Мәдениет

"Грэмми" мен BraVo сыйлығы: 2021 жылы қазақстандықтар қандай жетістікке қол жеткізді

© Photo : Pavlodarnews.kzОбладатель "Грэмми" Иманбек Зейкенов встретился с молодёжью Аксу
Обладатель Грэмми Иманбек Зейкенов встретился с молодёжью Аксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2021
Жазылу
2021 жыл Қазақстанның мәдениет саласы үшін табысты болды. Алғаш рет қазақстандық өнерпаз музыкалық "Грэмми" сыйлығын алды, енді бірі "Славян базары" байқауында жеңіске жетті. Актерлер де қалыс қалмай, "үздік актер" номинацияларымен қуантты
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандықтар үшін 2021 жыл табысты болды. Әлемдік байқауларда бақ сынап, жақсы нәтиже көрсетті. Танымал отандастарымыздың биыл қандай жетістіктерге қол жеткізгенін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

"Грэмми" алған алғашқы қазақстандық

Қазақстандық Иманбек Зейкенов 2019 жылы Saint Jhn орындайтын "Roses" әнінің ремиксін жазғаннан кейін Imanbek атымен танымал болды. Трек әлемдік хит-парадтарда бірінші орынға шығып, ең танымал әуендердің біріне айналды. Композиция YouTube-те 282 миллионнан астам қаралым жинады.
2020 жылдың қарашасында Imanbek жазған трек 1959 жылдан бастап Американың Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясы тапсыратын музыкалық "Грэмми" сыйлығына ұсынылды.
2021 жылдың наурызында Иманбек Зейкеновтің жеңіске жеткені белгілі болды, алайда пандемияға байланысты Иманбек мүсіншені алуға бармады.
Иманбек мүсіншені 2021 жылдың қазанында алды.
Содан кейін қазақстандық диджей Rita Ora, David Guetta, 50 Cent, LP, Cher Lloyd, Alan Walker, Duo Lipa секілді әртістермен жұмыс істей бастады.
Сондай-ақ Иманбек биыл қыркүйекте әйгілі GQ "Men of the year 2021" ерлер журналының "Жыл жаңалығы" номинациясы бойынша премияға ие болды.

Майра Мұхамедқызы халықаралық BraVo сыйлығын алды

Сәуірдің басында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі "Үлкен операның" алғашқы қазақстандық солисі Майра Мұхамедқызы халықаралық BraVo сыйлығымен марапатталды. Салтанатты шара Мәскеудегі Үлкен театрда өтті.
BraVo сыйлығымен марапаттау рәсіміне әр жылдары Хосе Каррерас, Анна Нетребко, Денис Мацуев, Владимир Спиваков және Жапония, Қытай, Корея мен ТМД елдерінен классикалық шығармаларды орындаушылар қатысқан.
© Photo : Пресс-служба театра "Астана Опера"Майра Мұхамедқызы
Майра Мухамедкызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Майра Мұхамедқызы
Бұл марапат халықаралық кәсіби қазылар алқасының берген бағасы ретінде қабылданады.
Өткен жылы пандемияға байланысты бұл рәсім өтпей қалған. Ал соңғы екі жылда айтарлықтай жетістіктерге жеткен өнерпаздар марапатталды.
Майра Мұхамедқызы композитор Тасқын Жармұқаметтің "Домалақ ана" операсымен жұмыс істеп жүр. Оны Шымкенттің визит картасына айналдыру көзделіп отыр. Опера әншісі онда басты рөлді ойнап қана қоймайды, идея авторы да өзі.

Димаш АҚШ президентін ұлықтау рәсімінде ән шырқады

Қаңтарда Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясы апталығының ашылуына арналған шарада өнер көрсетті. Әнші қазақтың халық әні "Самалтауды" орындады.
Салтанатты шараны Халықаралық бауырлас қалалар қауымдастығы (Sister Cities International немесе SCI) ұйымдастырды. Мерекелік шара коронавирус пандемиясына байланысты онлайн өтті.
Спикерлер мен қонақтар арасында губернатор Билл Аноабутти, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессвумен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз жаяу әскері оркестрі және тағы басқалары болды.
Димаш – АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына арналған шараға Қазақстаннан қатысқан алғашқы әртіс.
Ал қазанда Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты жігіт атанды. THE 100 MOST ATTRACTIVE ASIAN CELEBS 2021 байқауында Димаш King Choice онлайн дауыс беру рейтингісінде бірінші орынға ие болды, ол 9,3 миллион дауыс жинаған.
Айта кетері, Димаш Құдайберген қыркүйектің аяғында шығармашылық мансабын Қытайда жалғастыратынын хабарлады.

"Славян базарындағы" жеңіс

Шілдеде қазақстандық Рухия Байдүкенова "Славян базары" байқауының бас жүлдесін ұтып алды.
ХХХ халықаралық өнер фестивалінің жабылу салтанатында награданы қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады.
Байқауға отыздан астам елдің әншілері қатысты. 22 жастағы талдықорғандық Рухия Байдүкенова Қазақстан атынан өнер көрсетті. Оның диапазоны – бес октава.
Содан кейін ел президенті жеңіс туын желбіреткен жерлесімізді құттықтап, Рухияның табысты өнер көрсетуі республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандыққа жасаған тамаша тарту болғанын айтты.
"Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жас әншіге арнаған құттықтау сөзінде.

Екі қазақстандық үздік актер атанды

Шілдеде қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канн кино сыйлығы бойынша Азияның үздік актері ("best Asian actor 1st Cannes film awards") атанды.
Актер бұл жүлдені режиссер Эля Гильманның "Подсолнух" ("Күнбағыс") фильміндегі рөлі үшін алды.
"Подсолнух" ("Күнбағыс") фильмінде он төрт жасар Әмір өзінің виртуалды ойын әлемінде мектеп пен үйдегі проблемаларынан жасырынады. Онда нақты өмірден айырмашылығы қарапайым және түсінікті көрсетілген. Алайда отбасындағы және мектептегі қақтығыстар бүлікке әкеледі.
Фильмде Еркебұлан Дайыровпен қатар Жандос Айбасов, Кирилл Кяро секілді актерлер ойнаған.
© Sputnik / Владислав ВодневЕркебұлан Дайыров
Премьера фильма Балуан Шолак, главный герой фильма, сыгравший Балуана - Еркебулан Дайыров - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Еркебұлан Дайыров
Ал қарашада қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов Лос-Анджелесте өткен Asian World film festival кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды. Марапат Айжан Қасымбек режиссер болған "Огонь" ("От") фильміндегі жұмысы үшін табысталды.
Отандық "Огонь" фильмі Қазақстандағы қазіргі жағдайды қарапайым адамның өмірі арқылы баяндайды. Төлепберген Байсақалов рөлін сомдаған басты кейіпкер Толик – үлкен қалада өмір сүретін отбасының асыраушысы. Ол қала өміріне үйреніп, отбасын асырауды ойлайды.
© Photo : сайт "Ticketon Events"Төлепберген Байсақалов
Толепберген Байсакалов Описание: Толепберген Байсакало - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Төлепберген Байсақалов
Кейіпкер курьер болып жұмыс істейді. Көптеген адам секілді ол да отбасын асырай алмай, қарызға батады, кредит алады. Алайда ол өзінің қызына үлкен үміт артады. Бір күні жұмыстан келген соң қызы Сәуленің жүкті екенін біледі. Осы жаңалық қыздың болашағына қатысты жоспардың күл-талқанын шығарады. Мәселені шешкісі келген Толик көптеген кедергіге тап болады.

"Балалар Евровидениесінде" қос балақай бақ сынады

Биыл "Балалар Евровидениесі-2021" ән байқауы Парижде өтті. Оған Қазақстан атынан екі бала қатысты.
Ұлттық іріктеу кезеңінде қазылар екі өнерпазды байқауға жіберу туралы шешім қабылдаған. Оның бірі тоғыз жастағы ерекше қажеттілігі бар Бекнұр Жәнібекұлы. Ол – Қазақстан азаматы, бірақ қазір Страсбургте (Франция) тұрады. Ол көптен бері ән айтуға қызығады, алайда вокалмен 2020 жылдың жазында кәсіби түрде айналыса бастаған.
Екінші өнерпаз – Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген 11 жастағы Әлинұр Хамзин. Ол вокалмен бес жасынан бастап айналысады. Сегіз жасқа келгенде ата-анасы Әлиханды өнер мектебіне берген. Ол қазір "Хор және фортепиано" мамандығы бойынша 4-сыныпта оқиды.
Парижде өткен байқауда қазақстандық дуэт Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлы дауыс беру нәтижесі бойынша 121 ұпай жинап, 8-орынды иеленді. 
Жас өнерпаздар "Ертегі әлемі" әнін қазақ және француз тілінде шырқады. Әлинұр қазақша ән салса, Бекнұр француз тілінде рэп айтты.
2018 жылдан бері "Балалар Евровидениесі" ән байқауында Қазақстанның атынан тек жеке әншілер өнер көрсетті.
Junior Eurovision байқауына әлемнің 19 елінен балалар қатысты: Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Албания, Армения, Болгария, Германия, Грузия, Ирландия, Испания, Италия, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Солтүстік Македония, Сербия, Украина және Франция.
Жаңалықтар
0