Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген "Славян базары" туралы: қазақстандық қатысушыны қолдаймын

1535
Баспасөз конференциясы кезінде Димаш концерт өткізу жоспары бар екенін, алайда оның уақыты кейінірек белгілі болатынын айтты

АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Беларусьтің Витебск қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қатысуымен "Жұлдызды сағат" баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады Dimashnews.com.

Димаш Құдайберген мұнда "Витебск-2021" XXX халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауының қазылар алқасының мүшесі және қонағы ретінде келді.

Димаш кімге жанкүйер болады деген сұраққа патриот ретінде Қазақстаннан келген қатысушыға қолдау көрсететінін айтты. Алайда бұл әділқазы тарапынан қандай да бір жеңілдік болады дегенді білдірмейтінін жеткізді.

"Славян базары" – бұл елдер мен менталитеттер арасындағы барлық шекара жойылатын және барлық адам музыка тілінде сөйлесетін алаң. Маған өзім байқауға қатысқаннан да әлдеқайда үлкен жауапкершілік жүктелген", - деді Димаш.

Ол байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, бірінші кезекте байқауға қатысушылар өздері таңдаған материалды қалай орындайтынына назар аударатынын айтты. Әнші техникалық тұрғыдан аса күрделі болмаса да әнді 100% орындауға кеңес берді.

Сондай-ақ, ол жарты жылдан кейін үлкен концерт өткізу жоспары туралы айтты, оның қашан және қайда өтетіні кейінірек белгілі болады.

Ал әншінің әкесі Қанат Айтпаев Беларусь еліндегі Димаштың тыңдармандарының ілтипат танытқан видеосын жариялады. Ол жерде тыңдармандар әншіні фотоға түсіріп, қолтаңба алып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)

"Концерттен кейін. Сүйіспеншілік пен ыстық ықыластарыңыз үшін рахмет, DEARS! Көп рахмет, Беларусь!", - деп жазды Қанат Айтбаев.

Дінмұхаммед Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде танымал әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген.

Әншінің бағын Витебскте өткен "Славян базары – 2015" халықаралық ән байқауы ашты. Ол конкурста гран-приді жеңіп алды. Осыдан кейін жас орындаушы Қытайдың "Мен әншімін" жобасына қатысып, талантымен миллиардтар елін таңғалдырған еді. Сөйтіп 2017 жылы Димаш жобада екінші орын алды.

1535
Еркебұлан Дайыров

Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды

10689
Актер бұл жүлдені режиссер Эля Гильманның "Күнбағыс" фильміндегі рөлі үшін алды. Өзі жаңалықты әлеуметтік желіден естігенін айтты

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канн кино сыйлығы бойынша Азияның үздік актері ("best Asian actor 1st Cannes film awards") атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от movie Sunflower (@film.sunflower)

"Өзім түсірілім алаңында жүрмін. Бұл жаңалықты Instagram арқылы білдім. Сол жақта белгілеп, құттықтап жатыр. Басында сенген жоқпын, продюсерлер хабарласып айтты. Сезінуге уақыт болмай, құттықтап жатқан кісілерге рахмет айтумен уақыт өтуде. Бұл бәріміздің ортақ жеңісіміз ғой", - деді Дайыров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетері, актер бұл жүлдені режиссер Эля Гильманның "Подсолнух" ("Күнбағыс") фильміндегі рөлі үшін алды. Ол фильмді Эля Гильманның ішінен шыққан баласына теңеп, барлық жұмыспен режиссердің өзі айналысқанын жеткізді.

Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда туған. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.

2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды, 2015 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері болды.

"Бауыржан Момышұлы", "Анаға апарар жол", "Қазақ елі", "Жұлдыздар тоғысқанда", "Тараз", "Алтын орда" секілді бірқатар фильмде ойнаған.

10689
Кілт сөздер:
актер, Еркебұлан Дайыров
Тақырып бойынша
Дайыров: қазіргі жастар Балуан Шолақты фаст-фуд сататын спорт кешені деп қана біледі
"Ғұмырын өнерге арнады": Нарымбетовтің достары режиссер жайлы естелігін бөлісті
"Жанымды жегідей жейді" Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады
Танымал актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды
Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген халықаралық "Новая волна-2021" байқауында қазылық етеді

78
Байқаудың финалына 10 елдің өнерпазы өтті, оның ішінде Қазақстан атынан "Mezzo" тобы қатысады

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Сочиде өтетін "Новая волна-2021" халықаралық жас орындаушылар байқауының қазылар алқасының құрамына кірді.

Байқауды ұйымдастырушы комитеттің хабарлауынша, Димаш Құдайберген "Новая волна-2021" байқауының ашылуына арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, байқаудың үшінші күніндегі концертке, сондай-ақ байқаудың жабылу құрметіне арналған концертке қатысады.

Байқаудың финалына Ресей, Австралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Қазақстан және Нидерланды елдерінің орындаушылары өтті.

Қазақстан атынан байқауға "Mezzo" тобы қатысады.

2001-2014 жыл арасында байқау Латвияның Юрмале курортында өтті. 2015 жылдан бастап конкурс Сочиде өтеді. Байқау идеясы – композиторлар Игорь Крутой мен Раймонд Паулс.

Mezzo – классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ.

Топ 2012 жылы құрылған. Топтың продюсері – Әбдел Мұхтаров. Топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады.

Mezzo тобы Andrea Bocelli, IlDivo, Josh Groban, Alessandro Safina, Elton John, Elvis Presley, Frank Sinatra сияқты әртістердің репертуарындағы әндердің каверін, сондай-ақ өз әндерін әртүрлі тілде шырқап жүр.

78
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Архивтегі фото

Алматыда пәтер тонауды кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды

0
Пәтер тонаушылар қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника,  әшекей секілді құнды заттардың бәрін алып кетіп отырған  

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алматыда үш ер адам өзгенің пәтеріне кіріп, құнды заттарды ұрлауды кәсіп еткен. Қазірге дейін олардың 5 қылмысы әшкереленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, қаскөйлер аула аралап, көпқабатты үйлердің терезесі мен кіреберісін бақылаған.

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов қаскөйлер жұмыс күндері, адамдар жұмыста болған кезде әрекет еткенін айтты.

"Олар кілт таңдау арқылы есікті ашып, құнды заттардың бәрін алып шыққан. Бұл қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника және түрлі әшекейлер. Екеуі үйді тонап жатқанда, үшіншісі көлікте отырып, қауіпсіздікті бақылаған", - дейді Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта үшеуі де ұсталды.

Соңғы рет қаладағы бір пәтерден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған. Шығынның жалпы көлемі – миллион теңге. Қолға түскен кезде ұсталғандар заттай айғақтан құтылып үлгермеген. Олар тұтқындау кезінде тәркіленді. Қазір қылмыстық үштік уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ("ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, ұсталғандардың барлығы Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

0