Қасым-Жомарт Тоқаев

"Бұл әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той": Тоқаев желіде жазба жариялады

5725
(Жаңартылды 09:51 09.02.2021)
Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан — Sputnik. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той", - деп атап өтті президент.

Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Ақынның азан қойып шақырған аты — Мұхаметқали. Бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен.

Ақынның әйелі не үшін өкінді: Мұқағали Мақатаев туралы қызықты деректер

Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан. Бұдан кейін 1964-76 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көреді. Бүгінде ақыннан 1 000-нан астам өлең мен поэма қалды. Ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала — Әкітай" өлеңдері 1949 жылы "Советтік шекара" газетінде басылып шықты. Бұдан кейін 1951 жылы "Інімнің ойы", "Шебер" өлеңдері "Жастық жыры" атты жинаққа енді.

Мұқағали Мақатаев поэма мен поэзиядан бөлек, аударма да жасаған.

Ақын 1976 жылдың 27 наурызында бауыр циррозы ауруынан көз жұмды.  
  

5725
Кілт сөздер:
ақын, Қасым-Жомарт Тоқаев, Мұқағали Мақатаев
Тақырып бойынша
Фариза Оңғарсынова туралы не білеміз?
"Өз жаназасын өзі шығарды": Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы деректер
Мұқағали Мақатаев туралы көркем фильм түсіріліп жатыр
Иманғали Тасмағамбетов, архивтегі сурет

Тасмағамбетов Ұлттық музейге ерекше сый жасады: ол несімен құнды

1966
(Жаңартылды 17:04 06.03.2021)
Тарихи жәдігер Атырау, Маңғыстау өңіріне тән қолөнер дәстүрінде жасалған және уақыты жағынан ХVIII ғасырға жатқызуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ұлттық музейге құнды тарихи жәдігер – ер сыйлады, деп хабарлайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ (@nationalmuseumkz)

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Иманғали Тасмағамбетовке ерекше сый үшін алғыс айтты.

Sputnik Қазақстан Ұлттық музейден тарихи жәдігердің несімен құнды екенін анықтады.

Ер – атқа мінуге арналған ат әбзелдерінің негізгі элементі. Ал ер-тұрман, ер-тоқым – қажетті жабдықтардың жиынтық атауы.

Ердің белгілі бір өңірде таралған түрлерін қазақ руларының атауымен байланыстырады: "адай ері", арғын ері", "алтай ері", "дулат ері", "керей ері", үйсін ері".

Ал Тасмағамбетов Ұлттық музейге ел ішінде Адай ері деген атаумен белгілі ақбас ерін сыйға тартты.

"Құнды тарихи жәдігер Атырау, Маңғыстау өңіріне тән қолөнер дәстүрінде жасалған және уақыты жағынан ХVIII ғасырға тән", - деді Sputnik Қазақстанға Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.

Ақбас ері әдемі көмкерілген, алдыңғы және артқы бөлігі сүйекпен әшекейленген. Тасмағамбетов тарту еткен жәдігер жақсы сақталған, деп атап өтті музейден.

Адай руында ердің бұл түрі өте кең таралған. Қырынан қарағанда ер-тоқымның бейнесі жас қозыға ұқсайды. Кіші жүздің қозықұйрығын айтып, көрсетіп кеткен адамның бірі – академик, археолог, тарихшы Әлкей Марғұлан.

Материал ретінде ағаш, сүйек, металл, тері, күміс қолданылған, деді "Шежіре" көне жәдігерлерді зерттеу қауымдастығының төрағасы Сырым Хасенов.

"Техникалық, көркем безендірілуіне қарасақ, бұл ер Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның дәуірінде қолданылған болуы мүмкін. Ат әбзелі Атырау, Маңғыстау өңірлеріне тән қолөнер дәстүрінде жасалған, оны XVIII ғасырдың 50-60 жылдарына жатқызуға болады. Сол себепті бұл бұйымның тарихи құндылығы өте жоғары", - деді зерттеуші.

Еске сала кетсек, Қазақстанның батысы  – Тасмағамбетовтің туған жері. Иманғали Нұрғалиұлы 1956 жылы 9  желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген. Бірнеше кітаптың авторы, оның ішінде "Орталық Азия зергер-шеберлерінің бұйымдары" атты еңбегі бар.

1966
Кілт сөздер:
сыйлық, Иманғали Тасмағамбетов
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке барды

Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке барды

20
Дипломаттар Кеңес Одағы батырының ескерткішіне гүл қойып, мектептегі Бауыржан Момышұлына арналған музей экспозициясымен танысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев бастаған елшілік делегациясы Мәскеудегі жалпы білім беретін Бауыржан Момышұлы атындағы №1912 орта мектепте болып қайтты, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

© Photo : Пресс-служба Министерства иностранных дел Казахстана
Ермек Көшербаев ұстаздар және оқушыларға қазақ батырына құрмет көрсеткені үшін алғыс айтты

Еске алу салтанатты шарасы кезінде дипломаттар мектеп ауласында орналасқан Кеңес Одағы батырының ескерткішіне гүл қойып, білім ордасындағы Бауыржан Момышұлы мен панфиловшылар дивизиясына арналған музей экспозициясымен танысты.

"Ермек Көшербаев ұстаздар және оқушылармен кездесу барысында қазақ батырына көрсетілген құрметке алғыс айтып, бүгінгі бейбіт өмір қандай үлкен күреспен келгенін ұмытпауға шақырды. Дипломат еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанын құрбан еткен ата-бабаны үлгі етіп, келер ұрпақты батырлық рухында тәрбиелеудің маңызын еске салды", - деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал мектеп директоры Андрей Курсаков соғыс батырларының есімін ұлықтау бойынша қазақстандық әріптестермен өзара іс-әрекеттердің маңызы жайлы айтып берді.

Батырдың туғанына 110 жыл толуына орай тәжірибе және материал алмасу бойынша онлайн-конференция өткізілген. Ведомствода атап өткендей, музей экспозициясын цифрландырып, оны онлайн тамашалау мүмкіндігін қамтамасыз ету және Мәскеу үшін шайқастың 80 жылдығын атап өту аясында қазақстандық оқушылармен телекөпір ұйымдастыру жоспарда бар.

Сегізінші сынып оқушысы Евгений Воробьевтің айтуынша, Бауыржан Момышұлының өмірі туралы музей мен семинарларға басқа мектептің оқушылары жиі қатысады.

© Photo : Пресс-служба министерства иностранных дел Казахстана
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке барды

"Мен Момышұлының болмысына қызығамын. Ол біртуар әскери адам және қоғам қайраткері болған. Оның "Момышұлы шиыршығы" атты соғыс жүргізу әдісіне кеңестік қолбасшы Константин Рокосовскийден бөлек, қарсылас неміс генералы Эрих Гепнер де жоғары баға берген", - деді оқушы.

Жеңістің 65 жылдығы мен батырдың 100 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ұсынысы бойынша 2010 жылы Мәскеудегі 1912 мектепке Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

Дәл осы мектепке батырдың есімі берілуі де тектен-тек емес. Жақын маңда орналасқан Крюков аулының жанында 1941 жылы Мәскеуді қорғау бойынша қиян-кескі ұрыс жүрді. Дәл осы шайқаста құрамында Момышұлы болған Панфилов дивизиясының жауынгерлері ерен ерлік жасады.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің ықпал етуімен мектепте Момышұлы музейі ашылып, батырдың қола мүсіні орнатылды.

20
Иллюстративті фото

Түркістан облысында 8 наурыз қарсаңында үшем дүниеге келді

2735
Үш қызды дүниеге әкелген 34 жастағы көпбалалы ананың үйінде тағы екі ұлы мен екі қызы асыға күтіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз –  Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында үш қызды дүниеге әкелді.

Шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Бүгінде нәрестелерді №1 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері бақылауға алған, деп хабарлады Otyrar.kz.

"Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұлым мен екі қызым асыға күтіп отыр. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс", – дейді көпбалалы ана.

Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.

Ақ халаттылардың біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтарды анасы бауырына басты. Себебі жеті жарым айлық нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымаған, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?

Айта кетейік, жыл басынан бері орталықта 1571 бала дүние есігін ашқан. Олардың 38-і егіз болса, екеуі үшем.

2735
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, үшем
Тақырып бойынша
"Өтірік айтасың деп сенбеді": алты баланың анасы атанған 23 жастағы келіншектің әңгімесі
Депутат бес жылдан кейін бала туатын әйелдер санының азаятынын айтты
Түркістан облысында 23 жастағы келіншек алты баланы дүниеге әкелді
Нұр-Сұлтанда егіздер мен үшемдер көбейді
Нұр-Сұлтанда жаңа туған нәрестеге жиі қойылған есімдер жарияланды
25 жасында көпбалалы ана атанды: Маңғыстауда төртем дүниеге келді