Шприц

1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме?

2546
(Жаңартылды 18:56 21.07.2021)
Екпе салдырмаған балаларды білім алу құқығынан айырады деген қауесет негізсіз және шындыққа жанаспайды

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Әлеуметтік желіде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған балаларды мектепке кіргізбейтіні туралы ақпарат тарады. Stopfake.kz порталы бұл жалған мәлімет екенін хабарлады.

Хабарламада автор денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзіне сүйенеді. Осы жылдың 19 шілдесінде министр Қазақстанға Pfizer/BioNTech өндірген COVID-19-ға қарсы вакцинаны жеткізу жоспары жайлы баяндаған болатын. Бүгінгі таңда бұл препарат клиникалық сынақтардан өтіп, 12 жастан асқан жасөспірімдерді вакциналау үшін мақұлданған.

"Алайда бұл біздің елімізде 12 жастан асқан оқушыларға вакциналау міндетті болады және онсыз балалар мектепке бара алмай, кемсітіледі дегенді білдірмейді. Алексей Цой мұндай мәлімдеме жасаған жоқ", - делінген хабарламада.

Біріншіден, Pfizer/BioNTech вакцинасының алғашқы партиясы осы жылдың қазан айында, яғни оқу жылы басталғаннан кейін әкелінуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: ДДСҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға болатынын айтты 

Екіншіден, денсаулық сақтау министрінің өзі хабарлағандай, балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналау тек ерікті түрде ғана жүргізіледі және кәмелетке толмағандар ата-аналарының келісімімен ғана егіледі.

Демек екпе салдырмаған балаларды білім алуға конституциялық құқығынан айырады деген қауесет негізсіз және шындыққа жанаспайды. Қазақстандық оқушылар вакциналау мәртебесіне қарамастан білім алады.

2546
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (308)
Вакцина

"Cпутник V" вакцинасы қатерлі ісікке шалдыққан пациенттерге де салынуы мүмкін

92
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі "Cпутник V" бойынша әдістемелік ұсынымдарды жаңартты, оған қатерлі ісігі бар науқастар да енген

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі қатерлі ісікке қарсы емді аяқтаған онкопациенттердің барлығына "Cпутник V" вакцинасын салуға кеңес берді.

Бұл туралы вакцинаның Telegram-дағы аккаунты Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған әдістемелік ұсынымдарына сілтеме жасап хабарлады.

"COVID-19 профилактикасына арналған Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вакцинасы бастапқы кезеңі мен ауру түріне қарамастан, қатерлі ісікке қарсы емді аяқтаған барлық онкологиясы бар пациенттерге еш қосымша шектеусіз ұсынылады", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі сенбі, 24 шілдеде таратқан құжатта.

92
Кілт сөздер:
қатерлі ісік, вакцина, коронавирус
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (308)
Алмаз Шарман

"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

3747
Ғалымның айтуынша, вакцина алмаған қазақстандықтар өз денсаулығына және жақындарына қауіп төндіреді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман вакцина алмаған азаматтар мен антиваксерлердің жағдайын жүзіп келе жатқан кемеге қауіп төндіретін айсбергпен салыстырды, деп хабарлады Almaty.tv.

"Мен, әдетте, осы аллегорияны келтіремін: біз бәріміз кемеде жүзіп жүрміз және індет кезеңі жоқ, бетперде тағуға болмайтын аралдамыз. Бұл кеменің жолында кенеттен үлкен айсберг тосқауыл болады және біз оған қарай бет алдық. Айсберг дертін жұқтырған – бұл вакцина алмағандардың бәрі. Айсбергке тап болмас үшін біз кемені тоқтату үшін бар күшімізді саламыз. Ол үшін біз бетперде тағып, карантин жариялаймыз. Инфекцияның алдын-алудың  жалғыз жолы – айсбергті ерітетін  екпе салдыру. Ал мұны тек вакцина арқылы ғана жасауға болады", – деді Шарман өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады

Ғалымның айтуынша, вакцина алмаған қазақстандықтардың 80%-тен астамы өз денсаулығына және жақындарының, әсіресе қарт адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді.

"Дәл қазір екі компонентті вакцина алу өте маңызды. Коронавирусты емдеудің басқа жолы жоқ. Емдеу тыныс алу жолдарынан тұрады. Ешкім науқастың реанимацияға, жасанды тныс алдыру аппаратына түспейтініне кепілдік бермейді", – деді Шарман.

Қазақстандық вирусолог ғалым Алматы тұрғындары екпе алу арқылы коронавирустың мутациясына кедергі келтіруі мүмкін екенін айтты. Ол вирус вакциналанбаған адамдардың денесінде ғана өзгеретінін түсіндірді.

3747
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (308)
Токио Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасы

Олимпиаданың үшінші күні: қазақстандық спортшылардан кімдер сынға түседі

0
25 шілдеде Токиодағы Олимпиада ойындарында он төрт қазақстандық спортшы және су добы командасы бақ сынайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілде күні Токио Олимпиадасының үшінші жарыс күні басталады. Ұлттық Олимпиада комитеті бүгін сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарға ұсынды.

ҰОК Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағат екенін еске салды.

Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Стенд ату, скит. Әйелдер.

Әсем Орынбай, Зоя Кравченко

Басталуы: 06:00

Дзюдо. Ерлер.

Ерлан Серікжанов

Басталуы: 08:00

Теннис, жекелей сын. Әйелдер.

Ярослава Шведова, Юлия Путинцева

Басталуы: 08:00

Теннис, жекелей сын. Ерлер.

Михаил Кукушкин

Басталуы: 08:00

Семсерлесу. Ерлер.

Руслан Курбанов

Басталуы: 09:45

Нысана көздеу, пневматикалық винтовка. Ерлер.

Юрий Юрков

Басталуы: 10:00

Каноэ, слаломды есу. Ерлер.

Александр Куликов

Басталуы: 10:00

Каноэ, слаломды есу. Әйелдер.

Екатерина Смирнова

Басталуы: 10:50

Үстел теннисі. Ерлер.

Кирилл Герасименко

Басталуы: 12:30

Ауыр атлетика. Ерлер.

Игорь Сон

Басталуы: 12:50

Жүзу. Әйелдер.

Диана Назарова

Басталуы: 16:04

Бокс. Ерлер.

Зәкір Сафиуллин

Басталуы: 16:24

Су добы. Ерлер.

Қазақстан-Хорватия

Басталуы: 16:50.

0
Кілт сөздер:
жарыс, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы