Вакциналау

Вакцина алғандар және алмағандар COVID-19-бен қалай ауырады маман жауабы

185
(Жаңартылды 11:14 03.07.2021)
Вакцина салдырған адамдар да коронавирус жұқтырады, әдетте, оларда ауру белгілері байқалмайды

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. COVID-19 инфекциясымен екпе алмағандар ғана емес, вакцина салдырғандар да ауырып жатыр. Sputnik радиосына сұхбат берген "Клиникал Экселанс Груп" компаниясының бас директоры, иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков вакциналанған адамдар қалай ауыратынын айтты.

Вакцина салғызғандар коронавирустың ауыр түрімен өте сирек ауырады. Бұл екпеге дейін және одан кейін ауырудың басты айырмашылығы, деп атап өтті иммунолог.

"Егер адам вакцина алғаннан кейін індетке шалдықса, көп жағдайда ауру жеңіл өтеді. Десе де ауыр түріне шалдығу ықтималдығы аз да болса бар, алайда бұл ықтималдық 98-99 процентке төмен", - деді Крючков.

Вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, вирус бөліп, қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Бірақ бұл бұл кезең әдеттегіден қысқа болуы мүмкін, деді ол.

"Әдетте ол кезең симптом пайда болғаннан бастап бір аптаға дейін созылады. Бұл жағдайда үш-төрт күнді құрайды", - деп нақтылады Крючков.

Оның сөзінше, вакциналанған адам айналасындағылар үшін қауіпті екенін білмеуі мүмкін. Өйткені, әдетте, ол адамда коронавирус инфекциясының белгілері байқалмайды.

185
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (376)

Коронавирус адам өмірінің орташа ұзақтығын 10 жылға қысқартады

1175
(Жаңартылды 09:59 28.09.2021)
Келешекте коронавирус инфекциясымен жақсы күресетін адам генотиптері басымдыққа ие болады, дейді ғалым

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ғалымдар коронавирустың пайда болуына байланысты адам өмірінің орташа ұзақтығы шамамен 10 жылға қысқаруы мүмкін дейді, деп жазды РИА Новости.

"Адам жас болса және иммунитеті жақсы болса, коронавируспен немесе басқа да ағзаға жұғатын аурумен күресе алады. Қартайған сайын адамда ауру көбейеді, коронавирус та соның бірі саналады. Сондықтан орташа өмір сүру ұзақтығы төмендейді... Бізде жаңа табиғи жау пайда болды, ол бізді біртіндеп кеміреді", - дейді биология ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының медицина-генетикалық ғылыми орталығының функционалды геномика зертханасының бас ғылыми қызметкері Анча Баранова.

Биолог вирустың табиғи түрде әлсірейтінін де айтты. Алайда пандемия басталған екі жылда вирустың әлсірегені аса байқалмайды.

"Кез келген популяцияда табиғи сұрыптау бар. Адамда да солай. Коронавируспен күресуге жарамсыз генотиптер саны азаяды, ал қауіпті вируспен күресуге жарайтыны аман қалады. Екі-үш ұрпақтан кейін адамдар коронавируспен, тіпті дәрі-дәрмексіз де жақсы күресетін болады. Адамзатты азаптайтын вирустар құрылымы өзгеруі мүмкін, тұмау да азаюға тиіс",- дейді Баранова.

Сарапшының айтуынша, медицинада үлкен серпіліс болуы мүмкін екенін де естен шығармау керек.

Оқи отырыңыз: 

1175
Кілт сөздер:
коронавирус, өмір
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы табылды – Цой үндеу жасады
Коронавирустың ETA штамы: белгілері мен қаупі
Қытайлар коронавирустың пайда болуына қатысты тағы бір болжам жасады
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны төмендеп жатыр – Цой
Індеттен тағы 42 қазақстандық қайтыс болды
Алматы көшесіндегі адамдар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны төмендеп жатыр Цой

1890
(Жаңартылды 10:02 28.09.2021)
Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, соңғы айда тәулігіне індетке шалдыққандар саны 3,6 есе төмендеген.

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде вирус жұқтыру мен өлім-жітім көрсеткіші төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, Қазақстанда аурушаңдық соңғы екі аптада 36%-ке төмендеді.

"Елімізде тамыздың екінші жартысынан эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқаны байқалады. Аурушаңдық 3,2 есеге (аптасына 54 914 адамнан 17 341 адамға дейін), ал өлім-жітім 2,7 есе (аптасына 945-тен 346 жағдайға дейін) төмендеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Сондай-ақ министрдің мәліметінше, соңғы айда тәулігіне індетке шалдыққандар саны 3,6 есе төмендеген. Стационарлық емде жатқан науқастар саны да 2,4 есе – 27 тамыздағы жағдай бойынша 25 мыңнан 27 қыркүйекте 10,5 мың адамға дейін азайды. Амбулаторлық ем қабылдап жатқан пациенттер саны 1,7 есе – 89 мыңнан 51 мың адамға дейін қысқарды.

Сонымен қатар Цой 23 тамыздан бері тәулігіне коронавирустан сауығып шыққандар саны тәулігіне вирус жұқтырғандар санынан асып түскенін мәлімдеді.

"Бұл да эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын көрсетеді", - деді ол.

Жалпы республикада 57 ковидтік стационар жабылған.

Бұған қоса, ведомство басшысы эпидемиологиялық ахуал матрицасына тоқталды.

Қазір "жасыл" аймақта 4 өңір – Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары тұр.

Қазақстан Республикасы мен 8 өңір – "сары" аймақта. Олар Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қалған 5 өңір "қызыл" аймақта орналасқан.

Оқи отырыңыз: 

  • Вакциналанған адамдарда "жасыл" статус қанша уақытқа дейін сақталады – жаңа қаулы
  • "Барлығы той өткізе алады деген сөз емес": Тоғжанов үкіметтің шешімін түсіндірді

 

1890
Кілт сөздер:
коронавирус, денсаулық сақтау министрлігі
Тақырып бойынша
Жүктілік және COVID: Маңғыстауда вирус жұқтырған жүкті әйелдердің суреті пайда болды
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0