Жедел жәрдем көлігі

"Бұл өміріңізді құтқарады": дәрігер қандай жағдайда жедел жәрдем шақыру керектігін айтты

164
(Жаңартылды 11:30 13.07.2021)
Мамандар гипертониялық криздің алдын-алу бойынша кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Гипертониялық криз тудыратын жоғары қан қысымын алдын-ала белгілер арқылы уақытында анықтауға болады. Бұл туралы РИА Новости Daily Express газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Американдық медициналық клиниканың дәрігерлері егер өзіңіз немесе жақындарыңыздың біреуі шатасу, көру қабілетінің төмендеуімен бірге кеуде қуысында немесе бас ауруын сезінсе, тез арада жедел жәрдем шақыруға кеңес береді.

Басқа да қауіпті белгілердің арасында жүрек айнуы мен орынсыз мазасыздану бар.

Оқи отырыңыз: Кофені күніне неше рет ішуге болады – дәрігер кеңесі

Мамандар ентігу мен ұстаманың пайда болуын гипертониялық криздің айқын белгісі деп санайды. Егер сіздің қасыңыздағы адам сұрағыңызға жауап беруді тоқтатса, ерекше назар аудару қажет.

164
Кілт сөздер:
жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, жүрек, дәрігерлер, дәрігер, жедел жәрдем
Тақырып бойынша
Экстракорпоральды ұрықтандыру: жүктілік кезеңдері мен ерекшелігі
Дәрігер сорпаның біз білмейтін қаупін атады
Ғалымдар адам өмірін ұзартатын 3 сусынды атады
Дәрігер ыстықтан қалай қорғану керек екенін айтты

Екпенің әсерін коронавирус симптомынан қалай ажыратуға болады

106
(Жаңартылды 22:18 26.07.2021)
Шаршаңқылық, қалтырау, бас пен бұлшықет ауыруы екпеден кейін бірнеше күн өткен соң басылады, ал коронавирус кезінде бұл симптом күшейе түседі

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Лондонның Корольдік колледжінің ғалымдары адамның коронавирус жұқтырғанын немесе вакцинаның жанама әсеріне тап болғанын қалай анықтауға болатынын айтты. Олар ерте пайда болатын коронавирус пен қазір Ұлыбританияда қолданылатын төрт вакцинаның жанама әсерін салыстырды. 

Зерттеуге Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Janssen вакциналарын салғызған 15 мыңға жуық адам қатысты, деп жазды РИА Новости. 

Төрт мыңға жуық қатысушы екпе салғызғаннан кейін "коронавирус белгілеріне ұқсас" күйді бастан кешіргенін айтқан. Олардың 2%-і расында да вирус жұқтырғаны белгілі болды. Ал коронавирус белгісіне ұқсайтын симптомдар байқалмаған 11 мың адамның 0,8%-інде ПТР-тест коронавирус жұқтырғанын растады. Демек қалыпты өмірде екпе салғызған 11 мың адамның 88-і инфекция жұқтырғанын білместен, көшеде бейқам жүре берер еді. 

Ғалымдар ерте анықталған коронавирус пен вакциналаудың ортақ симптомы қатарында шаршаңқылық, бас пен бұлшықеттің ауыруы, қалтырауды атады. Бұл симптомдарды вакцина салғызғандардың 76%-і байқаған.

Әдетте екпе салғызғаннан кейін үш күн өткен соң бұл симптомдар бәсеңдейді. Ал коронавирус жұқтырған жағдайда, керісінше, асқына түседі де, жетінші күні шарықтау шегіне жетеді. Инфекция жұқтырғандарда сондай-ақ тамақтың ауыруы күшейіп, түшкіру және дауыс қарлығу байқалады. 

Зерттеушілер бұл уақыт болжамды екенін айтады. Себебі зерттеуге қатысушылардың инфекцияны нақты қай кезде жұқтырғаны белгісіз. Сондай-ақ кейбір адамдарда ауру симптомсыз болған. 

"Дельта" штамм симптомы

Коронавирус жұқтырған науқастарда ауру симптоматикасы өзгергені байқалады. Себебі адамдар иіс сезудің жоғалуына аз шағымданатын болған. Алайда асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуы, іш ауруы сынды белгілер жиі тіркеліп отыр.

106
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ыстық ауа райында коронавирус ауыр өтеді - дәрігер
Коронавирус жұқтырмау үшін антидене көлемі қандай болуы керек – дәрігер жауабы  
Елімізде қанша адам вакцинадан кейін коронавирус жұқтырды
Қазақстанда тағы 6 631 адамнан коронавирус табылды
Бір тәулікте Қазақстанда 90 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
жүрек

Дәрігер инфаркттың жасырын белгілерін атады

1337
Дәрігер Александр Мясников инфаркт пен инсульт туындауына себепші негізгі факторларды атады

НҰР-СҰЛТАН - 26 шілде, Sputnik. Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде инфаркттың көп жағдайда аса байқала бермейтін белгілерін атады.

Маманның айтуынша, кеуде тұсындағы ауырсыну, ентігу, қатты терлеу және әлсіздік осы қауіпті күйдің жиі кездесетін симптомы саналады. Сонымен қатар бұл негізгі белгілерден бөлек мойын, иық немесе жақтың ауыруы, сөздерден жаңылу, қарынның кебуі, қыжыл да жүрек жұмысында ақау пайда болғанын білдіреді. Дәрігердің  пікірінше, бұл күй көп адамда кездескенімен, олар бұл жағдайда жедел жәрдем шақыруға асықпайды.

"Ентігу болсын, ауырсыну болсын, жасырын немесе айқын белгілердің барлығы не себепті туындағанын анықтау керек. Егер уақытылы дәрігер көмегіне жүгінсеңіз, өлім қаупі – 3-6 процент, ал дер кезінде маманның алдына бармасаңыз 33 процентті құрайды. Сондықтан инфаркт туындау қаупінің деңгейін алдын ала білу керек", - деді Мясников.

Дәрігер жас ерекшелігі (45-тен асқан ерлер мен 50-ден асқан әйелдер), ерте инфаркт пен инсультқа қатысты тұқым қуалаушылық, темекі шегу, тығыздығы төмен холестериннің жоғары болуы және тығыздығы жоғары холестериннің төмен болуы, қандағы қант құрамы мен артериялық қысымның жоғарылуы және семіздік негізгі қауіп факторлары екенін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 17,5 миллионнан астам адам жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан қайтыс болады. Сонымен қатар ерте инсульт пен инфаркттың шамамен 80 процентінің алдын алуға болады деген болжам бар. 

1337
Кілт сөздер:
дәрігер, жүрек
Қасым-Жомарт Тоқаев KazRost Engineering Ltd. компаниясына барды

Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады Тоқаев

2
(Жаңартылды 14:44 27.07.2021)
Қазақстан өзін ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету қажет, деп атап өтті президент

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "KazRost Engineering Ltd." компаниясына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентінің Ақмола облысына жұмыс сапары ресейлік "Ростсельмаш" компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын "KazRost Engineering Ltd." кәсіпорнының жұмысымен танысудан басталды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді.

Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді.

Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.

"Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді президент.

2
Кілт сөздер:
азық-түлік, Қасым-Жомарт Тоқаев