Мәдениет

Димаш Құдайберген "Славян базары" ән байқауына қазылық етеді

Димаш Кудайберген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Димаш 2018 жылы да Беларусь елінде жыл сайын өтетін "Славян базары" байқауына төрелік еткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2021 жылы өтетін "Славян базары" ән байқауында қазылық етеді. Ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне әншінің әкесі Қанат Айтбаев растады.

Димаш 2018 жылы да Беларусь елінде жыл сайын өтетін "Славян базары" байқауында төрелік етті. Ал 2015 жылы бұл байқауда әнші ретінде бағын сынап, гран-при жеңіп алған еді.

"Деловой Казахстан" басылымының хабарлауынша, "Славян базары" өнер фестивалі аясында балалар мен ересектерге арналған эстрадалық ән байқауына Қазақстаннан ұлттық іріктеуді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жүргізеді. Ал Витебскідегі байқаудың финалында Димаш Құдайберген қазылар алқасының құрамында болады.

"Димаш өз сұхбатында "Славян базарына" қатысқаннан кейін әншілік мансабы өрлей бастағанын, тек өз елінде ғана емес, басқа жерлерде де таныла бастағанын айтты. Биыл Димаш Қазақстан өкілі ретінде эстрадалық ән орындаушылары байқауында қатысушыларға баға береді", - деп хабарлады "Славян базарын" ұйымдастырушылар.

Витебскідегі 30-шы "Славян базары" байқауы биыл 14-19 шілде аралығында өтеді. Алайда әнші бұл туралы парақшасында әлі жариялаған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Жаңалықтар
0