Архивтегі фото

Адам ерте қартаяды коронавирустың тағы бір қауіпті әсері анықталды 

3247
Өкпе зақымданғанда адам ағзасында газ алмасу процесі бұзылады. Содан миға оттегі дұрыс бармайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Коронавирус адам ағзасына түскеннен кейін ерте қартаю процесін үдетеді. Бұл туралы ресейлік невролог Еркін Шамсиев айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясы адам ағзасына түскенде өкпе тромбозынан бөлек басқа да жағымсыз процестерді қоздыра алады. Мәселен, ерте қартаю бар. Себебі ауруға шалдыққан адам қатты күйзеліске түседі. Қорқыныш пен фобия пайда болады. Адам моральды тұрғыда қатты шаршайды. Оған қоса, вирустың адам ағзасына тигізетін табиғи әсері бар", - дейді Шамсиев.

Дәрігер коронавирустың салдары туралы: өмір бойы сақталуы мүмкін

Оның айтуынша, өкпе зақымданғанда адам ағзасында газ алмасу процесі бұзылады. Содан миға оттегі дұрыс бармайды. Ал коронавируспен ауырып шыққан адамдар энцефалопатияға жиі шағымданады. Ондайда дистофияның салдарынан мидың тіні өзгереді. Содан мидың жұмысы бұзылады.  

"Мысалы ковид орталықтарына түсетін науқастардың көбісі басы ауырып, жөтел қысатынын, иіс сезбей қалатынын айтады. Ал иіс сезу қабілеті неге жоғалады? Себебі оған бірінші бас-ми жүйкесі жауап береді. Ол мида орналасқан", - деп атап өтті ресейлік невропатолог.

Коронавирустан кейін ерте қартаю процесін тоқтатуға болады. Ол үшін өмір сүру сапасын барынша жақсарту қажет. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтанған жөн. Жүйке жүйесіне де көп салмақ түсірмеу керек.

"Жүзумен, спортпен, фитнеспен айналысу қажет. Сосын дұрыс тамақтанып, артық салмақтан құтылған жөн. Таза ауада жүрген пайдалы. Темекі мен алкогольден бас тартқаныңыз дұрыс. Ал авитаминоз болса, көкөніс пен жемістерді көп жеу керек. Адам өз күшімен иммунитетті қалпына келтіруге тиіс. Сонда ерте қартаюға апаратын процесті тоқтатуға болады", - дейді Шамсиев.

3247
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2548)
аурухана, коронавирус

Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағандар

4636
(Жаңартылды 17:19 28.07.2021)
Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонент 5 230 750 адамға егілған, бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8%-і

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағанын атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейді", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Ол әр екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғанын атап өтті.

Айтуынша, қазіргі таңда 8,6 миллион доза пайдаланылған, оның ішінде бірінші компонент 5 230 750 адамға егілді. Бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8 процентін құрайды. Екінші компонент 3 436 617 қазақстандыққа cалынған.

Егу пунктерінде 713 мың дозаға жуық бірінші компонент және 1 миллион 300 мың доза екінші компонент бар, деп толықтырды министр.

Цой қазақстандықтарды тағы бір мәрте вакцина салғызып, індеттен қорғануға шақырды.

4636
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Архивтегі сурет

Дәрігер коронавирустан адам керең болып қалуы мүмкін екенін ескертті

542
Дәрігер коронавирус инфекциясы адамның есту қабілетіне қалай әсер ететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Коронавируспен ауырған кезде иіс пен дәм сезу ғана жоғалмайды, есту қабілеті де нашарлауы мүмкін. Sputnik радиосына берген сұхбатында жоғары санаттағы ЛОР-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев бұған вирустың жүйке жүйесін зақымдауы себеп екенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

"Коронавирус инфекциясы – нейротропты вирус, ол жүйке жүйесін зақымдайды, сенсоневральды кереңдікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда есту жүйкесінің түкшелі жасушалары зақымдалады, сөйтіп адамның құлағы естімей қалады",- деді дәрігер.

Оның айтуынша, адам керең болып қалуы да ғажап емес.

Тағы бір себеп — бұл вирустың есту түтігін зақымдауы.

Тағы оқыңыз: Коронавируспен ауырған адамдардың ақыл-ойы төмендейді

"Вирус бізге ауа-тамшы жолымен түсетіндіктен, инфекция жұтқыншақ арқылы да өтеді. Сол кезде есту түтігінде проблема пайда болып, евстахиитке әкеп соғады", — деп түсіндірді Зайцев.

Егер естуіңіз нашарлағанын байқасаңыз, шұғыл дәрігерге қаралу қажет. Өйткені маман ғана оның себебін анықтап, емдеу жолын көрсетеді. Үйде өздігінен емделу жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, деп ескертті дәрігер.

542
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2548)
Архивтегі фото

Жеті жарым мыңға жуық науқас тіркелді ковид рекорды тағы жаңарды

2
Нұр-Сұлтанда 1 571, Алматыда 1450, Қарағанды ​​облысында 1011 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 479 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 6 925 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1571,
  • Алматы қаласы - 1450,
  • Шымкент қаласы - 445,
  • Ақмола облысы - 238,
  • Ақтөбе облысы - 230,
  • Алматы облысы - 270,
  • Атырау облысы - 424,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 298,
  • Жамбыл облысы - 197,
  • Батыс Қазақстан облысы - 198,
  • Қарағанды облысы - 1011,
  • Қостанай облысы - 224,
  • Қызылорда облысы - 175,
  • Маңғыстау облысы - 220,
  • Павлодар облысы - 251,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 145,
  • Түркістан облысы - 132.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 557 107.

 

2
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2548)