Алматы тұрғындары

Алматыда карантин күшейтіледі

152
Қалада 665 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Бабақұмаров денсаулықты сақтау мен індеттің алдын алудың жалғыз жолы вакцина екенін айтты

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас санының артуына байланысты шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен қалалық штаб отырысында айтылды.

Жиын барысында Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шілденің 3 аптасында 12 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғанын айтты. Бұл маусыммен салыстырғанда 4 есе көп. Сол себепті қатаң шектеу шаралары енгізіледі.

Қазір қалада базарлар, қоғамдық көлік, мейрамхана, дәмхана, барлар, адамдар көп жиналатын саябақтар мен жаяу жүргіншілер көшелері инфекция жұқтыратын орын саналады.

Эпидемиологтардың айтуынша, базарларда дерт жұқтыру 10%-тен 15,9%-ке дейін, сауда нысандарында 31%-тен 39,7%-ке дейін, демалыс саябақтарында және жаяу жүргіншілер көшелерінде 1,2%-тен 5%-ке дейін өскен.

"Сондықтан ведомствоаралық комиссияның ұсынысы бойынша коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін шектеу шараларын күшейту жоспарлануда. Атап айтқанда, нысан жұмыстарына барынша қатаң шектеулер қою жоспарланып отыр. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына жақын арада тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі", - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.

Жиын кезінде карантин шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторинг топтарының жұмысы туралы мәселе қаралды.

Қазір Алматыда 40 мониторинг тобы жұмыс істейді. Ержан Бабақұмаров Ashyq-та жұмыс істейтін нысандар арасында тәртіп бұзушыларды анықтау жұмыстарын күшейтуді және қоғамдық орындарға "қызыл" статуспен барғандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Сондай-ақ Ержан Бабақұмаров денсаулықты сақтау мен індеттің алдын алудың жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айтты.

Қазірге дейін Алматыда 665 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды.

152
Кілт сөздер:
Алматы, карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2566)
Тақырып бойынша
Адам ерте қартаяды – коронавирустың тағы бір қауіпті әсері анықталды 
Депутаттар коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау туралы не ойлайды?
"Жағдай жақсаратын емес": Тоқаев жаппай вакцина салуға қатысты не деді
Жүкті әйелдер коронавирусқа қарсы екпе алуы керек пе – видео
Отандық вакцинаны ДДҰ-да тіркеуді жеделдету керек – мемлекет басшысы
Аурухана, архивтегі сурет

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты

55
Республика бойынша вирус жұқтыру айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 проценті, ал реанимациялық орындардың 44 проценті толық

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 519 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1 351,
  • Алматы қаласы – 1 558,
  • Шымкент қаласы - 502,
  • Ақмола облысы - 257,
  • Ақтөбе облысы - 365,
  • Алматы облысы - 315,
  • Атырау облысы - 381,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 302,
  • Жамбыл облысы - 181,
  • Батыс Қазақстан облысы - 163,
  • Қарағанды облысы - 895,
  • Қостанай облысы - 270,
  • Қызылорда облысы - 198,
  • Маңғыстау облысы - 223,
  • Павлодар облысы - 307,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 141,
  • Түркістан облысы - 110.

Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны 602 952.

Үкімет отырысы

3 тамызда өткен үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин дельта штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлағанын айтты. Республика бойынша вирус жұқтыру айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 проценті, ал реанимациялық орындардың 44 проценті толық.

Мамин өңір әкімдері мен денсаулық сақтау министрлігіне барлық аурухана, бастапқы пункт, мобильді бригадалар мен ПТР-зертханалардың үздіксіз жұмыс істеуін, дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарының жеткілікті болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді бұйырды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз-қыркүйекте тіркелетін жағдайлардың болжамды саны 250 мың адамға жуықтайтынын айтты. Яғни тәулігіне орташа есеппен 7 мың адам.

55
Тақырып бойынша
Цой тамыз-қыркүйектегі эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады
"Жағдай нашарлады": Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і – вакцина салдырмағандар
Полиция жалған вакцина паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр
Цой карантинді бұзғандардың тізімін жариялауға не түрткі болғанын айтты
Қарбыз

Дәрігерлер бір күнде қанша қарбыз жеуге болатынын айтты

126
Екі жасқа толмаған балаларға қарбыз бермеген дұрыс, өйткені ол аллергияны қоздыруы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Балалар үшін қарбыздың тәуліктік нормасы – 80 грамнан 150 грамға дейін, ал ересектер үшін – 500 грамм. Бұл жемісті құрамында көмірсулар бар басқа өнімдермен араластырып жеуге болмайды, деп хабарлайды РИА Новости.

"2-3 жасар сәбилер үшін қарбыз порциясы 80-100 граммнан аспауға тиіс. Ал 3-6 жастағы бүлдіршіндерге қарбыз мәйегінің 150 грамын жеуге болады", - деп кеңес берді педиатр Марина Лерман.

Ол қарбызды екі жасқа толмаған балаларға беруге болмайтынын атап өтті. Өйткені жемістің бұл түрі тамақ аллергиясын қоздыруы мүмкін.

Ал дәрігер-терапевт Елена Тихомирова ересектер үшін қарбыздың тәуліктік нормасын атады.

Тағы оқыңыз: Диетолог күнде жеуге болатын нанды атады

Айтуынша, үлкендерге күніне 500 грамм қарбыз жеуге болады, бірақ құрамында көмірсулар бар басқа өнімдерді бір мезетте тұтынбаған абзал.

Маман қарбызды тек ұйықтар алдында ғана жеуге болмайтынын атап өтті.

"Бір жегенде бір келі қарбыз жеудің қажеті жоқ. Себебі біздің ағзамыз 60 грамм таза көмірсуды бір уақытта сіңіре алмайды. 20-30 грамы сіңіп, қалғаны майға айналуы мүмкін", - деді Тихомирова.

3 тамыз Халықаралық қарбыз күні аталып өтеді.

126
Кілт сөздер:
дәрігерлер, қарбыз
Студенттер, архивтегі сурет

Ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды

0
ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы тіркелу керек. Тестілеу 10-13 тамыз аралығында электронды форматта өтеді

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Тамызда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, өтінім қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жүргізіледі.

"Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Бұл ҰБТ-ға биыл және былтырғы мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады", - делінген ақпаратта.

Оқуға түсу үшін шектік балл ретінде әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.

Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу 10-13 тамыз аралығында электронды форматта өтеді. Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан өтетін орынды, күнді және уақытты өзі таңдайды.

0