Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген халықаралық "Новая волна-2021" байқауында қазылық етеді

73
Байқаудың финалына 10 елдің өнерпазы өтті, оның ішінде Қазақстан атынан "Mezzo" тобы қатысады

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Сочиде өтетін "Новая волна-2021" халықаралық жас орындаушылар байқауының қазылар алқасының құрамына кірді.

Байқауды ұйымдастырушы комитеттің хабарлауынша, Димаш Құдайберген "Новая волна-2021" байқауының ашылуына арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, байқаудың үшінші күніндегі концертке, сондай-ақ байқаудың жабылу құрметіне арналған концертке қатысады.

Байқаудың финалына Ресей, Австралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Қазақстан және Нидерланды елдерінің орындаушылары өтті.

Қазақстан атынан байқауға "Mezzo" тобы қатысады.

2001-2014 жыл арасында байқау Латвияның Юрмале курортында өтті. 2015 жылдан бастап конкурс Сочиде өтеді. Байқау идеясы – композиторлар Игорь Крутой мен Раймонд Паулс.

Mezzo – классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ.

Топ 2012 жылы құрылған. Топтың продюсері – Әбдел Мұхтаров. Топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады.

Mezzo тобы Andrea Bocelli, IlDivo, Josh Groban, Alessandro Safina, Elton John, Elvis Presley, Frank Sinatra сияқты әртістердің репертуарындағы әндердің каверін, сондай-ақ өз әндерін әртүрлі тілде шырқап жүр.

73
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген
Еркебұлан Дайыров

Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды

10306
Актер бұл жүлдені режиссер Эля Гильманның "Күнбағыс" фильміндегі рөлі үшін алды. Өзі жаңалықты әлеуметтік желіден естігенін айтты

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канн кино сыйлығы бойынша Азияның үздік актері ("best Asian actor 1st Cannes film awards") атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от movie Sunflower (@film.sunflower)

"Өзім түсірілім алаңында жүрмін. Бұл жаңалықты Instagram арқылы білдім. Сол жақта белгілеп, құттықтап жатыр. Басында сенген жоқпын, продюсерлер хабарласып айтты. Сезінуге уақыт болмай, құттықтап жатқан кісілерге рахмет айтумен уақыт өтуде. Бұл бәріміздің ортақ жеңісіміз ғой", - деді Дайыров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетері, актер бұл жүлдені режиссер Эля Гильманның "Подсолнух" ("Күнбағыс") фильміндегі рөлі үшін алды. Ол фильмді Эля Гильманның ішінен шыққан баласына теңеп, барлық жұмыспен режиссердің өзі айналысқанын жеткізді.

Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда туған. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.

2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды, 2015 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері болды.

"Бауыржан Момышұлы", "Анаға апарар жол", "Қазақ елі", "Жұлдыздар тоғысқанда", "Тараз", "Алтын орда" секілді бірқатар фильмде ойнаған.

10306
Кілт сөздер:
актер, Еркебұлан Дайыров
Тақырып бойынша
Дайыров: қазіргі жастар Балуан Шолақты фаст-фуд сататын спорт кешені деп қана біледі
"Ғұмырын өнерге арнады": Нарымбетовтің достары режиссер жайлы естелігін бөлісті
"Жанымды жегідей жейді" Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады
Танымал актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды
Рухия Байдүкенова

Тоқаев Рухия Байдүкенованы "Славян базарындағы" жеңісімен құттықтады

79
(Жаңартылды 18:48 19.07.2021)
Өнер университетінің студенті Рухия Байдүкенова беделді "Славян базары" ән байқауында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Рухия Байдүкенованы "Славян базары" байқауындағы жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Рухияның табысты өнер көрсетуі республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандыққа жасаған тамаша тарту болғанын жазды.

Оқи отырыңыз: Қазақ қызы "Славян базарына" қатысу үшін 23 келіге арықтаған 

"Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жас әншіге арнаған құттықтау сөзінде.

Рухияның "Славян базарындағы" жеңісі

Жиырма екі жастағы қазақстандық Рухия Байдүкенова "Витебсктегі Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Әнші Талдықорғанда туған. Бала кезінен вокалмен айналысады. Қазір ол Қазақ ұлттық өнер университетінде "Эстрада вокалы" мамандығы бойынша үшінші курста оқиды.

2014 жылы ол "Жас қанат" республикалық жас әншілер байқауының жеңімпазы атанды, ал 2015 жылы "Еуразия жұлдыздары" және "Астана дауысы" халықаралық байқауларында бірінші орынды иеленді. Рухияның дауыс диапазоны бес октава.

79
Тақырып бойынша
Байдүкенова "Славян базары" байқауында гран-при ұтып алды
Димаш Рухия Байдүкенова орындауындағы әнді ерекше толғаныспен тыңдады – видео
Токио Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасы

Олимпиаданың үшінші күні: қазақстандық спортшылардан кімдер сынға түседі

0
25 шілдеде Токиодағы Олимпиада ойындарында он төрт қазақстандық спортшы және су добы командасы бақ сынайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілде күні Токио Олимпиадасының үшінші жарыс күні басталады. Ұлттық Олимпиада комитеті бүгін сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарға ұсынды.

ҰОК Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағат екенін еске салды.

Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Стенд ату, скит. Әйелдер.

Әсем Орынбай, Зоя Кравченко

Басталуы: 06:00

Дзюдо. Ерлер.

Ерлан Серікжанов

Басталуы: 08:00

Теннис, жекелей сын. Әйелдер.

Ярослава Шведова, Юлия Путинцева

Басталуы: 08:00

Теннис, жекелей сын. Ерлер.

Михаил Кукушкин

Басталуы: 08:00

Семсерлесу. Ерлер.

Руслан Курбанов

Басталуы: 09:45

Нысана көздеу, пневматикалық винтовка. Ерлер.

Юрий Юрков

Басталуы: 10:00

Каноэ, слаломды есу. Ерлер.

Александр Куликов

Басталуы: 10:00

Каноэ, слаломды есу. Әйелдер.

Екатерина Смирнова

Басталуы: 10:50

Үстел теннисі. Ерлер.

Кирилл Герасименко

Басталуы: 12:30

Ауыр атлетика. Ерлер.

Игорь Сон

Басталуы: 12:50

Жүзу. Әйелдер.

Диана Назарова

Басталуы: 16:04

Бокс. Ерлер.

Зәкір Сафиуллин

Басталуы: 16:24

Су добы. Ерлер.

Қазақстан-Хорватия

Басталуы: 16:50.

0
Кілт сөздер:
жарыс, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы