Мәдениет

Димаш Қытай шоуында көрермендерді таңғалдырды – видео

Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Жазылу
Димаш Құдайберген Shine! Super Brothers музыкалық жобасына қатысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша — Sputnik. Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайда Shine! Super Brothers телешоуында өнер көрсетті.

Stranger әнін шырқаған Димаш көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді.  

Әнші Қытайда Shine! Super Brothers музыкалық шоуына қатысып жатыр. Жоба қатысушылары бір-бірімен танысып, өз жетістіктері, сахнада неше жыл жүргені туралы әңгімелейді, содан кейін танымал шығармаларды орындайды.

Бір қызығы, бұл шоуда бәсекелестер жарыспайды, керісінше бір-біріне қолдау көрсетеді.

Айта кетері, Stranger әнін ресейлік композитор Игорь Крутой жазған. Оны Димаш алғаш рет тамыз айында "Новая волна" байқауында шырқады. Ол кезде бұл шығарманы әнші өзгеше орындаған еді.

Жаңалықтар
0