Мәдениет

Желіде Иманбек пен Моргенштерннің жаңа ремиксі жарияланды

© Photo : InstagramИманбек Зайкенов
Иманбек Зайкенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2021
Жазылу
Leck трегіне жазылған Иманбек пен Моргенштерннің бұл ремиксі жанкүйерлердің көңілінен шықты

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Әлемге танымал қазақстандық DJ Иманбек америкалық рэпер Fetty Wap және Моргенштернмен бірге жаңа ремикс шығарды.

Бірлесіп шығарған трек Leck деп аталады. Тректің релизі 30 сәуірде жазылған болатын, ал 6 тамызда команда осы трекке жаңа ремиксті шығарды. Тректің жаңа нұсқасы YouTube-те 11 миллион қаралым жинаған.  

20 жастағы диджей Иманбек Зайкенов - "Грэмми" сыйлығын алған алғашқы қазақстандық. Ол SAINt JHN орындаушысының Roses композициясына жасаған ремиксі үшін жүлделі болды.

Оған дейін Иманбек Ақсу стансасында теміржолшы болып еңбек еткен. Музыканы ол өз бетінше үйренді. 

Оқи отырыңыз: Роза Рымбаева Иманбек төңірегіндегі дауға нүкте қойды

Жаңалықтар
0