бетперде киген қыз

Аллергиясы бар адамдар коронавируспен сирек ауырады - ғалым

459
Ғалымдар бұл мәселе төңірегінде түрлі гипотеза айтуда, алайда олар дәлелдеуді қажет етеді, дейді иммунология институтының директоры

НҰР-СҰЛТАН - 2 шілде, Sputnik. Ресей федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің иммунология институтының директоры Муса Хаитов аллергиясы бар адамдар коронавируспен сирек ауыратыны туралы айтты, деп хабарлады РИА Новости.

"Пандемия басталғалы бір жарым жыл уақыт өтті. Алайда аллергиясы бар адамдардың коронавируске сирек шалдығатыны туралы дерек әу баста белгілі болды", - дейді Хаитов.

Оның айтуынша, шетелдік әріптестерінің мәліметтеріне сай аллергиялық бронхиалды астмамен ауыратын науқастар үшін коронавирус сырқат  ағымын ауырлататын фактор болып саналмайды.

"Мұның немен байланысты екенін әзірге айту қиын, түрлі гипотезалар айтылуда, алайда олар дәлелдеуді қажет етеді",  – дейді Хаитов.

Оқи отырыңыз: COVID-19: жағдайы ауыр науқастардың саны артуда – Цой

 

459
Кілт сөздер:
коронавирус, аллергия, ғалым
Архивтегі фото

Қазақ дәрігері қай жастағы балалар ковидтің ауыр түріне шалдыға бастағанын айтты

618
(Жаңартылды 15:37 24.09.2021)
Коронавирустың аса ауыр түріне бір жасқа дейінгі балалар және созылмалы патологиялары мен қосымша аурулары бар 15 жастан асқан жасөспірімдер шалдығады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Пандемия басталған кезде балалар коронавируспен көп жағдайда жеңіл немесе асимптоматикалық түрде ауырса, вирустың жаңа штамдары пайда болғаннан кейін індет күшейе бастады. COVID-19 белгілері және оның балаларға қалай әсер ететіні жөнінде педиатр, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар инфекциясы кафедрасының профессоры Лəззат Ералиева айтып берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Педиатрдың айтуынша, әлемде COVID-19 вирусының ауыр түрімен ауыратын балалар жиі тіркеле бастады. Бұл жаңа агрессивті және жұқпалы КВИ штамдарының пайда болуымен байланысты.

"Ковидті тудыратын SARS-CoV-2 вирусы баланың денесіне ауа тамшылары немесе байланыс арқылы (заттар арқылы) енеді. Балалардағы COVID-19-дың алғашқы белгілері ересектер секілді инфекция жұққан соң орта есеппен бір аптадан кейін пайда болады. Иммунитеті әлсіз балаларда инкубациялық кезең 2-3 күнге дейін қысқарады. Бастапқы кезеңде ауру қарапайым суық тигенге ұқсайды: тамақ ауырып, мұрын бітеледі және дене температурасы жоғарылайды", - деп түсіндірді Ләззат Ералиева.

Оның айтуынша, келесі 2-3 күн ішінде жеңіл жөтел, әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, кеудедегі ауырсыну, ентігу және үлкен дәреттің сұйылуы секілді белгілер қосылады.

КВИ-дің аса ауыр түріне бір жасқа дейінгі балалар және созылмалы патологиялары мен қосымша аурулары бар 15 жастан асқан жасөспірімдер шалдығады.

"Әдетте балалар ауырғаннан кейін 7-11 күнде қалыпқа келе бастайды. Балада COVID-19-ға тән алғашқы белгілер пайда болған кезде бірден педиатр дәрігерін шақыру керек. Ең бастысы мынаны есте сақтаңыз: балаға өз бетінше диагноз қоюға, өз бетінше емдеуге және өзге де белгілердің пайда болуын күтуге мүлдем болмайды!", - деп атап өтті медицина ғылымдарының докторы.

Ол қазіргі уақытта балаларды коронавирустан қорғаудың нақты құралдары жоқ екенін айтты.

Балаларды вирустан қорғаудың жалғыз әдісі – ересек тұрғындарды вакцинациялау және жұқтырғандармен байланыста болмау.

Оқи отырыңыз:

618
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Салат, архивтегі сурет

Суық күйінде жеу керек қандай тағамды ысытуға болмайды

443
(Жаңартылды 12:06 24.09.2021)
Бұл өнімдерді анда-санда ысытып жеуге болады. Алайда үнемі әдетке айналдыруға болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Кейбір өнімдер ысытқан соң қауіпті болады. Диетолог, нутригенетик Ольга Лушникова Sputnik радиосына қандай тағамды пісіре сала немесе тек суық күйінде жеуге болатынын айтып берді.

"Жұмыртқа, саңырауқұлақ, сарымсақ, кез келген ет, қызылша, күріш, асжапырақ сынды өнімдерді жылытуға болмайды. Олардың құрамындағы нитраттар нитрозаминге алмасады. Ал олар канцероген саналады, улы болып кетуі мүмкін", – деді Лушникова.

Бұл өнімдерді анда-санда ысытып жеуге болады. Алайда үнемі әдетке айналдыруға болмайды.

"Мысалы, піскен ет келесі күнге қалса, суық күйінде жеген жөн. Салат немесе сэндвичке қосуға болады. Пластик ыдыста ысытпау керек", – деді диетолог.

Алайда асқазан-ішек жолы сырқаты барларға суық тағам жемегені дұрыс.

Оқи отырыңыз: 

443
Кілт сөздер:
зиянды тағамдар
Тақырып бойынша
Аспаз тағамды Қадыровтың үстіне төңкеріп ала жаздады – ыңғайсыз сәттің видеосы
Кез келген үстелден табылады: Дәрігер өлімге әкелетін тағамды атады
Мамандар бауыр үшін қауіпті жеті тағамды атады
Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады
Дәрігер ыстықта қандай тағамды жеу қауіпті екенін айтты
Архивтегі фото

Тоқаев қордаланған мәселелерге назар аударды

0
Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнімдерді эспорттау саласындағы қордаланған мәселелерге назар аударды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар туралы баяндамасын тыңдай келе, шикізат экспортын ұлғайту үкіметтің күн тәртібіндегі өте маңызды мәселе екенін атап өтті.  

Оқи отырыңыз: Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев

Оның пікірінше, экспортқа қатысты кедергілерді жою, экспорттың географиясы мен номенклатурасын кеңейту, ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау үшін бүкіл үкіметтің күш-жігерін жұмылдыру керек. Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдегі мекемелері экспортты ілгерілету, нарықтарға жол ашу және кедергілерді жою жөніндегі жұмыстарға белсенді атсалысуы қажет.

"Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді. Транзиттік жүктер өтеді, ал біздің жүктеріміз шекарада қалып қояды. Қазақстандық тауарлар тиелген мыңдаған вагон бекеттерде тұр. Бизнес тікелей президенттен көмек сұрайды. Мұндай жағдайларда үкімет жедел әрекет етіп, серіктестермен арадағы барлық мәселені реттеуі тиіс", – деді мемлекет басшысы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында.

 Отырыстың күн тәртібінде төрт мәселе қарастырылды. Олар: ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар және аумақтық даму жоспарының жобасы.

0