Вакцина

Қазақстанның оңтүстігінде вакцина құйылған құтыларды тасымалдаған көлік апатқа түсті

1248
(Жаңартылды 17:24 30.06.2021)
Вакцина құйылған құтыларды тасымалдаған көлік Алматыдан Талдықорғанға бара жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. "Спутник V" вакцинасының құтыларын тасымалдаған көлік Талдықорғанға бара жатқан жолда апатқа ұшырады. Салдарынан жеті мыңға жуық доза бүлінді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға осы жылдың 1 маусымында болды.

Ведомство ақпаратынша, "Спутник V" вакцинасы Алматыдағы Бірыңғай дистрибьютор хабынан Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілуге тиіс болған. Алайда тасымалдау кезінде көлік жол апатына түсті.

"Жүк оқиға орнынан Алматыдағы Бірыңғай дистрибьютор қоймасына, карантин аймағына жеткізілді. Олардың арасында бүлінбеген термоконтейнерлер де болды. Температура режимінің ауытқуына талдау жасалып, өнімдерде жарықшақ пен сызат бар-жоғы анықталды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Вакцина салдырғандар ауруханаға түсіп жатыр": денсаулық министрлігі түсініктеме берді

Талдау қорытындысы бойынша 6 875 доза бүлінген. Вакцинаның қалған бөлігі жарамды, деп толықтырды министрліктегілер.

Ведомстводан нақтылағандай, вакцина құтыларын "Медсервис Плюс" ҚФК" ЖШС-ға тиесілі көлік тасымалдаған. Компания бүлінген тауардың орнына жаңасын сатып алып, келтірілген шығынды толығымен өтеді. 

Айта кетсек, "Спутник V" вакцинасының бір дозасы 21,9-26 доллар тұрады.

1248
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
аурухана, коронавирус

Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағандар

4756
(Жаңартылды 17:19 28.07.2021)
Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонент 5 230 750 адамға егілған, бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8%-і

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағанын атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейді", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Ол әр екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғанын атап өтті.

Айтуынша, қазіргі таңда 8,6 миллион доза пайдаланылған, оның ішінде бірінші компонент 5 230 750 адамға егілді. Бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8 процентін құрайды. Екінші компонент 3 436 617 қазақстандыққа cалынған.

Егу пунктерінде 713 мың дозаға жуық бірінші компонент және 1 миллион 300 мың доза екінші компонент бар, деп толықтырды министр.

Цой қазақстандықтарды тағы бір мәрте вакцина салғызып, індеттен қорғануға шақырды.

4756
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Архивтегі сурет

Дәрігер коронавирустан адам керең болып қалуы мүмкін екенін ескертті

545
Дәрігер коронавирус инфекциясы адамның есту қабілетіне қалай әсер ететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Коронавируспен ауырған кезде иіс пен дәм сезу ғана жоғалмайды, есту қабілеті де нашарлауы мүмкін. Sputnik радиосына берген сұхбатында жоғары санаттағы ЛОР-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев бұған вирустың жүйке жүйесін зақымдауы себеп екенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

"Коронавирус инфекциясы – нейротропты вирус, ол жүйке жүйесін зақымдайды, сенсоневральды кереңдікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда есту жүйкесінің түкшелі жасушалары зақымдалады, сөйтіп адамның құлағы естімей қалады",- деді дәрігер.

Оның айтуынша, адам керең болып қалуы да ғажап емес.

Тағы бір себеп — бұл вирустың есту түтігін зақымдауы.

Тағы оқыңыз: Коронавируспен ауырған адамдардың ақыл-ойы төмендейді

"Вирус бізге ауа-тамшы жолымен түсетіндіктен, инфекция жұтқыншақ арқылы да өтеді. Сол кезде есту түтігінде проблема пайда болып, евстахиитке әкеп соғады", — деп түсіндірді Зайцев.

Егер естуіңіз нашарлағанын байқасаңыз, шұғыл дәрігерге қаралу қажет. Өйткені маман ғана оның себебін анықтап, емдеу жолын көрсетеді. Үйде өздігінен емделу жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, деп ескертті дәрігер.

545
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қамшыбек Қоңқабаев

Токио Олимпиадасы: 29 шілдеде қазақстандықтар қандай жарыстарға қатысады

0
(Жаңартылды 09:18 29.07.2021)
Теннисші Елена Рыбакина финалға шығу үшін маңызды ойын өткізеді. Сонымен қатар бүгін еліміздің туын көтеріп шыққан Қамшыбек Қоңқабаев жұдырықтасады

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Олимпиадада қазақстандықтардың қатысуымен өтетін жарыстардың кестесін ұсынамыз.

8.30-да су полосынан Қазақстан - Испания матчы басталды (ерлер, топтық кезең).

8.40-та академиялық ескек есу басталды, оған біздің Владислав Яковлев қатысып жатыр.

12.00-де Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасымен финалға шығу үшін күш сынасады.  

14.15-те боксшы Әбілхан Аманқұлдың  жекпе-жегі өтеді (1/8 финал, 75 келіге дейін).

15.51-де рингке ту ұстаушы Қамшыбек Қоңқабаев шығады (91 келіден жоғары).

14.18-де Ильфат Абдуллин садақ атудан өнер көрсетеді.

0
Кілт сөздер:
матчтар кестесі, олимпиада
Тақырып:
Токио Олимпиадасы