Мәдениет

"Балалар Евровидениесі – 2021": Қазақстанға қалай дауыс беруге болады

© Photo : Скриншот видео YouTube / Junior Eurovision Song ContestКадр из видеоклипа Казахстана на конкурс "Детское Евровидение-2021"
Кадр из видеоклипа Казахстана на конкурс Детское Евровидение-2021  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
"Балалар Евровидениесі – 2021" байқауының үздік қатысушысына дауыс беру 17 желтоқсанда басталады
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. 19 желтоқсанда Парижде "Балалар Евровидениесі – 2021" халықаралық музыкалық байқауы өтеді.
Ұйымдастырушылар қазақстандықтарды байқауда еліміздің атынан шығатын Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлына дауыс беруге шақырды.

Қатысушыларға қалай дауыс беруге болады

Junioreurovision.tv сайтына кіріңіз
Барлық қатысушының қысқа видеосын көріңіз.
Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлын, сондай-ақ басқа елдерден тағы екі қатысушыны таңдаңыз.
Дауыс беру 17 желтоқсанда басталып, 19 желтоқсанға дейін жалғасады.
Франция астанасынан тікелей эфирді 19 желтоқсан сағат 21:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) "Хабар" телеарнасынан көруге болады.
"Барлық қазақстандықты еліміздің атынан шығатын жас отандастарға қолдау көрсетуге және дауыс беруге шақырамыз", - делінген телеарна хабарламасында.

Алғаш рет байқауға дуэт қатысады

Қазақстан 2018 жылдан бастап "Балалар Евровидениесі" байқауына тек жеке әншілерді жіберді. Биыл Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин ұлттық іріктеу кезінде тең ұпай жинады. Артынша музыкалық байқауда олар композицияны бірге орындайды деген шешім қабылданды.
Жас орындаушылар дуэт болып ән салады. Олар іріктеу кезеңінде Әлинұр орындаған "Ертегі әлемі" композициясын сахнаға алып шығады. Әннің біраз бөлігін өңдейді, кей сөздер француз тіліне аударылды.
Бейнебаян жалпы ұлттық іріктеуден кейін бірден түсірілді. Қазір екі орындаушы байқауға қашықтан дайындалып жатыр. Әлинұр – Оралда, Бекнұр – Страсбургте. 19 желтоқсанда олар "Балалар Евровидение – 2021"байқауының финалында Парижде бір сахнада кездеседі.
Junior Eurovision байқауы 19 желтоқсанда Парижде өтеді. Байқауға әлемнің 19 елінен балалар қатысады: Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Албания, Армения, Болгария, Германия, Грузия, Ирландия, Испания, Италия, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Солтүстік Македония, Сербия, Украина және Франция.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0