Майра Мұхамедқызы

Қазақстандық опера әншісі халықаралық сыйлықпен марапатталды

4540
(Жаңартылды 15:50 04.04.2021)
Майра Мұхамедқызының айтуынша, жыл соңына қарай Тасқын Жармұқаметтің "Домалақ ана" операсын Париж сахнасында қою жоспарланған

Нұр-Сұлтан, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі "Үлкен операның" алғашқы қазақстандық солисті Майра Мұхамедқызы халықаралық BraVo сыйлығымен марапатталды. Ал салтанатты шара Мәскеудегі Үлкен театрда өтті.

Бұл марапат халықаралық кәсіби қазылар алқасының берген бағасы ретінде қабылданады және ол классикалық музыканың әлемге әйгілі ресейлік және шетелдік орындаушыларына беріледі.

Өткен жылы пандемияға байланысты бұл рәсім өтпей қалған. Ал соңғы екі жылда айтарлықтай жетістіктерге жеткен өнерпаздар марапатталды. Бұған дейін опера әншісі Салтанат Ахметова мен әнші Данэлия Төлешова Қазақстан атынан өнер көрсеткен.

"Қазақстан әлемге таңғажайып таланттарды сыйлады. Біз бүгін мұнда Шымкенттің опера және балет театрының алғашқы әйел-жетекшісін қабылдағанымызға өте қуаныштымыз. Енді біздің қатарымызда опера және балет театрының директор-әншісі бар. Бұл өте құрметті әрі Майра Мұхамедқызын осы жеңісімен құттықтаймыз", – деді BraVo сыйлығының атқарушы продюсері Юрий Андрейчук.

Майра Мұхамедқызы қазір композитор Тасқын Жармұқаметтің "Домалақ ана" операсымен жұмыс істеп жүр. Оны Шымкенттің визит картасына айналдыру көзделіп отыр. Ал әншінің айтуынша, қойылымды осы жылдың соңында Париж сахнасында қою жоспарланған.

Опера әншісі онда басты рөлді ойнап қана қоймай, оны құрудың идеялық шабыттандырушысы болды.

"Бізді қазірдің өзінде Германия, Лондон, Парижге шақырып жатыр. Бірақ біз карантиннің аяқталуын күтіп жүрміз. Менің ойымша, карантин жақын арада аяқталады және театрымыз ашылады. Сөйтіп, "Домалак Ана" барлық жерде естілетін күнді асыға күтудеміз", – деді ол.

Оқи отырыңыз: "Грэмми – 2021" сыйлығын табыстау рәсімі қалай өтті – фото

Айта кетейік, BraVo сыйлығымен марапаттау рәсіміне әр жылдары Хосе Каррерас, Анна Нетребко, Денис Мацуев, Владимир Спиваков және Жапония, Қытай, Корея мен ТМД елдерінен классикалық орындаушылары қатысқан.

4540
Кілт сөздер:
марапаттау, өнер, Майра Ілиясова
Тақырып бойынша
Меруерт Түсіпбаева Назарбаевтың қолынан қандай марапат алғанын айтып берді
Қазақ пен қытайдың достығы жайлы фильм АҚШ-та бірнеше марапат алды
Ақтөбелік әнші Рим Папасының қолынан марапат алады
Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапат алды
"Қарызын неге өтемейді?": Сайрагүл Сауытбайдың марапат алғаны Қытай елшісінің ашуына тиді
Иманбек Зейкенов

"Хит болады": Иманбектің шетелдік жұлдыздармен бірлесе жазған жаңа әні шықты

6037
(Жаңартылды 16:59 10.04.2021)
Ақсулық диджей танымал музыканттармен бірлескен шығармашылық жұмысының нәтижесін жариялады

НҰР-СҰЛТАН - 10 сәуір, Sputnik. "Грэмми" сыйлығының жеңімпазы диджей Иманбек Зейкенов жанкүйерлеріне Шон Пол (Sean Paul) және София Рейеспен бірлесе жазған жаңа туындыны ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

48 жастағы ямайкалық орындаушы Шон Пол да Иманбек Зейкенов сияқты беделді "Грэмми" музыкалық сыйлығының иегері. Ол 2003 жылы әндері әлемдегі ең танымал радиостанциялардан көп берілетін орындаушы болып танылған.

София Рейес - поп-латын, поп-рок, кантри, R&B жанрларында өнер көрсететін мексикалық-америкалық композитор, актриса әрі әнші.

"Қауіпті! @Duttypaul мен @sofiareyes-пен бірге жаңа синглді қабыл алыңыздар", - деп жазды Иманбек.

Бұл жазбаға желі қолданушылары мыңға жуық пікір қалдырды. "Бұл ән жаңа хит болады", "Ырғақ жүрек соғысы іспетті, сондықтан болар сіздің шығармашылығыңыз бәріне ұнайды", "Алға, жерлес", "Жоғары деңгейде", - деп жазды оның жанкүйерлері.

Оқи отырыңыз: Теміржолшыдан "Грэмми" жеңімпазына дейін: Imanbek қалай тарихқа енді – видео

Естеріңізге салсақ, ақсулық диджей Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek) "Грэмми" музыкалық сыйлығын жеңіп алған болатын. Ол осы әлемдік музыкалық сыйлыққа ие болған алғашқы қазақстандық атанды.

Иманбек SAINt JHN (Карлос Сент-Джон) орындайтын Roses әніне ремикс жазып, бүкіл Қазақстанға және әлемге танылды. Трек әлемдік хит-парадтарда бірінші орынға шығып, ең танымал әуендердің біріне айналды. Композиция YouTube-те 234 миллионнан астам қаралым жинады.

Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында Иманбек ремиксті кездейсоқ жазғанын айтқан болатын. Теміржолдағы жұмысынан кейін ол ноутбугында тәжірибе жасап, музыканы екі сағаттың ішінде жасаған.   

6037
Кілт сөздер:
хит ән, Иманбек Зейкенов
Тақырып бойынша
Иманбек өз табысы мен маска киген "сыңары" туралы айтты
Иманбектің әкесіне медаль табысталды
"Грэмми – 2021" сыйлығын табыстау рәсімі қалай өтті – фото
Ақсуда Иманбек Зейкеновті қызыл кілеммен қарсы алды – видео
Нұрлан Әлімжанов

Нұрлан Әлімжанов басшылық қызметке тағайындалды

5576
(Жаңартылды 14:04 19.03.2021)
Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасына жаңа басшы келді, ол экс-депутат Нұрлан Әлімжанов

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Мәжілістің бұрынғы депутаты, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне елорданың мәдениет басқармасының баспасөз қызметі растады.

"Иә, рас. Бүгіннен бастап тағайындалды", - деді басқармадағылар.

Нұрлан Әлімжанов 2019 жылы жазда мәжіліске депутат болып келді.

Ол 1984 жылы 29 сәуірде өмірге келді. Белгілі театр және кино әртісі, сазгер және орындаушы, тележүргізуші. "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады. 2013 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алды.

2021 жылы 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Алайда Әлімжанов төменгі палатаның жаңа құрамына енген жоқ.

2021 жылы қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Сыдықов бес жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында шенеуніктің мердігерден 10 миллион теңге пара алғаны анықталды.

Сыдықов мәдениет басқармасының басшысы болып 2019 жылы тамызда тағайындалды. 2020 жылы маусымда оның қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.

5576
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0