Мәдениет

Танымал қазақ актері басшылық қызметке тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Көпшілікке "Бәйтерек" тобының құрамында әнші ретінде танылған Нұркен Өтеуіл музыкалық драма театрда директордың орынбасары болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Танымал актер әрі әнші Нұркен Өтеуіл Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Нұркен Өтеуіл Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры директорының шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Нұркен Әшімханұлы Өтеуіл 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шошанай ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты "Драма және кино актері" бөлімінде  ҚР халық әртісі Кәукен Кенжетаев пен Есім Сегізбаевтың шеберханасында білім алған.

Танымал қазақ актері басшылық қызметке тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Актер Нұркен Өтеуіл

1998 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында қызмет етеді. Нұркен Өтеуіл – Қазақстанның жастар одағы сыйлығының (2000), "Дарын" жастар сыйлығының (2006), Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлығының (2012) иегері.

Өтеуіл "Бәйтерек" тобының құрамында әнші ретінде танылды.  

Жаңалықтар
0