Зертхана, көрнекі фото

Ресей ғалымдары антибиотиктердің әсерін арттыратын нанобөлшек ойлап тапты

46
Олардың айтуынша, мұндай наноматериалдарды қолдану кей жағдайда антибиотиктердің мөлшерін 6-7 есе азайтуға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ресейлік "МИСиС" ұлттық технологиялық зерттеу университетінің ғалымдары инфекция ошағына антибиотиктерді дәл жеткізуге арналған нанобөлшектерді ойлап тапты. Олардың айтуынша, мұндай наноматериалдарды қолдану кей жағдайда антибиотиктердің мөлшерін 6-7 есе азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ағзаға түсетін жүктемені және патогендердің дәрі-дәрмекке бейімделу жылдамдығын төмендетуге ықпал етеді. Аталған бағыттағы еңбектің нәтижелері American Chemical Society Applied Materials Interfaces журналында жарияланды, деп жазды РИА Новости.

Ғалымдардың айтуынша, антибиотиктерді қолдану бүкіл әлем бойынша өсіп жатыр. Бұл халықтың ауру-сырқауға көп шалдығуымен, жаңа инфекциялардың пайда болуымен және рецептісіз берілетін дәрілерді бей-берекет қолданумен байланысты. Антибиотиктерді тым жиі қолдану микробтардың оған төзімділігін дамытады. Мамандар атап өткендей, қазірдің өзінде дәстүрлі антибиотиктердің басым бөлігі бактериалды патогендерге қарсы қауқарсыз.

Алайда жаңа антибиотикке қол жеткізу үшін 10-20 жылға созылатын зерттеу мен клиникалық сынақтар қажет. Ғалымдардың айтуынша, медикаментозды терапия әлі де инфекцяға қарсы күресте негізгі құрал болып қалып отыр.

Бұл проблеманы шешудің бір жолы – антимикробты наногибридтер. Олар науқас ағзасына еш зиян келтірместен патогендердің дәрі-дәрмекке қарсылығын еңсеруге мүмкіндік береді. Ғалымдардың сөзіне сенсек, тұтынылатын антибиотиктердің мөлшерін едәуір азайту арқылы ағзаға түсетін жүктемені төмендету және микробтардың төзімділігі дамуын баяулату осындай препараттардың басты артықшылығы болып отыр.

"МИСиС" ұлттық технологиялық зерттеу университетінің ғалымдары Бах атындағы биохимия институты мен мемлекеттік қолданбалы микробиология және биотехнология ғылыми орталығындағы әріптестерімен бірлесіп, антибиотикті инфекция ошағына дәл жеткізетін нанобөлшектерді әзірледі. Олардың айтуынша, күміс бөлшектері бар бордың гексагональді нитриді (h-BN) негізіндегі жаңа наногибрид бактерияға қарсы жоғары белсенділік танытты.

"Көлемі 100 нм h-BN нанобөлшектерін газды кезеңде химиялық тұндыру арқылы алады да, одан кейін күміс нитратын ультракүлгінді ыдырату жолымен оларға күміс бөлшектерін тұндырады. Нанобөлшектердің қуыстары антибиотиктерге толтырылып, олар препаратты енгізгеннен кейін тоғыз күннің ішінде біртіндеп ағзаға түсе бастайды", - деді зерттеу авторларының бірі, "МИСиС" ҰЗТУ "Бейорганикалық наноматериалдар" зертханасының инженері Кристина Гудзь.

Зерттеушілер атап өткендей, жаңа наногибридтер қазір нарықта бар антибиотиктерге қарағанда белсенді затты аз көлемде қолданса да, бактериалды және зеңді популяциялардың көзін жоя алады. Кей жағдайда бұл айырмашылық 6-7 есе болуы мүмкін.

"Күміс бөлшектерін қолдану қосымша бактерицидті және зеңге қарсы әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Гентамицин жүктелген нанобөлшектер ішек таяқшасындағы бактерия штаммдарының 38 түріне қарсы тиімділікті көрсетті. Ал оның үстіңгі бетіне күміс бөлшектерді тұндырғаннан кейін бұл көрсеткіш 47-ге дейін артты", - деді Гудзь.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты

Сонымен қатар, нанобөлшектер антибиотиктердің үлкен көлемін "тасымалдауға" және қан жүру жүйесіндегі тіндерге еркін енуге және кері қайтуға қабілетті. Бұл зақымдалу ошағына дәрілерді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ете алады. Ғалымдар атап өткендей, препараттар 50-ден астам бактериалды және зеңді инфекцияда зертханалық тесттен өткен.

Қазіргі уақытта ұжым жаңа наногибридтерді сынақтан өткізуді жалғастырып жатыр.

46
Кілт сөздер:
Ресей, ғалымдар, жаңалық ашты, дәрі-дәрмек
 Модульді аурухана, көрнекі фото

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

24
(Жаңартылды 10:08 18.06.2021)
Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, "ковидтік" пневмониядан 1 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індеттен қайтыс болған адамдардың санын жариялады. Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, "ковидтік" пневмониядан 1 адам көз жұмды.

18 маусымдағы мәлімет бойынша республикада 20 899 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 6 403 пациент стационарда, 14 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Коронавирус вакцинадан кейін неге жұғады -  инфекционист түсіндірді

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 442 адамның жағдайы ауыр,
  • 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 72 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы 406 383 адам коронавирус жұқтырды, 4 211-і қайтыс болды.

24
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
COVID-19 вакциналау пункті

Коронавирус вакцинадан кейін неге жұғады дәрігер түсіндірді

816
(Жаңартылды 12:03 18.06.2021)
Вирусқа қарсы иммунитет қалыптасса, коронавирустың ауыр формасына шалдығу қаупі төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Ресейлік инфекционист-дәрігер Андрей Поздняков вакцина салдырған адамдардың коронавирусты не себепті жұқтыратынын түсіндірді. 

"Біріншіден, әрбір адамның иммундық жүйесі әртүрлі. Сосын кейбір адамдарға вакцина әсер етпейді. Иә, адам ағзасына тән осындай бір ерекшеліктер болады. Осы топқа кіретін адамдар үшін екпенің стандартты дозасы тым аз, я болмаса, тым көп болып кетеді", - деді Поздняков РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында.

Сол себепті бірде-бір вакцина өндіруші компания өз өніміне 100 процент кепілдік бере алмайды. Ал ауада вирус тым көп болса, кез келген адам аурады. Оған мықты иммунитет те көмектеспейді.

"Сондықтан вакцина алсаңыз да, сақтық шараларын ұмытпау қажет. Адам көп жүретін жерге бармауға тырысқан жөн", - деп атап көрсетті инфекционист.

Оның айтуынша, вирусқа қарсы иммунитет қалыптасса, коронавирустың ауыр формасына шалдығу қаупі төмендейді.

Оқи отырыңыз: Өткен тәулікте Қазақстанда 1 174 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

"Адам ағзасына таныс вирус түскенде иммундық процесс басталады. G иммуноглобулиндері іске қосылады. Осының арқасында ауру жеңіл өтеді, қатты өршіп кетсе де, өкпенің зақымдануы, ірі қан тамырларының тромбозы болмайды. Адам кәдімгідей тұмаумен ауырғандай болады", - дейді Поздняков.

816
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустан қайтыс болғандардың саны жарияланды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар статистикасы жаңарды
Қазақстанда коронавирустың үнді штаммы бар ма – Цой жауап берді
Алматыда Covid-19 жұқтырғандар саны екі есе азайды
Өткен тәулікте Қазақстанда 1 174 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве

Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдік саясат қалай өзгереді

0
Сарапшылар Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдегі саяси жағдай қалай өзгеретіні туралы пікірін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Күні кеше ғана Женевада Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өтті. Екі көшбасшы да кездесуге көңілдері толатынын жеткізді. Алайда бұл кездесу екі елдің арасындағы шиеленістің біршама бәсеңдеуіне ықпал етті ме? Қос көшбасшының диалогы Ресей Федерациясының Еуропамен қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Осы туралы Sputnik материалында толығырақ.

Болашаққа бағдар

16 маусымда Женевада Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі революциялық өзгерістерге алып келмегенімен толыққанды диалогтың бастамасы болуы әбден мүмкін. Саммит қорытындысы бойынша "Россия сегодня" ХАА мультимедиялық баспасөз орталығындағы пікірталасқа қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық қаруландыруды бақылауда ұстауды көздеуін растайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылуы екі президент кездесуінің маңызды нәтижесі болды. Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов осылай деп санайды.

"Стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы шарт бес жылға созылғанымен, уақыт соншалық көп емес. Тараптар қаруландыруды бақылаудың жаңа моделі туралы келісімге келгені жақсы болар еді", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, өзара консультациялар мәселесіне киберқауіпсіздік проблемаларын қосуға АҚШ-тың келісуі де аса маңызды. Себебі бұған дейін Америка бұл мәселеден түбегейлі бас тартып келді. Сонымен қатар Андрей Кортунов Вашингтон мен Мәскеудегі елшілердің қайтарылуы да болашаққа оптимизммен қарауға себеп екенін айтты.

Ал РҒА АҚШ және Канада институтының директоры Валерий Гарбузов Ресей-Америка қарым-қатынасында проблемалар қордаланып қалғанын және ол бір кездесуде түгелдей шешіле қоймайтынын айтты.

"Бұл саммит консультациялар, келіссөздердің бастауы болуы керек. Егер жұмыс топтары құрылып, кездесулер басталса, мемлекет басшылары телефон арқылы немесе бетпе-бет кездесу арқылы сөйлесетін болса, онда диалог қалпына келеді. Алдағы бірнеше аптада-ақ нәтижесін көре аламыз", - деп болжам жасады ол.

Трамппен кездесуден өзгерек

Женевада өткен саммит Владимир Путиннің 2018 жылы Хельсинкиде Дональд Трамппен кездесуін еске салады, дейді Валерий Гарбузов.

"Трамппен кездесуден де көп нәтиже күтті. Кейбіреулер бұл кездесуді тарихи деп атады. Алайда бәрі құрдымға кетті. Болашақта Женева саммиті де осындай күй кешпесе деймін", - деді сарапшы.

Андрей Кортунов Байденнің Ресей президентімен кездесуді қысқа мерзімде тез ұйымдастыруы да жақсы нышан екенін айтты. Себебі алдыңғы президент Дональд Трамп Владимир Путинмен алғашқы және соңғы кездесуін өткізуі үшін жарты жыл уақыт жұмсаған болатын.

Еуропа, санкциялар және Украина

АҚШ пен Ресей арасындағы аздаған "жылымық" Вашингтонның еуропалық одақтастарының антиресейлік ұстанымын біршама жібітуге ықпал етеді. Сондықтан саммиттің позитивті нәтижесі Мәскеу үшін геосаяси аспектіде де тиімді деп санайды Валерий Гарбузов.

"Брюссельдегі Ресеймен ынтымақтастықты жақтаушылар үшін енді біршама жеңіл болады. Себебі ЕО үнемі Вашингтонға қарайлап келді. Олар Ресей бойынша америкалық позицияны есепке алады. Менің ойымша, Германия, Италия және Франциядағы әріптестерімізге Мәскеумен өзара әрекеттестік бойынша жаңа бастамалар, форматтар ұсыну жеңіл болады", - деп түсіндірді Андрей Кортунов.

Сарашы 2014 жылы жүмысын тоқтатқан Ресей – НАТО кеңесін қайта іске қосуға ықпал етуі мүмкін деп санайды.

Ал ММХҚИ доценті Иван Тимофеев Ресейге қарсы батыстық санкцияларда қандай да бір өзгеріс болмайды деп пайымдады.

"Жақын уақытта ешқандай америкалық санкцияны алып тастамайды. Оған еш себеп жоқ. Бірқатар санкция АҚШ заңнамасында көрініс тапты. Байден оларды "Солтүстік ағын – 2" жобасы секілді тоқтатуы мүмкін, бірақ күшін жоя алмайды. Санкциялар жеңілдетілмейді. Бірақ жаңа қатаң шаралар да енгізілмейді", - деді ол.

0