Мәдениет

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті қалай өтті

© Photo : Dimashnews.comОнлайн-концерт Димаша Кудайбергена посмотрели поклонники в ста странах мира
Онлайн-концерт Димаша Кудайбергена посмотрели поклонники в ста странах мира - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"DIMASH DIGITAL SHOW" әлемдік пандемия басталғаннан бері әншінің алғашқы жаһандық концерті болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концертін әлемнің 100-ден астам еліндегі көрермендер тамашалады.

TIXR америкалық стримингтік платформада ұйымдастырылған онлайн-формат әлемнің түкпір-түкпіріндегі фанаттарға концертті үйден шықпай-ақ көруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды dimashnews.com.

Стримингтік платформа өкілдерінің айтуынша, алғаш рет шетелдік әншінің концертіне билет сату осындай жоғары көрсеткішке жеткен.

© Photo : Dimashnews.comДимаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті қалай өтті - Sputnik Қазақстан
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті

Порталдың хабарлауынша, концерттің онлайн-чаты бір секундқа да саябырсыған жоқ, барлық жанкүйер сүйікті әртісін қайта көргеніне өте қуанды. Шоу барысында Димаш Құдайберген 6 тілде ән шырқады: қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс тілі. Сондай-ақ, ол жаңа әндер ұсынды, оның ішінде әнші өзі жазған композициялар бар.

"Менің алғашқы онлайн-концертіме қатысып, қолдау көрсеткендердің барлығына үлкен рахмет айтамын. Пандемия бізді ұзақ уақыт бойы жүздестірмегені өте өкінішті, сондықтан мен бүгін сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Мен сіздерді көрмесем де, қолдауды сезіндім. Сіздер әрқашан мені шабыттандырасыздар және жаңа жетістіктерге күш бересіздер. Бүгінгі шоуды толық тамашаладыңыздар деген сенімдемін. Біз сіздермен жақын арада кездесеміз деп үміттенемін!", - деді әнші концерттен кейін.

© Photo : Dimashnews.comДимаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті қалай өтті - Sputnik Қазақстан
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті

Еске сала кетейік, Димаштың онлайн-концертін 16-23 қаңтар аралығында көруге мүмкіндік бар. Концерттің дайындық жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған билет сатылымы шоу аяқталғаннан кейін қайта басталды.

Жаңалықтар
0