Мәдениет

"Кел, күнім сол": Димаш Құдайбергеннің әрекеті жұртты тамсандырды - видео

© Photo : dimashnews.comДимаш Кудайберген на "Новой волне"
Димаш Кудайберген на Новой волне - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Димаштың кішкентай фанаты ондай сыйды күткен жоқ. Ал айналадағы адамдар әншінің әрекетіне риза болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз - Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Новая волна - 2021" конкурсы кезінде фанаттарымен фотосессия өткізді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Видеода Димаш әртістер шығатын жерде байқауға келген көрермендермен фотоға түсіп жүр. Қоршаудың арғы жағында қалған фанаттар "Димаш! Димаш!" деп айқайлап тұр. Әнші оларды естіп тұрғанын білдіріп, алғысын қайта-қайта айтады.

Фотосессияның соңында кішкентай қыз келіп, суретке түсуді сұрайды. Димаш "Кел, кел, күнім сол" деп құшақтап тұрып фотоға түседі. Сосын "Мен саған гүл сыйласам бола ма? Оны берген адам режімейді деп сенемін" дейді де, бір шоқ раушан гүлін кішкентай қызға сыйлап, маңдайынан сүйеді.

Айта кетері, Димаш Құдайберген "Новая волна - 2021" конкурсының ашылуында екі рет ән айтты. Алдымен  Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен наурыз айында шыққан "Your Love" композициясын орындады. Осыдан кейін ақын Шарон Вонның сөзіне жазылған "Stranger" әнінің тұсаукесері болды.

Оқи отырыңыз: Шаңын қағып берді: Димаштың қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті – видео

Биыл Димаш Құдайберген конкурстың қазылар алқасының құрамына кірді. Одан бөлек Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Artik & Asti, Леонид Агутин мен Дима Билан төрешілік етуде.

Жарыстың финалында әлемнің 9 елінен 11 қатысушы бас жүлде үшін таласады. Байқауға Қазақстанның атынан "Mezzo" тобы қатысып жатыр.

Жаңалықтар
0