"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 

11908
Министр екпе салдырған адамдар коронавирус жұқтырса да, жеңіл ауратынын, бірен-сараны ғана орташа ауыр жағдайда ауруханаға түсетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды жаңа вакцинаны күтпей, елде бар екпелерді салдыра беруге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетері, биыл күзге таман Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу жоспарланып отыр. Министрдің айтуынша, бүгінде келіссөздер аяқталуға жақын. Алайда Цой жаңа вакцинаны күтпеу керек деп отыр.  

"Жағдай ушығып кетті, қиын жағдай болып тұр. Күн сайын инфекция жұқтыратындар саны артып келеді. Өкінішке қарай, азаматтарымыз қайтыс болып жатыр. Олардың барлығы – екпе алмағандар. Біз жансақтау бөлімдерін аралағанда пациенттермен сөйлесеміз. Олар ауруды жұқтырғанға дейін вакцина алмағанына өкінеді", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда министр екпе салдырған адамдар коронавирус жұқтырса да, жеңіл ауратынын, бірен-сараны ғана орташа ауыр жағдайда түсетінін ерекше атап өтті. Сондықтан Қазақстанда бар вакциналарды салдырған адам ауыр жағдайға түспейді. 

"Вакцина салдырған адамдар аман қалып жатады. Міне, бұл – басты мәселе. Сондықтан популистік ұрандарға сенбеңіздер. Вакцина қабылдаңыздар. Ондай мүмкіндік бәрінде жоқ. Көршілерді қараңыздар. Олар Қазақстандағы вакцинаның қаншалықты қолжетімді екенін көргенде кәдімгідей қызғанышпен қарайды. Себебі бізде кез келген адам вакцина салдыра алады. Жаңа вакцина да келеді. Оны да саласыздар", - деп атап көрсетті Цой. 

Ал денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният шетелдегі статистиканы мысалға келтірді. Оның айтуынша, Еуропа елдерінде вакцинадан кейін коронавирусты жұқтыру жағдайы аз емес. Алайда адамдардың көбісі екпе салғандықтан, өлім көрсеткіші Қазақстанға қарағанда төмен болып тұр.

"Мысалы, Ұлыбританияда 60 миллион адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Ал толық вакциналаудан 45 миллион адам өтті. Ол жақта да вакцина салдырған адамдар ауырып жатады. Күніне 48 мың адам вирус жұқтырады. Бірақ қайтыс болғандар саны өте аз. Бір тәулікте 63 адам", - деп атап көрсетті Ғиният. 

Оның айтуынша, Израильде халықтың 80 проценті, тіпті, балалар да вакциналаудан өтті. Соның арқасында күніне коронавирустан үш-ақ адам қайтыс болады. Олардың дені – онкологиялық ауруы бар науқастар. 

Қазақстанда соңғы бір тәуліктің ішінде коронавирус пен ковидтік пневмониядан 74 адам қайтыс болған.

11908
Кілт сөздер:
денсаулық сақтау министрлігі, үндеу
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (368)
Тақырып бойынша
"Вакцина алғандар 2 жылдан кейін қайтыс болады": әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады
Антиваксерлер шенеуніктерге тап берді: Цой әйелдермен кездесуге неге шықпады
Денсаулық министрі балаларды вакциналауға қатысты сауалға жауап берді
Қазақстанда коронавирустан қанша бала көз жұмды
Қоғамдық тамақтандыру орындары қысқартылған жұмыс режиміне көшті
медицина қызметкері

Індет тағы 62 қазақстандықтың өмірін жалмады

10
Коронавирус жұқтырған 131 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясынан 53 адам, вирустық пневмониядан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

23 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 66 215 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастар арасында 962 адамның жағдайы ауыр, 239 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

131 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал бір тәулікте 2 693 адамнан коронавирус анықталды, 247 адам пневмонияға шалдықты.

Оқи отырыңыз:

 

10
Кілт сөздер:
коронавирус, науқастар, жаһандық індет
Тақырып бойынша
Жүктілік және COVID: Маңғыстауда вирус жұқтырған жүкті әйелдердің суреті пайда болды
Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
медицина қызметкері

Коронавирус статистикасы: екі облыста көрсеткіш жоғары

32
(Жаңартылды 09:03 23.09.2021)
Коронавирус жұқтырғандардың көбі Алматы қаласы мен Алматы, Қарағанды облыстарында тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 191,
  • Алматы қаласы - 549,
  • Шымкент қаласы - 125,
  • Ақмола облысы - 143,
  • Ақтөбе облысы - 133,
  • Алматы облысы - 256,
  • Атырау облысы - 69,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 135,
  • Жамбыл облысы - 55,
  • Батыс Қазақстан облысы - 99,
  • Қарағанды облысы - 431,
  • Қостанай облысы - 105,
  • Қызылорда облысы - 56,
  • Маңғыстау облысы - 38,
  • Павлодар облысы - 192,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 79,
  • Түркістан облысы - 37.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 870059.
Оқи отырыңыз: 

Қазақстанда табылған нигериялық Eta штамм туралы не білеміз

Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді

 

 

32
Кілт сөздер:
коронавирус, статистика, жаһандық індет
Тақырып бойынша
Жүктілік және COVID: Маңғыстауда вирус жұқтырған жүкті әйелдердің суреті пайда болды
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді
Жамбыл облысындағы апат

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза болды видео

0
Алматы – Ташкент тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, алты адам көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысының полицейлері Алматы – Ташкент тас жолында алты адамның өмірін қиған апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Зардап шеккен тағы екі адамның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағында Алматы-Ташкент тас жолының 476 шақырымында Аudi-А4 пен Toyota Camry соқтығысты. Оқиға 23 қыркүйек таңғы алты шамасында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деді өңірдің полиция департаменті.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы "Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, жол апаты, видео