Маска таққан әйел, көрнекі фото

Жүкті екенін білмей вакцина салдырған әйелдер не істеуі керек маман жауап берді

118
Маманның сөзінше, болашақта жүкті әйелдерге вакцина салуға қатысты ғылыми деректер пайда болған жағдайда Қазақстанда да бұл мәселе қарастырылуы мүмкін

АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші бөлігін салдырғаннан кейін жүкті екенін білген әйелдерге әрі қарай не істеу қажет екенін айтты.

"Вакцина алғаннан кейін жүкті екенін білсе, ештеңе жасаудың қажеті жоқ. Себебі қазір дүние жүзінде жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина жүргізу қарастырылып жатыр. (...) Жүкті әйел екі жағдайда коронавирусқа қарсы вакцина алуы мүмкін. Біріншісі – жүкті екенін білмей вакцина алу. Оның әсер ететіне қатысты дәлел жоқ, сондықтан қорықпай, ештеңе істеудің қажеті жоқ. Екінші жолы – кей әйел жүкті болса да аурудың алдын аламын деп, вакцина салдыруы мүмкін", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл.

Маманның сөзінше, болашақта жүкті әйелдерге вакцина салуға қатысты ғылыми деректер пайда болған жағдайда Қазақстанда да бұл мәселе қарастырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Байқошқарова коронавирусқа қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер ететінін айтты

Сонымен қатар инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова екпе жасау пунктерінде "Спутник V", "QazVac" вакцинасының жеткілікті екенін айтты. Шілденің соңында "QazVac" вакцинасы республика бойынша екпе пункттеріне жеткізіледі.

118
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (319)
Инфекциялық стационар

Алматы "күңгірт қызыл" аймаққа кірді: әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды

71
150 науқасқа арналған ауруханада орташа ауыр деңгейдегі және ауыр жағдайдағы науқастарды емдейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Алматы әскерилері коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдау үшін инфекциялық стационар жасақтады, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша Алматыдағы қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационар жасақтады", - деп хабарлады қорғаныс ведомствосы.

Палата в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы палата

Стационар 150 науқасқа арналған. Сонымен қатар медициналық мекемеде 50 орын соматикалық патологиясы бар әскери қызметкерлерді емдеу үшін және әскери-дәрігерлік және әскери-ұшқыштар сараптамасын жүргізу үшін бөлінеді.

"Біздің әскери госпиталь екінші эшелонға жатады. Сондықтан инфекциялық стационарға орташа ауыр және ауыр дәрежедегі науқастар жатқызылады. Жеке құрам мұндай жағдайға дайын", - деді Алматыдағы әскери клиникалық госпитальдің басшысы міндетін атқарушы Әбдіуәли Палтушев.

Кислородный баллон в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы оттегі баллоны

Оның айтуынша, госпиталь мамандарының коронавирус жұқтырғандарды емдеу тәжірибесі бар. Медициналық мекемеде жасанды тыныс алдырту және гемодиализ аппаратымен жабдықталған реанимация бөлімі жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың сәуірінен бастап әскери госпиталь дәрігерлері халыққа медициналық көмек көрсету жұмыстарына екі рет жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 430 адам емделіп шықты, оның шамамен 30%-і – ауыр және асқынған деңгейдегі науқастар.

2021 жылдың шіддесінен бастап Нұр-Сұлтандағы Бас әскери клиникалық госпиталь коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін қайта іске қосылды.

Сондай-ақ Алматы, Талдықорған және Үшаралдағы үш әскери-емдеу мекемесі азаматтарды қабылдауға дайын. Аягөз, Талдықорған, Сарыөзек және Семей әскери госпитальдарында қосымша төрт инфекциялық бөлім жұмыс істеп тұр. ПТР-тестілеу жүргізу үшін Нұр-Сұлтанда және Алматыда екі стационарлық зертхана, сондай-ақ Ақтау мен Семейде мобильді зертханалық кешендер ашылған.

71
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус, дәрігер

Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің сөзін жоққа шығарды

1552
Қазақстандықтар әлеуметтік желі мен мессенджерде қазақстандық дәрігер Айна Бакееваның видеосын таратып жатыр. Ол коронавирусқа қарсы вакциналауды "фашизм" деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің вакциналау туралы тұжырымын жоққа шығарды, деп жазды Stopfake.kz.

Шымкент дәрігері Айна Бакееваның айтуынша, ешбір вакцина клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтпеген, барлық қазақстандық коронавируспен ауырып шықты және балалар COVID-19-ды жеңіл көтереді, сондықтан вакциналаудың еш қажеті жоқ. Бакеева коронавирусқа қарсы вакциналауды "фашизм" деп атады.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі оның сөзін теріске шығарды. Қазір республикада "Спутник V", QazVac, Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары салынып жатыр. 

"Коронавирусқа қарсы Қазақстанда қолданылатын барлық вакцина бірдей қауіпсіз әрі тиімді. Заңнамаға сәйкес тіркелмеген дәрілік затты Қазақстан аумағына алып кіру кезінде препараттың сапасын растайтын өндіруші құжаты, яғни анализ сертификаттары немесе сынақ хаттамалары немесе сапа бағасының көрсеткіші бар сапа құжаты қазақ және орыс тілдерінде болуы керек", - деді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомстводағылар атап өткендей, Қазақстанда қолданылып жатқан барлық вакцина клиникалыққа дейінгі және клиникалық сынақтың үш кезеңінен де өткен.

Сонымен қатар экспериментке қатысушылардың ахуалын Бакеева айтқандай үш күн емес, орта есеппен 30 күн бақылауда ұстайды.

Республика тұрғынының барлығы коронавируспен ауырып шыққан жоқ. Статистика бойынша 18 миллион халықтың ішінде 270 мың адамның коронавирус жұқтырғаны расталған. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған балалардың арасында да өлім тіркелген жағдайлар бар, дейді министрліктегілер. 

1552
Кілт сөздер:
дәрігер, Шымкент
 Архивтегі фото

Коронавирус пен пневмония тағы 100 адамның өмірін жалмады

0
(Жаңартылды 10:57 31.07.2021)
Елімізде бір тәулікте 7 600-ден астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 330-дан астам науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустан 86, пневмониядан 14 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 шілдедегі жағдай бойынша 95 998 адам (93 366 КВИ + және 2 632 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 27 004 науқас ауруханада, 68 994 науқас амбулаторлық деңгейде емделуде.

"86 адам коронавирустан, 14 адам пневмониядан қайтыс болды. 1 677 науқас ауыр жағдайда, 349 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, 334 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар 29 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 309 адамнан анықталған, 110 адам жазылып шықты.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 7 691 адамнан табылды. Көбісі Нұр-Сұлтан (1518) мен Алматыда (1511) тіркелді.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Түркістан облысы.

0
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы