Денсаулық

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

© REUTERS / BENOIT TESSIERВрач в защитной маске стоит, опираясь на стену, в больнице с коронавирусом
Врач в защитной маске стоит, опираясь на стену, в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Елімізде 36 723 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 32 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Жағдай ушығып барады: бір тәулікте 3 000-ға жуық адам COVID-19 жұқтырды

9 шілдедегі мәлімет бойынша 36 723 адам коронавирус инфекциясынан (35 361 КВИ+ және 1 362 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 534 пациент стационарда, 25 189 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 735 адамның жағдайы ауыр,
  • 169 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 93 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0