Мәдениет

Нұр-Сұлтанда бірегей көрме ашылды

© Photo : Российский центр науки и культуры в Нур-СултанеРоссийский центр науки и культуры в Нур-Султане завершил сезон праздничным концертом и выставкой к 200-летию Ф.М. Достоевского
Российский центр науки и культуры в Нур-Султане завершил сезон праздничным концертом и выставкой к 200-летию Ф.М. Достоевского - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрме 2021 жылы бүкіл әлемде кеңінен аталып өтетін Достоевскийдің 200 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар топтамасын ашты  

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда орыс жазушысы Федор Достоевскийдің 200 жылдығына арналған көрме ашылды. Оны Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы Санкт-Петербургтегі Достоевский мемориалдық музейімен бірлесіп ұйымдастырды.

Экспозиция 16 қаңтарға дейін барлық келушіге ашық болады, кіру тегін, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға РҒМО баспасөз қызметі.  

© Photo : Российский центр науки и культуры в Нур-СултанеНұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы маусымды Ф.М.Достоевскийдің 200 жылдығына арналған мерекелік концертпен және көрмемен аяқтады
Нұр-Сұлтанда бірегей көрме ашылды - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы маусымды Ф.М.Достоевскийдің 200 жылдығына арналған мерекелік концертпен және көрмемен аяқтады

Көрме 2021 жылы 200 жылдық мерейтойы бүкіл әлемде кеңінен аталып өтетін Федор Михайлович Достоевскийдің мерейтойына арналған іс-шаралар топтамасын ашты.

© Photo : Российский центр науки и культуры в Нур-СултанеНұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы маусымды Ф.М.Достоевскийдің 200 жылдығына арналған мерекелік концертпен және көрмемен аяқтады
Нұр-Сұлтанда бірегей көрме ашылды - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы маусымды Ф.М.Достоевскийдің 200 жылдығына арналған мерекелік концертпен және көрмемен аяқтады

Көрменің ашылуына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы №3 мектеп-гимназияның оқушысы Аракелян Елизавета Ф.М.Достоевскийдің әңгімесін арнайы видеоға жазды, ол жақын арада "Вслух" жобасы аясында аудиокітап форматында ұсынылады.  

© Photo : Российский центр науки и культуры в Нур-СултанеНұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы маусымды Ф.М.Достоевскийдің 200 жылдығына арналған мерекелік концертпен және көрмемен аяқтады
Нұр-Сұлтанда бірегей көрме ашылды - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы маусымды Ф.М.Достоевскийдің 200 жылдығына арналған мерекелік концертпен және көрмемен аяқтады

Көрмеге негізінен Санкт-Петербургтің талантты суретшілері Ника Велегжанинова мен Игорь Князевтің суреттері қойылды.

"Шын мәнінде, мұнда "Қылмыс пен жаза","Нақұрыс", "Ағайынды Карамазовтар", "Ойыншы" сияқты Достоевскийдің ең әйгілі шығармалары суретпен сипатталады ", - деді РҒМО мәдени бағдарламаларының үйлестірушісі Ольга Скальчук.

Көрмені кім аралап үлгерді

"Достоевские раскраски" интерактивті көрмесінің алғашқы келушілері 24 желтоқсанда Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында өткен "Шырша жанындағы Жаңа жылдық кеш" концертінің көрермендері болды.

© Photo : Российский центр науки и культуры в Нур-СултанеНұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы маусымды Ф.М.Достоевскийдің 200 жылдығына арналған мерекелік концертпен және көрмемен аяқтады
Нұр-Сұлтанда бірегей көрме ашылды - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы маусымды Ф.М.Достоевскийдің 200 жылдығына арналған мерекелік концертпен және көрмемен аяқтады

Тыңдармандар алдында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік филармониясының және "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солистері өнер көрсетті.   

Жаңалықтар
0