындық, өлім көрсетілген қойылымға әртістер жыл басынан бері дайындалған.

"Әртістер қойылымға дайындыққа карантин басталмай тұрып кірісті.  Жалпы карантин кедергі келтірді деп айтуға келмейді, алдын ала жоспар құрылды. Қанша уақыт зерттеп, дайындыққа қандай уақыт кететіні белгіленді. Өз жұмысыма көңілім толады, әртістердің жұмысына да ризамын. Ал қойылымды тағы бір рет қою көрерменге байланысты", - деді Аюханов.

Балет – сақтықты қажет ететін өте күрделі мамандық. Әртістер мансабы мен отбасын қатар алып жүруі керек, дейді балет өнерінің шебері.

Сонымен қатар әртістер Морис Равельдің музыкасына қойылған бір актілі "Болеро" балетін орындады.

Көрермен пікірі

Театр залы көрерменге лық толы болды. Залда карантин шаралары толық сақталған, екі адамның арасында екі орын бос тұрады. Көрермендер арасында егде жастағы адамнан бастап, мектеп оқушыларына дейін кездестіруге болады.

"Бұл өнердің өз көрермені бар екені анық. Балетті тамашалауға алғаш рет келіп отырмын. Мазмұны терең шығармалардың бірі болған сияқты, оны да екінің бірі түсіне бермейді. Мен әрең түсіндім. Бұл өнерді түсіну үшін бірнеше рет келіп, қойылымның тарихымен алдын ала танысу керек деген ойдамын", - дейді алматылық Гүлден Жашаралы.

Аида – сюита  балет-операсының тұсаукесері өтті
© Photo : Наталия Сац атындағы театрдың баспасөз қызметі
Алматыда "Аида – сюита " балет-операсының тұсаукесері өтті

Алматылық тұрғынның бұл пікірін құрбысы да қолдай кетті. Жастар әртістердің еңбегі зор екенін, премьераның жоғары деңгейде өткенін алға тартты.

"Өте керемет әсер алдым. Қойылымды бастан-аяқ түсіндім деп айта алмаймын. Әдемі өнер екеніне, ептілікті, синхрондықты қажет ететін өнер екеніне көзім жетті. Актерлердің барлығы биік деңгейде өнер көрсетті. Премьера болғандықтан олар үшін де, көрермен үшін де толқитын сәт. Барынша көременге ұнауға тырысып, дайындық нәтижесін жоғары дәрежеде көрсете білді. Аиданың рөлін сомдаған әртіс ерекше көзге түсті", - дейді Ботагөз Асхат.

Жастар қойылым балет өнеріне деген қызығушықты оятқанын айтты.

Театрдың 75-ші маусымы

2020 жылдың 7 қарашасында Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Соған орай театр ұжымын президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтаған болатын.

62
Асанәлі Әшімов

"Атаманның ақыры" фильміне 50 жыл: Тоқаев Асанәлі Әшімовті құттықтады

54
(Жаңартылды 13:02 16.11.2020)
Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Президент кино және театр өнерінің майталман актері, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті миллиондаған көрермен ықыласына бөленген "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуына орай құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы дарынды режиссер Шәкен Аймановтың және үлкен шығармашылық ұжымның бірлескен күш-жігерінің арқасында өмірге келген бұл туындының отандық кино өнері саласында алатын орны айрықша екенін атап өтіп, оны детектив жанрында түсірілген алғашқы фильмнің бірі деп бағалады.

Президенттің құттықтау хатында "Атаманның ақыры" фильмі тарихи деректерге негізделген шытырман оқиғаларға толы екені, сол заманның өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, елді қорғау үшін жанқиярлықпен күресуге тәрбиелегені туралы айтылған.

"Өзіңіз аталған кинотуындыда чекист Қасымхан Шадияров рөлін өте ғажап сомдап шықтыңыз. Арпалысқа түскен қоғамда жауапты қызметкердің өзіне жүктелген құпия тапсырманы орындау жолындағы батырлық пен қайсарлық танытқан іс-әрекетін шынайы көрсете білдіңіз. Сізді аса көрнекті актер ретінде КСРО ғана емес, бүкіл әлемдік кинематография қауымдастығы мойындады", -  – деп жазылған құттықтау хатта.

Сонымен қатар қазақстандық әйгілі әртістер Елубай Өмірзақов, Нұрмұхан Жантөрин және Алтынай Елеуова да өздері сомдаған рөлдерін үлкен шеберлікпен орындағаны жазылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Халық әртісіне алдағы уақытта да отандық кино мен театр өнерін және халқымыздың рухани байлығын дамыту жолына өз үлесін қосып, елдің айрықша құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірген.

Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асанәлі Әшімовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына құт-береке тіледі.

54
Тақырып бойынша
"Проблема көп": Асанәлі Әшімов өзін қандай мәселе мазалайтынын айтты
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар – фото
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
"Әкең өлді ме?!": Асанәлі Әшімов полицейдің ақшасын алып қойды
 Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс

Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті жекпе-жектің толық видеосы

716
(Жаңартылды 12:52 29.11.2020)
Аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегі бүгін қазақстандық уақыт бойынша таңертең АҚШ-та өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Атақты америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс Лос-Анджелесте Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек "Аңыздар шайқасы" кешінің басты оқиғасы болды. Көптен күткен кездесу ерекше регламент бойынша өтті - әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды. 

Айта кетсек, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған еді. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

716
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек