Дәрігер, көрнекі фото

Бір тәулікте қанша қазақстандық індеттен көз жұмғаны белгілі болды

74
Қазір коронавирус инфекциясынан 42 мыңға жуық адам емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте 34 адам коронавирустан, үш адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: COVID-19: Қазақстанда тағы 4000-ға жуық адам вирус жұқтырды

12 шілдедегі мәлімет бойынша 41 980 адам коронавирус инфекциясынан (40 545 КВИ+ және 1 435 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 568 пациент стационарда, 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 815 адамның жағдайы ауыр,
  • 189 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 126 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
74
Кілт сөздер:
Қазақстан, қайтыс болды, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2528)
Тақырып бойынша
Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа кірді
Тағы бір облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді
Әділет министрлігі міндетті вакциналауға қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтанда вакцина алған екі тұрғын iPhone 12 ұтып алды
Коронавирустың екі бірдей штамын жұқтырған әйел қайтыс болды
Вакцина

"Cпутник V" вакцинасы қатерлі ісікке шалдыққан пациенттерге де салынуы мүмкін

63
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі "Cпутник V" бойынша әдістемелік ұсынымдарды жаңартты, оған қатерлі ісігі бар науқастар да енген

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі қатерлі ісікке қарсы емді аяқтаған онкопациенттердің барлығына "Cпутник V" вакцинасын салуға кеңес берді.

Бұл туралы вакцинаның Telegram-дағы аккаунты Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған әдістемелік ұсынымдарына сілтеме жасап хабарлады.

"COVID-19 профилактикасына арналған Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вакцинасы бастапқы кезеңі мен ауру түріне қарамастан, қатерлі ісікке қарсы емді аяқтаған барлық онкологиясы бар пациенттерге еш қосымша шектеусіз ұсынылады", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі сенбі, 24 шілдеде таратқан құжатта.

63
Кілт сөздер:
қатерлі ісік, вакцина, коронавирус
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Алмаз Шарман

"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

3399
Ғалымның айтуынша, вакцина алмаған қазақстандықтар өз денсаулығына және жақындарына қауіп төндіреді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман вакцина алмаған азаматтар мен антиваксерлердің жағдайын жүзіп келе жатқан кемеге қауіп төндіретін айсбергпен салыстырды, деп хабарлады Almaty.tv.

"Мен, әдетте, осы аллегорияны келтіремін: біз бәріміз кемеде жүзіп жүрміз және індет кезеңі жоқ, бетперде тағуға болмайтын аралдамыз. Бұл кеменің жолында кенеттен үлкен айсберг тосқауыл болады және біз оған қарай бет алдық. Айсберг дертін жұқтырған – бұл вакцина алмағандардың бәрі. Айсбергке тап болмас үшін біз кемені тоқтату үшін бар күшімізді саламыз. Ол үшін біз бетперде тағып, карантин жариялаймыз. Инфекцияның алдын-алудың  жалғыз жолы – айсбергті ерітетін  екпе салдыру. Ал мұны тек вакцина арқылы ғана жасауға болады", – деді Шарман өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады

Ғалымның айтуынша, вакцина алмаған қазақстандықтардың 80%-тен астамы өз денсаулығына және жақындарының, әсіресе қарт адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді.

"Дәл қазір екі компонентті вакцина алу өте маңызды. Коронавирусты емдеудің басқа жолы жоқ. Емдеу тыныс алу жолдарынан тұрады. Ешкім науқастың реанимацияға, жасанды тныс алдыру аппаратына түспейтініне кепілдік бермейді", – деді Шарман.

Қазақстандық вирусолог ғалым Алматы тұрғындары екпе алу арқылы коронавирустың мутациясына кедергі келтіруі мүмкін екенін айтты. Ол вирус вакциналанбаған адамдардың денесінде ғана өзгеретінін түсіндірді.

3399
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Стенд компании Еврокоптер группы АО НК Казахстан инжиниринг

Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды

0
Бұған дейін Қазақстанның авиация индустриясы өкілдері авиасалонға көрермен ретінде қатысып келді. Осы жылы тұңғыш рет олар өз стендін таныстырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik, Мария Науменко. Осы жылы Қазақстан халықаралық авиация-ғарыш салоны шарасында серіктес мемлекет болды. Мәскеу маңындағы Жуков қаласында республика атынан авиация және ғарыш өнеркәсібінің үлкен павильоны таныстырылды.

Sputnik тілшісі павильонда болып, қазақстандық компаниялар Ресейдегі көрмеде қандай техниканы таныстырғанын және Ресей Федерациясымен бірлесіп қандай жобаны жүзеге асырып жатқанын біліп қайтты.

Ғарыш саласындағы ынтымақтастық

Ресей авиақұрылыс пен ғарыш саласында Қазақстанмен өзара әрекеттестікті дамытады. Бұл туралы ХАҒС-2021 Халықаралық авиация-ғарыш салоны ашылуы кезінде РФ президенті Владимир Путин мәлімдеді.

"Біз авиақұрылыс сынды жоғары технологиялық салада қазақстандық әріптестерімізбен және Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктестерімізбен өзара әрекеттестікті дамытуды көздеп отырмыз. Біздің кәсіпорындар бірқатар перспективалы жобаны жүзеге асырып жатыр. Мысалы, Қазақстанда МИ тобындағы тікұшақтар құрастырылып жатыр, "Роскосмос" желісі бойынша бірлескен "Бәйтерек" жобасы ілгерілетілуде. Экологиялық таза зымыран тасымалдағыш көмегімен "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған ұйымдастырушылық-техникалық құрылымды дайындау аталған жобаның мақсаты болады", - деді Ресей президенті.

Стенды казахстанских компаний в национальном павильоне на МАКС-2021
© Photo : Пресс-служба АО НК "Казахстан Инжиниринг"
ХАҒС-2021 көрмесінде ұлттық павильондағы қазақстандық компаниялардың стенді

Авиасалон аясында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитеті Нұр-Сұлтанда құрастырылған Ғарыш аппаратын құрастыру-сынау кешені (ҒАҚСК) мен "Союз-5" зымыран тасымалдағыш макетін ұсынды.

Ғарыш аппаратын құрастыру-сынау кешені алты тоннаға дейінгі ғарыш аппараттары мен олардың компоненттерін жобалау, дайындау, құрастыру және сынауға арналған технологиялық және өндірістік база болып саналады.

Қазақстандық "Байкал"

"Байкал" жеңіл көп мақсатты ұшағын дайындау жобасындағы Қазақстан-Ресей кооперациясы ХАҒС-2021 көрмесіндегі басты оқиғаның біріне айналды. Болашақта "Байкал" ескірген Ан-2 ұшағын алмастыруы керек.

Қазақстандық тарап аталған жобаға 1 миллиард рубль көлемінде инвестиция салды. Есесіне Қазақстан жобадағы миноритарлы үлеске (акциялардың бақылаушы емес пакеті) және сол ұшақтардың өндірісіне арналған лицензияға ие болады.

"Қазір ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ осы жобаны қаржыландыруға қатысып отырмыз. Алайда "Орал азаматтық авиация зауыты" АҚ-мен арадағы келісімшарт бойынша ұшақтың лицензиялық өндірісін Қазақстанда ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", - деді "Қазақстанның авиация индустриясы" ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы Игорь Сыздықов.

Қазақстанның авиация индустриясындағы ұшақтардың толыққанды өндірісі 2024 жылы басталуы керек. Мамандар кәсіпорын қуаты жылына 50-30 ұшақ дайындауға мүмкіндік береді деп санайды. Сондай-ақ Қазақстан басқа мемлекеттер үшін "Байкалдың" экспорттық нұсқасын да шығара алады.

Игорь Сыздықов Қазақстан ресейлік тараптың ұсынысымен ХАҒС-2021 серіктесі атанғанын атап өтті. Бұған дейінгі жылдары Қазақстанның авиация индустриясы өкілдері авиасалонға көрермен ретінде қатысып келді. Осы жылы тұңғыш рет олар өз стендін таныстырды.

Модель пилотской кабины на стенде казахстанской компании на МАКС-2021
© Photo : Пресс-служба АО НК "Казахстан Инжиниринг"
ХАҒС-2021 көрмесінде қазақстандық компаниялар стендіндегі пилоттық кабинаның моделі

Сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпорында Су-30СМ ұшақтарын жөндеу бойынша компанияның ресейлік "Иркут" авиақұрылыс корпорациясымен бірлескен жобасы бар.

"Біз ұшақтардың алғашқы жөндеуін 2025 жылы бастауды жоспарлап отырмыз. Қазір өндіріске дайындалып жатырмыз. Авиасалон аясында ресейлік серіктестермен кейбір мәселелерді нақтылауды жоспарлап отырмыз. Бізде Су-30СМ ұшақтарына техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу жүргізу, мамандарды даярлау бойынша келісімшарт бар", - деді Sputnik агенттігіне сұхбат берген қазақстандық тарап өкілі.

Тікұшақ және пилотсыз ұшу аппараты

"Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС Халықаралық авиация-ғарыш салонында ЕС-145 жаңа тікұшағының макетін таныстырды. Кәсіпорын сондай-ақ Н-145 қос қозғалтқышты тікұшағы, Н-130 бен Н-125 бір қозғалтқышты тікұшақтарының ірі торапты құрастыруы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асырып, ұшу-техникалық құрамды даярлайды.

"Жақында біз Мәскеу авиация орталығы үшін ЕС-145 тікұшағын қалпына келтіруді қамтитын жөндеу бойынша Ресеймен ірі жобаны аяқтадық. Тікұшақ төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттілігі үшін қолданылады", - деді "Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС коммерциялық директоры Александр Савельев.

Сонымен қатар Қазақстан салон барысында өзінің алғашқы пилотсыз ұшатын әуе нысанының имитаторын таныстырды. Дрон құрлықтағы әскердегі әуедегі шабуылға қарсы қорғанысқа зенитші атқыштарды үйретуге арналған.

Тамыз-қыркүйекте аталған пилотсыз ұшатын аппарат соңғы әскери сынақтан өтіп, 2022 жылы Қазақстан Республикасындағы құрлықтағы әскер қарулануына қабылдануы керек.

Гендиректор АО 811 Авторемонтный завод КИ Рамиль Баязитов
© Sputnik / Мария Науменко
"Қазақстан инжиниринг - 811 автожөндеу зауыты" АҚ бас директоры Рамиль Баязитов

"Біздің пилотсыз ұшатын техника шетелдік аналогтардан әлдеқайда арзан және Қазақстанның қатал ауа райына, яғни жойқын желге, аязды қысына және аптап ыстық жазына төзімді", - деді Sputnik тілшісіне "Қазақстан инжиниринг - 811 автожөндеу зауыты" АҚ бас директоры Рамиль Баязитов.

Бұған дейін Қазақстанның қорғаныс министрлігі дрондарды тек шетелден, атап айтсақ, Ресей, Беларусь және Израильден сатып алатын. Енді республика жылына 10 данаға дейін пилотсыз ұшу аппаратын шығара алады.

Жуков қаласындағы Халықаралық авиация-ғарыш салоны авиа-ғарыш саласындағы жетістіктер мен техникаларды таныстыруға арналған әлемдегі ең ірі көрменің бірі. ХАҒС-2021 көрмесіне 140 мыңнан астам маман, сондай-ақ 570 мыңнан астам көрермен мен қонақ қатысты. Салон жұмысы 25 шілдеде аяқталады.

Sputnik агенттігі – авиасалонның ресми ақпараттық серіктесі.

Халықаралық авиация-ғарыш салонында қазақстандық павильонда авиация техникасы мен жабдығын дайындауға мамандандырылған мына жетекші кәсіпорындар өнімі таныстырылды: "Қазақстанның авиация индустриясы" ЖШС, "Еурокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС, "Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ, "Байтерек" БК" АҚ, "Тыныс" АҚ, "№405 авиажөндеу жұмысы" АҚ, "811 автожөндеу зауыты", "Қазаэронавигация" РМК және басқалар.

0