Мәдениет

Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке барды

© Photo : Пресс-служба министерства иностранных дел КазахстанаПосол Казахстана посетил московскую школу имени Бауыржана Момышулы
Посол Казахстана посетил московскую школу имени Бауыржана Момышулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
Дипломаттар Кеңес Одағы батырының ескерткішіне гүл қойып, мектептегі Бауыржан Момышұлына арналған музей экспозициясымен танысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев бастаған елшілік делегациясы Мәскеудегі жалпы білім беретін Бауыржан Момышұлы атындағы №1912 орта мектепте болып қайтты, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

© Photo : Пресс-служба Министерства иностранных дел КазахстанаЕрмек Көшербаев ұстаздар және оқушыларға қазақ батырына құрмет көрсеткені үшін алғыс айтты
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Ермек Көшербаев ұстаздар және оқушыларға қазақ батырына құрмет көрсеткені үшін алғыс айтты

Еске алу салтанатты шарасы кезінде дипломаттар мектеп ауласында орналасқан Кеңес Одағы батырының ескерткішіне гүл қойып, білім ордасындағы Бауыржан Момышұлы мен панфиловшылар дивизиясына арналған музей экспозициясымен танысты.

"Ермек Көшербаев ұстаздар және оқушылармен кездесу барысында қазақ батырына көрсетілген құрметке алғыс айтып, бүгінгі бейбіт өмір қандай үлкен күреспен келгенін ұмытпауға шақырды. Дипломат еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанын құрбан еткен ата-бабаны үлгі етіп, келер ұрпақты батырлық рухында тәрбиелеудің маңызын еске салды", - деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал мектеп директоры Андрей Курсаков соғыс батырларының есімін ұлықтау бойынша қазақстандық әріптестермен өзара іс-әрекеттердің маңызы жайлы айтып берді.

Батырдың туғанына 110 жыл толуына орай тәжірибе және материал алмасу бойынша онлайн-конференция өткізілген. Ведомствода атап өткендей, музей экспозициясын цифрландырып, оны онлайн тамашалау мүмкіндігін қамтамасыз ету және Мәскеу үшін шайқастың 80 жылдығын атап өту аясында қазақстандық оқушылармен телекөпір ұйымдастыру жоспарда бар.

Сегізінші сынып оқушысы Евгений Воробьевтің айтуынша, Бауыржан Момышұлының өмірі туралы музей мен семинарларға басқа мектептің оқушылары жиі қатысады.

© Photo : Пресс-служба министерства иностранных дел КазахстанаҚазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке барды
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке барды

"Мен Момышұлының болмысына қызығамын. Ол біртуар әскери адам және қоғам қайраткері болған. Оның "Момышұлы шиыршығы" атты соғыс жүргізу әдісіне кеңестік қолбасшы Константин Рокосовскийден бөлек, қарсылас неміс генералы Эрих Гепнер де жоғары баға берген", - деді оқушы.

Жеңістің 65 жылдығы мен батырдың 100 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ұсынысы бойынша 2010 жылы Мәскеудегі 1912 мектепке Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

Дәл осы мектепке батырдың есімі берілуі де тектен-тек емес. Жақын маңда орналасқан Крюков аулының жанында 1941 жылы Мәскеуді қорғау бойынша қиян-кескі ұрыс жүрді. Дәл осы шайқаста құрамында Момышұлы болған Панфилов дивизиясының жауынгерлері ерен ерлік жасады.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің ықпал етуімен мектепте Момышұлы музейі ашылып, батырдың қола мүсіні орнатылды.

Жаңалықтар
0