Ashyq, әуежай

15 шілдеден бастап міндетті вакцинация тексеріле ме министрлік жауап берді

6301
(Жаңартылды 18:27 13.07.2021)
Мемлекеттік органдар президент тапсырмасы бойынша міндетті вакцинациялау мерзімін ұзарту мәселесін қарастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. 15 шілдеден бастап кәсіпорын қызметкерлері мен жұмыс берушілердің коронавирусқа қарсы вакцина алып-алмағаны тексерелетіні хабарланған еді. Енді бұл мерзім ұзартылатын болды. Ол туралы денсаулық министрлігі санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.

"19 шілдеден кейін қызмет көрсету саласында бұл мерзімді ұзартуға қатысты жаңа алгоритм белгілі болады. Кеше ведомствоаралық комиссия міндетті вакцинация мерзімін созу мәселесін қайта қарауды шешті. Мемлекеттік органдар мәселені қарастырып, қызмет көрсету саласы қызметкерлеріне байланысты ұсыныстар жасайды. 15 шілдеден кейін вакцинациялауды тексеру басталмайды", - деді Ержан Байтанаев.

Міндетті вакцинация

2 шілдеде бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов жаңа қаулы шығарған болатын. Оған сәйкес, халыққа қызмет көрсететін сала қызметкерлері вакцина салдыруға міндеттелді. Ал екпеден бас тартқандар апта сайын ПТР-тест тапсыруға тиіс екені айтылды.

Тізімге ХҚКО, банк, сақтандыру компаниялары, сұлулық салондары, СПА, фитнес, фотоателье, тігін ательесі, сауда ойын-сауық орталықтары, шағын маркет, супермаркет, базар, қойма, музей, кітапхана, театр, кино, галерея, қонақүй, хостел, жатақхана т.б. сала қызметкерлері енді.

Әділет министрлігі не деді

Әділет министрлігі ақпаратынша, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін Денсаулық туралы кодексте профилактикалық екпелер егу шарасы көзделген.

Кодекстің 85-бабы 4 және 8-тармақтарына сәйкес, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті. Олардың қатарына коронавирусқа қарсы профилактикалық екпе де жатады.

Бұл үкіметтің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысында айтылған.

6301
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (317)
Тақырып бойынша
"Қоғамға өте қауіпті": Тоқаев вакцина паспортын сататындарды қатаң жазалауға шақырды
Жұмыс беруші вакцина салдырмаған қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы ма
Меккеге адамдарды жалған вакцина паспортымен апарған агенттіктің әрекеті әшкере болды
Алматыда дәрігерлер жалған вакцина паспортын жасаған: қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтанда вакцина алған екі тұрғын iPhone 12 ұтып алды
аурухана, коронавирус

Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағандар

2782
(Жаңартылды 17:19 28.07.2021)
Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонент 5 230 750 адамға егілған, бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8%-і

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағанын атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейді", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Ол әр екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғанын атап өтті.

Айтуынша, қазіргі таңда 8,6 миллион доза пайдаланылған, оның ішінде бірінші компонент 5 230 750 адамға егілді. Бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8 процентін құрайды. Екінші компонент 3 436 617 қазақстандыққа cалынған.

Егу пунктерінде 713 мың дозаға жуық бірінші компонент және 1 миллион 300 мың доза екінші компонент бар, деп толықтырды министр.

Цой қазақстандықтарды тағы бір мәрте вакцина салғызып, індеттен қорғануға шақырды.

2782
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (317)
Архивтегі сурет

Дәрігер коронавирустан адам керең болып қалуы мүмкін екенін ескертті

439
Дәрігер коронавирус инфекциясы адамның есту қабілетіне қалай әсер ететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Коронавируспен ауырған кезде иіс пен дәм сезу ғана жоғалмайды, есту қабілеті де нашарлауы мүмкін. Sputnik радиосына берген сұхбатында жоғары санаттағы ЛОР-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев бұған вирустың жүйке жүйесін зақымдауы себеп екенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

"Коронавирус инфекциясы – нейротропты вирус, ол жүйке жүйесін зақымдайды, сенсоневральды кереңдікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда есту жүйкесінің түкшелі жасушалары зақымдалады, сөйтіп адамның құлағы естімей қалады",- деді дәрігер.

Оның айтуынша, адам керең болып қалуы да ғажап емес.

Тағы бір себеп — бұл вирустың есту түтігін зақымдауы.

Тағы оқыңыз: Коронавируспен ауырған адамдардың ақыл-ойы төмендейді

"Вирус бізге ауа-тамшы жолымен түсетіндіктен, инфекция жұтқыншақ арқылы да өтеді. Сол кезде есту түтігінде проблема пайда болып, евстахиитке әкеп соғады", — деп түсіндірді Зайцев.

Егер естуіңіз нашарлағанын байқасаңыз, шұғыл дәрігерге қаралу қажет. Өйткені маман ғана оның себебін анықтап, емдеу жолын көрсетеді. Үйде өздігінен емделу жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, деп ескертті дәрігер.

439
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Василий Левит

Олимпиадада нокаутқа түсіп қалған Василий Левит желіде жазба жариялады

0
(Жаңартылды 20:18 28.07.2021)
Боксшы соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін атап өтті

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында нокаутқа түсіп қалған қазақстандық боксшы Василий Левит қиын сәтте қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сіздер менімен бірге жеңістен кейінгі қуаныш пен жеңілістен кейінгі қайғыны бөлісіп келесіздер. Спорт – менің өмірім. Боксшылар арасында мынадай даналық бар: төмен құламаған адам жоғары көтерілмейді. Бұл сөз өз мақсатына ұмтылған және алға қарай жүретін кез келген адамның өмірінде қолданылады", - деп жазды Василий Левит.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Ол сондай-ақ соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгеннен кейін өзінің жалғыз емес екенін түсінгенін айтты.

"Әрқашан қолдайтын отбасым, жақын адамдарым бар. Сондай-ақ менімен жеңіс пен жеңілісті бөлісуге дайын қымбатты жанкүйерлер, сіздер барсыздар. Сіздер жолдаған хаттарды оқыған кезде өмірдегі ең құнды дүние сені түсініп, саған сенетін адамдар барын білу екенін түсіндім", - деді боксшы.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде шықты. Оның қарсыласы испаниялық боксшы Эммануэль Рейес болды.

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Бірінші раунд испаниялық боксшы пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

0
Кілт сөздер:
Василий Левит