Денсаулық

Балмұздақты қалай таңдау қажет – диетолог кеңес берді

© Photo : CC0 / StockSnapМороженое
Мороженое - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Маман балмұздақты қалай таңдау қажеттігі және күніне қанша жеуге болатыны туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым - Sputnik. Ресейлік дәрігер-диетолог Елена Соломатина адам денсаулығына зиян келтірмейтін балмұздақты таңдауға қатысты кеңес берді.

Медицина ғылымдарының кандидаты балмұздақтың құрамына баса мән беру керектігін ерекше атап өтті. Себебі оған қантты көп қосады. Майы да аз емес. Ал ондай балмұздақты қауіпсіз десерт деп айтуға болмайды.

"Балмұздақтың екі түрі бар. Ол – пайдалы және өте зиянды. Барлығы құрамына байланысты. Сондықтан балмұздақты алғанда этикеткада жазылған құрамын қарап алу қажет. Тізім неғұрлым қысқа болса, соғұрлым жақсы. Ингрдиенттердің аз болғаны дұрыс", - деді Соломатина Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Диетологтың айтуынша, табиғи өнімнен жасалған балмұздақты таңдау қажет.

"Балмұздақтың ең қауіпсіз әрі пайдалы түрі ол – сорбет. Ондай өнім мәйегі бар табиғи шырыннан жасалады. Ал қанты болмаса, тіпті жақсы", - деп атап көрсетті дәрігер.

Осы орайда ол маңызды мәселеге баса назар аударды. Пайдалы балмұздақтың өзін көп жеп қойса, денсаулыққа зияны тиеді. Сондықтан тәттінің мөлшерін бақылап отырған жөн.

"Табиғи балмұздақты тым көп жеуге де болмайды. Балмұздақ – бұл десерт. Құрамында қанты көп. Ал пломбирде май мөлшері аз емес. Сондықтан дені сау адам үшін күніне бір порция жеткілікті. Ал қант диабеті, артық салмағы мен асқазан ауруы бар адамдарға жемеуге кеңес беремін", – деді Соломатина.

Оқи беріңіз: Құлпынай мен шиені қалай таңдау керек – маман кеңесі

Жаңалықтар
0