Алексей Цой, архивтегі фото

Цой Тоқаевқа коронавирустың жаңа штамы пайда болғанын хабарлады

3737
Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, жаппай екпе салу қарқынын арттыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың есебін тыңдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Президентке қазіргі эпидемиологиялық жағдай, екпе егу жұмыстарының барысы және елімізге вакцина жеткізу жөніндегі уағдаластықтар туралы баяндалды.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар өңірде карантин шараларының күшейтілгені, жұқпалы аурулар стационарлары мен жан сақтау бөлімдерінде ем қабылдап жатқан науқастар саны, дәрі-дәрмектер мен басқа да қажетті жабдықтар қоры, вакцина салу қарқыны баяу өңірлерге көрсетіліп жатқан әдістемелік көмек жайында мәлімет берілді", - делінген хабарламада.

Алексей Цойдың айтуынша, маусым айындағы жағдаймен салыстырғанда шілденің соңғы екі аптасында індет жұқтырғандардың саны 4,8 есеге көбейген. Күнделікті жүргізілген мониторинг бойынша, 24 шілдедегі мәліметке сәйкес, жұқпалы аурулар бөлімдерінің 51 пайызында, жан сақтау бөлімдерінің 41 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр.

Вирус жұқтырғандар санының көбеюіне және денсаулық сақтау жүйесіне түскен салмақтың артуына байланысты шілде айында қосымша 10 мың төсек-орын әзірленді. Қазіргі уақытта 21,4 мыңға жуық орын резервте тұр.

Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирусты қасақана жұқтырмақ болғандар қашып құтыла алмады 

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі президентке әлемде коронавирус індетінің жаңа "Лямбда" штамының пайда болуы мен таралуы туралы айтты. Бұл вирус алғаш рет 2020 жылғы желтоқсанда Перуде тіркелген. Бүгінде індеттің осы түрін 30 мемлекетте, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінде 3 мыңға жуық адам жұқтырған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, жаппай екпе салу қарқынын арттыруды, науқастарға уақытылы медициналық көмек көрсету жұмыстарын, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемді сапалы ұйымдастыруды тапсырды.

3737
Кілт сөздер:
коронавирус, президент
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2633)

Коронавирус адам өмірінің орташа ұзақтығын 10 жылға қысқартады

1130
(Жаңартылды 09:59 28.09.2021)
Келешекте коронавирус инфекциясымен жақсы күресетін адам генотиптері басымдыққа ие болады, дейді ғалым

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ғалымдар коронавирустың пайда болуына байланысты адам өмірінің орташа ұзақтығы шамамен 10 жылға қысқаруы мүмкін дейді, деп жазды РИА Новости.

"Адам жас болса және иммунитеті жақсы болса, коронавируспен немесе басқа да ағзаға жұғатын аурумен күресе алады. Қартайған сайын адамда ауру көбейеді, коронавирус та соның бірі саналады. Сондықтан орташа өмір сүру ұзақтығы төмендейді... Бізде жаңа табиғи жау пайда болды, ол бізді біртіндеп кеміреді", - дейді биология ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының медицина-генетикалық ғылыми орталығының функционалды геномика зертханасының бас ғылыми қызметкері Анча Баранова.

Биолог вирустың табиғи түрде әлсірейтінін де айтты. Алайда пандемия басталған екі жылда вирустың әлсірегені аса байқалмайды.

"Кез келген популяцияда табиғи сұрыптау бар. Адамда да солай. Коронавируспен күресуге жарамсыз генотиптер саны азаяды, ал қауіпті вируспен күресуге жарайтыны аман қалады. Екі-үш ұрпақтан кейін адамдар коронавируспен, тіпті дәрі-дәрмексіз де жақсы күресетін болады. Адамзатты азаптайтын вирустар құрылымы өзгеруі мүмкін, тұмау да азаюға тиіс",- дейді Баранова.

Сарапшының айтуынша, медицинада үлкен серпіліс болуы мүмкін екенін де естен шығармау керек.

Оқи отырыңыз: 

1130
Кілт сөздер:
коронавирус, өмір
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2633)
Тақырып бойынша
Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы табылды – Цой үндеу жасады
Коронавирустың ETA штамы: белгілері мен қаупі
Қытайлар коронавирустың пайда болуына қатысты тағы бір болжам жасады
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны төмендеп жатыр – Цой
Індеттен тағы 42 қазақстандық қайтыс болды
Алматы көшесіндегі адамдар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны төмендеп жатыр Цой

1885
(Жаңартылды 10:02 28.09.2021)
Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, соңғы айда тәулігіне індетке шалдыққандар саны 3,6 есе төмендеген.

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде вирус жұқтыру мен өлім-жітім көрсеткіші төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, Қазақстанда аурушаңдық соңғы екі аптада 36%-ке төмендеді.

"Елімізде тамыздың екінші жартысынан эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқаны байқалады. Аурушаңдық 3,2 есеге (аптасына 54 914 адамнан 17 341 адамға дейін), ал өлім-жітім 2,7 есе (аптасына 945-тен 346 жағдайға дейін) төмендеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Сондай-ақ министрдің мәліметінше, соңғы айда тәулігіне індетке шалдыққандар саны 3,6 есе төмендеген. Стационарлық емде жатқан науқастар саны да 2,4 есе – 27 тамыздағы жағдай бойынша 25 мыңнан 27 қыркүйекте 10,5 мың адамға дейін азайды. Амбулаторлық ем қабылдап жатқан пациенттер саны 1,7 есе – 89 мыңнан 51 мың адамға дейін қысқарды.

Сонымен қатар Цой 23 тамыздан бері тәулігіне коронавирустан сауығып шыққандар саны тәулігіне вирус жұқтырғандар санынан асып түскенін мәлімдеді.

"Бұл да эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын көрсетеді", - деді ол.

Жалпы республикада 57 ковидтік стационар жабылған.

Бұған қоса, ведомство басшысы эпидемиологиялық ахуал матрицасына тоқталды.

Қазір "жасыл" аймақта 4 өңір – Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары тұр.

Қазақстан Республикасы мен 8 өңір – "сары" аймақта. Олар Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қалған 5 өңір "қызыл" аймақта орналасқан.

Оқи отырыңыз: 

  • Вакциналанған адамдарда "жасыл" статус қанша уақытқа дейін сақталады – жаңа қаулы
  • "Барлығы той өткізе алады деген сөз емес": Тоғжанов үкіметтің шешімін түсіндірді

 

1885
Кілт сөздер:
коронавирус, денсаулық сақтау министрлігі
Тақырып бойынша
Жүктілік және COVID: Маңғыстауда вирус жұқтырған жүкті әйелдердің суреті пайда болды
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

0
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

0