Мәдениет

Майра Мұхамедқызы жаңа қызметке тағайындалды

© Photo : Пресс-служба театра "Астана Опера"Майра Мұхамедқызы
Майра Мұхамедқызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Майра Мұхамедқызы Париждегі "Гранд Опера" театрының Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі, Вашингтонның ұлттық опера театрының сахнасында өнер көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкентте опера және балет театрының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды", - делінген хабарламада.

Майра Мұхамедқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет", "Отан" ордендерінің иегері, "Тарлан" сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Париждегі "Гранд Опера" театрының Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі. Сонымен қатар, ол Вашингтонның ұлттық опера театрының сахнасында өнер көрсеткен.

Тағы оқыңыз: Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт қызметкерлерін марапаттады

Майра Мұхамедқызы 1969 жылы 9 мамырда Қытайда дүниеге келді. Бейжің ұлттар университетінің музыка факультетін және Пекин консерваториясын бітірген.

Жаңалықтар
0