Мәдениет

Қазақстандық әнші "Дауыс" байқауының тәлімгерлерін таңғалдырды – видео

Ернар Садырбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2021
Жазылу
Байқау тәлімгерлерінің төртеуі де әннің аяқталуын күтпестен қазақстандық әншіге бұрылды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. "Дауыс" шоуының 10-шы маусымының қатысушысы қазақстандық әнші Ернар Садырбаев тәлімгерлерді өнерімен тәнті етті.

Ол Әміре деген атпен елге танымал.

26 жастағы әнші Стиви Уандердың Part-Time Lover әнін орындады. Ән In Square Circle альбомында 1985 шыққан болатын.

Байқау тәлімгерлерінің төртеуі де әннің аяқталуын күтпестен қазақстандық әншіге бұрылды.

"Сіздің милизматикаңыз керемет", - деді Пелагея.

Ал тағы бір тәлімгер Александар Градский әншінің кез келген музыкалық материалды трансформациялауға және терең түсінуге дайын екенін атап өтті.

Әміре болса мұндай нәтижені күтпегенін жасырмады. Барлық тәлімгер оны өз командасына шақырды.

"Бұл оңай емес, бұлай болады деп ойламаған едім", - деді ол таңдау жасау сәті келгенде.

Ойлана келе ол Дима Биланды таңдады.

"Сенде бәрі болды – талант, стиль, әр нәрсенің шегін білу. Меніңше, сен біреуге ұнау үшін емес, сол әннен өзің ләззат алып орындадың. Бұл өте маңызды", - деді Дмитрий Нагиев.

Ернар Садырбаевтың айтуынша, қазір ол елордада тұрып жатыр. Ол Алматыда өнер академиясын тәмамдаған. Музыкалық мектептің баян-қобыз сыныбында білім алған.

Айта кетері, бұған дейін тағы бір қазақстандық әнші - 2019 жылы "Славян базары" байқауында гран-при иегері атанған Әділхан Макин "Дауыс" жобасының келесі кезеңіне өткен болатын.

Оқи отырыңыз: Димаштың жетістігін қайталаған әнші "Дауыс" жобасында жұртты таңғалдырды - видео

Жаңалықтар
0