Денсаулық

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 34 адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Қазақстанда пандемия басталғалы бері 4544 адам коронавирустың салдарынан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 28 адам, пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

8 шілдедегі мәлімет бойынша 35 554 адам коронавирус инфекциясынан (34 265 КВИ+ және 1 289 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 940 пациент стационарда, 24 614 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Еуропа коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды міндеттей ме?

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 709 адамның жағдайы ауыр,
  • 161 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 91 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0