Мәдениет

Самал Есләмова Ресейде үздік актриса атанды

© Sputnik / Тимур БатыршинСамал Еслямова
Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Қазақстандық актриса Самал Есләмова 2018 жылы ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильміндегі рөлі үшін Канн кинофестивалінде лауреат атанған болатын

АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстандық актриса Самал Есләмова "Ника" сыйлығы бойынша үздік актриса атанды, деп хабарлады Риа Новости.

Дәл осы номинация санатына Юлия Высоцкая, Чулпан Хаматова, Виктория Мирошниченко, Леонид Ярмольник пен Александр Паль де енген.

Ресейлік "Ника" ұлттық кинематография сыйлығын табыстау рәсімі жексенбіде өтті. Марапат 2019 және 2020 жыл бойынша табысталды. Себебі былтыр коронавирус пандемиясына байланысты сыйлықты табыстау кейінге шегерілді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Самал Еслямова (@samal_yeslyamova)

2019 жыл қорытындысы бойынша "Үздік әйел рөлі" номинациясын екі актриса алды: "Айка" фильмінде басты рөлді сомдаған Самал Есләмова мен "Дылда" фильмінде ойнаған Виктория Мирошниченко.

Ал 2020 жыл қорытындысы бойынша дәл осы номинацияда екі актриса жеңіске жетті: "Дорогие товарищи!" фильміндегі рөлі үшін Юлия Высоцкая мен "Доктор Лиза" фильмінде ойнаған Чулпан Хаматова.

2019 жылы ер адамдар арасында "Одесса" фильміндегі рөлі үшін Леонид Ярмольник үздік атанды. Ал 2020 жыл бойынша "Глубже!" фильмінде ойнаған Александр Паль жеңіске жетті. Алайда ол марапаттау рәсіміне қатыспады.

Актриса Юлия Снигирь "Новый папа" халықаралық телевизиялық жобасына қатысқаны үшін" арнайы сыйлыққа ие болды. Жоба режиссері – Паоло Соррентино.

"Ника" сыйлығы туралы не білеміз

"Ника" Ұлттық кинематография сыйлығы 1988 жылдан бері беріледі. Оған режиссер Юлий Гусман бастамашы болған. Жеңімпаздар Кинематография өнер академиясы мүшелерінің жасырын дауыс беруі арқылы анықталады.

Айта кетейік, қазақстандық актриса Самал Есләмова 2018 жылы ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильміндегі рөлі үшін Канн кинофестивалінде лауреат атанды.

Оқи отырыңыз: Әлемге танымал кинорежиссер Шымкенттегі өзі оқыған мектепке келді

"Айка" кинокартинасы – режиссер алты жыл бойы түсірген әлеуметтік драма. Фильмде Мәскеуге жұмыс істеуге келген қырғыз эмигрантының ауыр тағдыры көрсетіледі.

Жаңалықтар
0