Дәрігерлер, көрнекі фото

Коронавируспен ауырғандарға қатысты жаңа дерек жарияланды

81
Қазақстанда бір күн бұрын коронавирус 2 765 адамнан анықталған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 3 003 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оқи отырыңыз: "Жаппай тексеріс болады": вакцина салдырмағандар қанша айыппұл төлейді

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында -  791,
  • Алматы қаласында - 391,
  • Шымкент қаласында – 169,
  • Ақмола облысында – 105,
  • Ақтөбе облысында - 78,
  • Алматы облысында - 112,
  • Атырау облысында - 154,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 73,
  • Жамбыл облысында - 34,
  • Батыс Қазақстан облысында - 173,
  • Қарағанды облысында - 496,
  • Қостанай облысында - 53,
  • Қызылорда облысында - 56,
  • Маңғыстау облысында - 186,
  • Павлодар облысында - 71,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 19,
  • Түркістан облысында - 42.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 433 931 жетті.

81
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2540)
Тақырып бойынша
Қазақстандық дәрігерлер: коронавирустың клиникалық сипаты өзгерді
Вакцина алғандар және алмағандар COVID-19-бен қалай ауырады – маман жауабы
ДДҰ пандемияның қауіпті кезеңіне қатысты мәлімдеме жасады
"Баланы шұғыл ауруханаға жатқызу керек": дәрігерлер қауіпті синдром туралы ескертті
Ресейлік вирусолог: адамзат тарихында пандемия аз болған жоқ

Екпенің әсерін коронавирус симптомынан қалай ажыратуға болады

104
(Жаңартылды 22:18 26.07.2021)
Шаршаңқылық, қалтырау, бас пен бұлшықет ауыруы екпеден кейін бірнеше күн өткен соң басылады, ал коронавирус кезінде бұл симптом күшейе түседі

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Лондонның Корольдік колледжінің ғалымдары адамның коронавирус жұқтырғанын немесе вакцинаның жанама әсеріне тап болғанын қалай анықтауға болатынын айтты. Олар ерте пайда болатын коронавирус пен қазір Ұлыбританияда қолданылатын төрт вакцинаның жанама әсерін салыстырды. 

Зерттеуге Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Janssen вакциналарын салғызған 15 мыңға жуық адам қатысты, деп жазды РИА Новости. 

Төрт мыңға жуық қатысушы екпе салғызғаннан кейін "коронавирус белгілеріне ұқсас" күйді бастан кешіргенін айтқан. Олардың 2%-і расында да вирус жұқтырғаны белгілі болды. Ал коронавирус белгісіне ұқсайтын симптомдар байқалмаған 11 мың адамның 0,8%-інде ПТР-тест коронавирус жұқтырғанын растады. Демек қалыпты өмірде екпе салғызған 11 мың адамның 88-і инфекция жұқтырғанын білместен, көшеде бейқам жүре берер еді. 

Ғалымдар ерте анықталған коронавирус пен вакциналаудың ортақ симптомы қатарында шаршаңқылық, бас пен бұлшықеттің ауыруы, қалтырауды атады. Бұл симптомдарды вакцина салғызғандардың 76%-і байқаған.

Әдетте екпе салғызғаннан кейін үш күн өткен соң бұл симптомдар бәсеңдейді. Ал коронавирус жұқтырған жағдайда, керісінше, асқына түседі де, жетінші күні шарықтау шегіне жетеді. Инфекция жұқтырғандарда сондай-ақ тамақтың ауыруы күшейіп, түшкіру және дауыс қарлығу байқалады. 

Зерттеушілер бұл уақыт болжамды екенін айтады. Себебі зерттеуге қатысушылардың инфекцияны нақты қай кезде жұқтырғаны белгісіз. Сондай-ақ кейбір адамдарда ауру симптомсыз болған. 

"Дельта" штамм симптомы

Коронавирус жұқтырған науқастарда ауру симптоматикасы өзгергені байқалады. Себебі адамдар иіс сезудің жоғалуына аз шағымданатын болған. Алайда асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуы, іш ауруы сынды белгілер жиі тіркеліп отыр.

104
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2540)
Тақырып бойынша
Ыстық ауа райында коронавирус ауыр өтеді - дәрігер
Коронавирус жұқтырмау үшін антидене көлемі қандай болуы керек – дәрігер жауабы  
Елімізде қанша адам вакцинадан кейін коронавирус жұқтырды
Қазақстанда тағы 6 631 адамнан коронавирус табылды
Бір тәулікте Қазақстанда 90 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
жүрек

Дәрігер инфаркттың жасырын белгілерін атады

1322
Дәрігер Александр Мясников инфаркт пен инсульт туындауына себепші негізгі факторларды атады

НҰР-СҰЛТАН - 26 шілде, Sputnik. Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде инфаркттың көп жағдайда аса байқала бермейтін белгілерін атады.

Маманның айтуынша, кеуде тұсындағы ауырсыну, ентігу, қатты терлеу және әлсіздік осы қауіпті күйдің жиі кездесетін симптомы саналады. Сонымен қатар бұл негізгі белгілерден бөлек мойын, иық немесе жақтың ауыруы, сөздерден жаңылу, қарынның кебуі, қыжыл да жүрек жұмысында ақау пайда болғанын білдіреді. Дәрігердің  пікірінше, бұл күй көп адамда кездескенімен, олар бұл жағдайда жедел жәрдем шақыруға асықпайды.

"Ентігу болсын, ауырсыну болсын, жасырын немесе айқын белгілердің барлығы не себепті туындағанын анықтау керек. Егер уақытылы дәрігер көмегіне жүгінсеңіз, өлім қаупі – 3-6 процент, ал дер кезінде маманның алдына бармасаңыз 33 процентті құрайды. Сондықтан инфаркт туындау қаупінің деңгейін алдын ала білу керек", - деді Мясников.

Дәрігер жас ерекшелігі (45-тен асқан ерлер мен 50-ден асқан әйелдер), ерте инфаркт пен инсультқа қатысты тұқым қуалаушылық, темекі шегу, тығыздығы төмен холестериннің жоғары болуы және тығыздығы жоғары холестериннің төмен болуы, қандағы қант құрамы мен артериялық қысымның жоғарылуы және семіздік негізгі қауіп факторлары екенін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 17,5 миллионнан астам адам жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан қайтыс болады. Сонымен қатар ерте инсульт пен инфаркттың шамамен 80 процентінің алдын алуға болады деген болжам бар. 

1322
Кілт сөздер:
дәрігер, жүрек
Архивтегі фото

Алматыда пәтер тонауды кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды

0
Пәтер тонаушылар қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника,  әшекей секілді құнды заттардың бәрін алып кетіп отырған  

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алматыда үш ер адам өзгенің пәтеріне кіріп, құнды заттарды ұрлауды кәсіп еткен. Қазірге дейін олардың 5 қылмысы әшкереленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, қаскөйлер аула аралап, көпқабатты үйлердің терезесі мен кіреберісін бақылаған.

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов қаскөйлер жұмыс күндері, адамдар жұмыста болған кезде әрекет еткенін айтты.

"Олар кілт таңдау арқылы есікті ашып, құнды заттардың бәрін алып шыққан. Бұл қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника және түрлі әшекейлер. Екеуі үйді тонап жатқанда, үшіншісі көлікте отырып, қауіпсіздікті бақылаған", - дейді Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта үшеуі де ұсталды.

Соңғы рет қаладағы бір пәтерден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған. Шығынның жалпы көлемі – миллион теңге. Қолға түскен кезде ұсталғандар заттай айғақтан құтылып үлгермеген. Олар тұтқындау кезінде тәркіленді. Қазір қылмыстық үштік уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ("ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, ұсталғандардың барлығы Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

0