Науқастың қолы

Тәулік статистикасы: коронавирус пен пневмониядан 59 адам көз жұмды

63
Қазіргі уақытта коронавирустан 45 мың адам ем қабылдауда. Олардың 14 700-і ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде — Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан 56 адам, пневмониядан үш науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық министрлігі.

Бір тәулікте 4 375 адам COVID, ал 167 тұрғын пневмония жұқтырды. 

14 шілдедегі жағдай бойынша 45 282 адам (–43 795+ және 1 487 КВИ-) коронавирустан ем қабылдауда. Олардың 14 698-і ауруханада, 30 584-і үйде жатыр.

КВИ+ және КВИ- жұқтырғандар бойынша:

  • ауыр жағдайда – 880 пациент,
  • аса ауыр хәлде – 198 пациент,
  • 116 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
63
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2547)
Тақырып бойынша
15 шілдеден бастап міндетті вакцинация тексеріле ме – министрлік жауап берді
Жұмыс беруші вакцина салдырмаған қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы ма
Еуропа коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды міндеттей ме?
Қазақстанда бір тәулікте COVID жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді
Нұр-Сұлтанда мұғалімдердің 85%-і коронавирусқа қарсы екпе алды
аурухана, коронавирус

Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағандар

4583
(Жаңартылды 17:19 28.07.2021)
Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонент 5 230 750 адамға егілған, бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8%-і

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағанын атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейді", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Ол әр екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғанын атап өтті.

Айтуынша, қазіргі таңда 8,6 миллион доза пайдаланылған, оның ішінде бірінші компонент 5 230 750 адамға егілді. Бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8 процентін құрайды. Екінші компонент 3 436 617 қазақстандыққа cалынған.

Егу пунктерінде 713 мың дозаға жуық бірінші компонент және 1 миллион 300 мың доза екінші компонент бар, деп толықтырды министр.

Цой қазақстандықтарды тағы бір мәрте вакцина салғызып, індеттен қорғануға шақырды.

4583
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Архивтегі сурет

Дәрігер коронавирустан адам керең болып қалуы мүмкін екенін ескертті

541
Дәрігер коронавирус инфекциясы адамның есту қабілетіне қалай әсер ететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Коронавируспен ауырған кезде иіс пен дәм сезу ғана жоғалмайды, есту қабілеті де нашарлауы мүмкін. Sputnik радиосына берген сұхбатында жоғары санаттағы ЛОР-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев бұған вирустың жүйке жүйесін зақымдауы себеп екенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

"Коронавирус инфекциясы – нейротропты вирус, ол жүйке жүйесін зақымдайды, сенсоневральды кереңдікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда есту жүйкесінің түкшелі жасушалары зақымдалады, сөйтіп адамның құлағы естімей қалады",- деді дәрігер.

Оның айтуынша, адам керең болып қалуы да ғажап емес.

Тағы бір себеп — бұл вирустың есту түтігін зақымдауы.

Тағы оқыңыз: Коронавируспен ауырған адамдардың ақыл-ойы төмендейді

"Вирус бізге ауа-тамшы жолымен түсетіндіктен, инфекция жұтқыншақ арқылы да өтеді. Сол кезде есту түтігінде проблема пайда болып, евстахиитке әкеп соғады", — деп түсіндірді Зайцев.

Егер естуіңіз нашарлағанын байқасаңыз, шұғыл дәрігерге қаралу қажет. Өйткені маман ғана оның себебін анықтап, емдеу жолын көрсетеді. Үйде өздігінен емделу жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, деп ескертті дәрігер.

541
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2547)
Картофельная запеканка

Дәрігер COVID-тен жазылғаннан кейін қалай тамақтану керектігін айтты

0
(Жаңартылды 08:40 29.07.2021)
Рационда сүт, балық, жұмыртқа, ет сияқты ақуыз көзі, сондай-ақ маусымдық жемістер мен көкөністер болуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Диета коронавирус инфекциясынан кейін ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі.

Ресейлік эндокринолог дәрігер Юргита Вараеваның айтуынша, әркелкі тамақтану COVID-19 індетінен кейін қалыпқа келу процесінде маңызды рөл атқарады. Тағамның калориясы өте жоғары болғаны жөн: тәулігіне дене салмағының килограмына 20-30 килокалория қажет.

Оқи отырыңыз: Адам ерте қартаяды – коронавирустың тағы бір қауіпті әсері анықталды 

Сондай-ақ, маманның айтуынша, бұлшықеттің семуімен күресу үшін рационда ақуыз жеткілікті мөлшерде болуы қажет.

"Рационға бүйректің жай-күйін ескере отырып, бұлшықет тіндерінің семуімен күресу үшін дене салмағының килограмына 1,2-ден екі грамға дейін ақуыз қосу керек. Сүт, ашымал сүт өнімдері, йогурт, сүзбе, балық, жұмыртқа, құс еті, ет  (шұжық өнімдері мен сосиска кірмейді), бұршақ, үрмебұршақ (фасоль), соя өнімдерімен күніне кем дегенде үш-төрт порция мөлшерінде тамақтанған жөн", - деді Вараева Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Адамның рационы неғұрлым әркелкі болған сайын, соғұрлым көп қажетті қоректік заттарды ала алады, деп толықтырды дәрігер.

"Соның ішінде маусымдық жемістер мен көкөністерге назар аударған жөн, күн сайын кем дегенде бес порция (бір порцияға шамамен 80 грамм) тұтыну қажет", - деді Вараева.

Дәрігер сонымен қатар тұрақты түрде тамақтану керектігін атап өтті.

"Кем дегенде үш рет толық тамақтанып, бір-үш рет жүрек жалғап алу маңызды. Орташа мөлшерде, бірақ жиі және тұрақты тамақтанған дұрыс", - деп кеңес берді сарапшы.

Әрине, дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары ешқашан өзгермейді: түнде ас ішпеңіз, соңғы рет ұйқыға жатарға дейін екі-төрт сағат бұрын тамақтанған жөн.  

0
Кілт сөздер:
дұрыс тамақтану, тамақ, коронавирус