Мәдениет

Шынайы оқиғаға негізделген: Қарағандыда фильм түсірілімі басталды

© REUTERS / YONHAP NEWS AGENCYМедик в защитном костюме ловит снежинки на улице в перерыве смены в больнице с коронавирусом
Медик в защитном костюме ловит снежинки на улице в перерыве смены в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Жазылу
Жоба авторлары өмірден алынған шынайы деректерге сүйене отырып коронавирус індеті туралы көркем туынды жасауға ниетті

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қарағандыда еліміздегі коронавирус инфекциясының қалай басталғаны жайлы баяндайтын "Бірінші толқын" атты фильмнің түсірілімі басталды, деп хабарлайды eKaraganda.

Фильм нақты оқиғаларға негізделген. Туындыда қызметінде жүріп беймәлім вируспен алғаш бетпе-бет келген қарапайым қарағандылықтар - дәрігерлер, полиция қызметкерлері, еріктілер, ата-аналар мен олардың балалары туралы баяндалады. Түсірілім халық көп шоғырланған Қарағанды ​​облысының Майқұдық ауданында өтеді. Сюжетке еліміздегі COVID-19 бірінші толқынының басталуы мен аяқталуы арқау болған.

Сәрсенбі күні топ дәстүр бойынша қолтаңбалары бар табақшаны сындырып түсірілімді бастап кетті.    

Оқи отырыңыз: Бұл италиялық сценарий емес – ресейлік дәрігер Қазақстандағы жағдай туралы

Фильм актерлері - Қарағанды ​​облысының тұрғындары, оның ішінде кәсіби актерлер де бар. Фильм продюсері -   Saryarqa телеарнасы басшысының орынбасары Жәнібек Садықанов. Ол фильм сценариін Дмитрий Белугинмен бірлесе жазды. Режиссері -  Арман Әлімжанов. Туындының концепциялық нобайын қарағандылық суретші, фильмнің суретші-дизайнері Еркебұлан Молдабеков жасайды.

Жаңалықтар
0