Коронавирус зақымдаған жасуша

Дәрігер коронавирустың салдары туралы: өмір бойы сақталуы мүмкін

1611
Маман көп адамда постковидтік синдром байқалады деп отыр. Көбірек қимылдап, жиі жаттығу жасауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Коронавируспен ауырып болған пациенттерде сырқат салдары үш айдан өмір бойына дейін сақталуы мүмкін.

"Көп жағдайда постковидтік синдром байқалады. Адамдардың төрттен үш бөлігінде бұл синдром он екі аптаға дейін созылады. ал қалғандарында 12 аптадан өмір бойына дейін жалғасуы ықтимал", - деді жоғары санаттағы дәрігер Алексей Водолазов РИА Новостиге.

Оның айтуынша, бұл синдромның белгілері жиырмадан алпысқа дейін жетеді. Мәселен, бас, буын, бұлшықеттер, кеуде тұсы ауырып, ұйқы бұзылуы мүмкін. Кей кезде депрессия болып, когнитивтік функциялар өзгереді.

Дәрігер мұндай жағдайдың себебі әлі белгісіз деп отыр. Ол сырқаттан тез қалыпқа келу үшін жаттығулар жасап, көбірек жүруге кеңес берді.

Коронавирустан кейін жүйе жүйесін ретке келтіру мән беру керектігі айтылған болатын.

1611
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрігер
Тақырып бойынша
"Жағдай жақсаратын емес": Тоқаев жаппай вакцина салуға қатысты не деді
Отандық вакцинаны ДДҰ-да тіркеуді жеделдету керек – мемлекет басшысы
COVID-19: президент ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырды
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Цой коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады
аурухана, коронавирус

Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағандар

4434
(Жаңартылды 17:19 28.07.2021)
Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонент 5 230 750 адамға егілған, бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8%-і

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағанын атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейді", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Ол әр екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғанын атап өтті.

Айтуынша, қазіргі таңда 8,6 миллион доза пайдаланылған, оның ішінде бірінші компонент 5 230 750 адамға егілді. Бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8 процентін құрайды. Екінші компонент 3 436 617 қазақстандыққа cалынған.

Егу пунктерінде 713 мың дозаға жуық бірінші компонент және 1 миллион 300 мың доза екінші компонент бар, деп толықтырды министр.

Цой қазақстандықтарды тағы бір мәрте вакцина салғызып, індеттен қорғануға шақырды.

4434
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Архивтегі сурет

Дәрігер коронавирустан адам керең болып қалуы мүмкін екенін ескертті

535
Дәрігер коронавирус инфекциясы адамның есту қабілетіне қалай әсер ететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Коронавируспен ауырған кезде иіс пен дәм сезу ғана жоғалмайды, есту қабілеті де нашарлауы мүмкін. Sputnik радиосына берген сұхбатында жоғары санаттағы ЛОР-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев бұған вирустың жүйке жүйесін зақымдауы себеп екенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

"Коронавирус инфекциясы – нейротропты вирус, ол жүйке жүйесін зақымдайды, сенсоневральды кереңдікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда есту жүйкесінің түкшелі жасушалары зақымдалады, сөйтіп адамның құлағы естімей қалады",- деді дәрігер.

Оның айтуынша, адам керең болып қалуы да ғажап емес.

Тағы бір себеп — бұл вирустың есту түтігін зақымдауы.

Тағы оқыңыз: Коронавируспен ауырған адамдардың ақыл-ойы төмендейді

"Вирус бізге ауа-тамшы жолымен түсетіндіктен, инфекция жұтқыншақ арқылы да өтеді. Сол кезде есту түтігінде проблема пайда болып, евстахиитке әкеп соғады", — деп түсіндірді Зайцев.

Егер естуіңіз нашарлағанын байқасаңыз, шұғыл дәрігерге қаралу қажет. Өйткені маман ғана оның себебін анықтап, емдеу жолын көрсетеді. Үйде өздігінен емделу жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, деп ескертті дәрігер.

535
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Архивтегі фото

Жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен әкелі-балалы жолаушылар көз жұмды

0
Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан әкелі-балалы көз жұмды. Трагедия жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен болған.

36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы болып отырған, деп хабарлады КТК.

Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті. Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді.

Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды

Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген. Мәліметтерге қарағанда ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр.   

0