Мәдениет

Әлия Назарбаева биыл күзде алғашқы кітабы жарық көретінін хабарлады

© Sputnik / Владислав ВодневАлия Назарбаева
Алия Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
Әлия Назарбаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті, ол өз өмірі туралы кітап жазып жатыр

АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева кітап жазып жатыр. Автордың өміріндегі оқиғалар мен балалық шақтағы естеліктер топтастырылған кітап биыл күзде шығады. Бұл туралы Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Айтуынша, кейінгі кезде желідегі оқырмандары Назарбаевадан кітап жазу туралы ойы бар ма деп сұрай бастаған екен. Ол пандемия кезінде алғашқы кітабының бірнеше тарауын жазып қойғанын айтты.

"Менің осы әрекетім желідегі оқырмандарымның ойымен үйлескен секілді. Мен мұндай сәйкестікке сенемін, оны кездейсоқ емес деп санаймын. Кітап "Место силы" деп аталады. Көп жыл бойы өзім іздеп тапқан, өміріме енген рухани білімімді оқырмандарыммен бөлісемін. Өмірде болған оқиғалармен, балалық шақтағы жылы естеліктермен бөлісіп, көп дүниені түсінікті тілде жеткіземін", - деп жазды Назарбаева.

Ол жазда әлеуметтік желіде #Местосилы хэштегі арқылы кей үзіндіні оқуға болатынын жеткізді. Ал кітапқа бұған дейін жарияланбаған фотолар енгізіледі.

Кітап 2021 жылдың қыркүйегінде шығады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші президентінің кенже қызы былтыр ерлік жасаған азаматтарды марапаттауға арналған ADAM BOL Аwards жобасын қолға алды. Жобаның 12 жеңімпазына 1 миллион теңгеден берді. Бұл жоба биыл да жалғасады.

Сонымен қатар Назарбаева елдегі экология саласына да қатысты бастамалар көтерді. Еліміздегі көгалдандыру туралы бастамаларды біріктіру мақсатында "Қазақстан үшін егілген ағаштар" жобасын ресми түрде іске қосылғанын хабарлаған болатын.

Оқи отырыңыз: Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

 

Жаңалықтар
0