Мәдениет

Миллиард тыңдалым: Imanbek Spotify наградасын алды

© Photo : instagram/imanbekmusicИманбек Зейкенов
Иманбек Зейкенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Бүгінгі таңда Spotify-де Иманбектің ай сайынғы аудиториясы 17 миллион тыңдаушыға жетіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық диджей және саунд-продюсер Иманбек Зейкенов Roses ремиксінің миллиардтық тыңдалымы үшін Spotify марапатын алды.
Spotify Russia баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық диджей ТМД-дан бірінші болып осы сыйлықты иеленді.
"Клубқа қош келдіңіз! Imanbek Billions Club-қа қосылды. Бұл оның Roses ремиксі миллиардтан астам рет тыңдалғанын білдіреді. Дәлірек айтсақ, 1,5 миллиардтан да көп", - делінген хабарламада.
Imanbek-тің жанында Билли Айлиш, Травис Скотт, Adele және басқа да белгілі әлемдік музыканттар тұр. Бүгінгі таңда Spotify-де Иманбектің ай сайынғы аудиториясы 17 миллион тыңдаушыға жетті.
Бұған дейін Spotify марапатын канадалық рэпер Дрейк, норвегиялық DJ Kygo және британиялық әнші Дуа Липа алды.
Жаңалықтар
0