Мәдениет

Тоқаев белгілі актер Досхан Жолжақсыновты марапаттады

© Photo : Официальный сайт студии "Казахфильм""Құнанбай" фильміндегі Досхан Жолжақсынов
Құнанбай фильміндегі Досхан Жолжақсынов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Тоқаев Досхан Жолжақсыновты 70 жасқа толуына орай "Отан" орденімен марапаттады

АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсыновты марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Досхан Жолжақсыновты 70 жасқа толуына орай "Отан" орденімен марапаттады.

"Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов "Отан" орденімен наградталсын", - делінген президент Тоқаевтың жарлығында.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Досхан Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Актер әрі кинорежиссер бүгін 70 жасқа толды.

Ол Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері және Қырғыз Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі.

Режиссер ретінде "Біржан сал", "Құнанбай" фильмдерінің шығуына еңбек етті.

Айта кетері, Алматы күні қарсаңында Досхан Жолжақсыновқа "Алматының құрметті азаматы" атағы берілді. 

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0