Мәдениет

"Абай" сериалы түрік арнасынан көрсетіледі

© Photo : Пресс-служба телеканала "Қазақстан"Кадр из сериала "Абай" производства телеканала "Қазақстан"
Кадр из сериала Абай производства телеканала Қазақстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлы ақынның 175 жылдығына орай шыққан "Абай" туындысы 6 сериядан тұрады. Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы негізінде түсірілген

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан — Sputnik. Биыл желтоқсан айында экранға шыққан қазақстандық тарихи "Абай" сериалы түрік арнасынан көрсетіледі.

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай түсірілген "Абай" туындысы 6 сериядан тұрады. Ол ойшыл өмірінің үш кезеңін қамтиды. Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы негізінде түсірілген.

Басты рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Абдылманов сомдады. Жоба режиссері - Мұрат Бидосов.

Qazaqstan ұлттық телеарнасы мен TRT AVAZ түрік мемлекеттік арнасы арасында жобаны сату жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек, туынды орыс және ағылшын тілдеріне аударылады.

Бұған дейін Абайдың 175 жылдығына орай Қазақстанда үш деректі фильм мен бір қысқаметражды кино көрерменге жол тартатыны хабарланған болатын. 

Жуырда астанада жаңа театр "Абай-Тоғжан" спектаклі премьерасымен ашылды.

Жаңалықтар
0