Архивтегі сурет

Балаларда коронавирус ауыр түрде өте бастады елордалық дәрігер

359
Қазіргі кезде қаланың инфекциялық орталығында жүзден астам бала коронавирустан ем қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Нұр-Cұлтанда маусым айынан бастап  коронавирус жұқтырған балалар санының өскені байқалады.

Балалар, негізінен, отбасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болғаннан кейін ауырады, деді №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, инфекционист-дәрігер Роза Өтегенова.

"Яғни, отбасында ересек адам ауырса, тіпті жеңіл түрі болса да, онда балалардың барлығы дерлік жұқтырады. Бүгінгі күні инфекциялық орталықта вирус жұқтырған 110-нан астам бала емделіп жатыр, - деп келтірді дәрігердің сөзін әкімдіктің ресми сайты.

Сондай-ақ, инфекционист "дельта" штамм өте агрессивті екенін атап өтті, сондықтан балалар ересектерге қарағанда оңай және тез жұқтырады.

"Балаларда ауру симптоматикалық емес, клиникалық айқын формаларға дейін созылады. Балаларда байқалатын негізгі белгілер – интоксикация, дене қызуы, катаральды көріністер болуы мүмкін. Сондықтан бастапқыда қарапайым вирустық инфекциялардан еш айырмашылығы жоқ деп айта аламыз. Бірақ уақыт өте асқынуы мүмкін. Сонымен қатар созылмалы аурулар болған кезде созылмалы патологиялардың декомпенсациясы басталуы мүмкін. Бұл жағдайдың нашарлауына алып келеді", - деді Өтегенова.

Тағы оқыңыз: Денсаулық министрі балаларды вакциналауға қатысты сауалға жауап берді

Сондай-ақ, дәрігердің пікірінше, көп нәрсе баланың коронавирус жұқтырғанға дейінгі денсаулығына байланысты. Яғни, егер ол COVID-ке дейін сау болса, ауру жеңілірек өтеді.

"Ауру ағымының ерекшелігі сол, оның инфекциялық процесі кез-келген кезеңде аяқталуы мүмкін. Яғни бала не тез емделіп шығады немесе бірден ауыр түріне жетеді. Инкубациялық кезең ересектердегідей өтеді: 4-тен 14 күнге дейін. Алайда, балада қосымша аурулары болса, оның жағдайы жылдам нашарлауы немесе нашарламауы мүмкін", - дейді маман.

Коронавирус ересектердегі сияқты балаларда да ең алдымен өкпені зақымдайды. Бірақ жүрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары болуы да мүмкін. Сол сияқты ауыр түрдегі сепсис пен шок жағдайына дейін әкелуі мүмкін.

"Ата-аналардың бәріне сақтық шараларын қатаң сақтауын, әсіресе вакцина салдыруы керек екенін айтқымыз келеді. Негізінен екпе алмаған отбасылардың балалары ауыр түрде ауырады. Вакцина алыңыз, өзіңізді және балаларды қорғаңыз! Өйткені, кішкентай балалар өзінің ауырып қалғанын түсінбеуі мүмкін, ал кейін ауру ауыр күйде өтеді", - деп қорытындылады Роза Өтегенова.

359
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, коронавирус, балалар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2628)
Тақырып бойынша
Екпенің әсерін коронавирус симптомынан қалай ажыратуға болады
Жаңа антирекорд: 6 800-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы табылды
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
медицина қызметкері

Індет тағы 62 қазақстандықтың өмірін жалмады

9
Коронавирус жұқтырған 131 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясынан 53 адам, вирустық пневмониядан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

23 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 66 215 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастар арасында 962 адамның жағдайы ауыр, 239 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

131 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал бір тәулікте 2 693 адамнан коронавирус анықталды, 247 адам пневмонияға шалдықты.

Оқи отырыңыз:

 

9
Кілт сөздер:
коронавирус, науқастар, жаһандық індет
Тақырып бойынша
Жүктілік және COVID: Маңғыстауда вирус жұқтырған жүкті әйелдердің суреті пайда болды
Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
медицина қызметкері

Коронавирус статистикасы: екі облыста көрсеткіш жоғары

30
(Жаңартылды 09:03 23.09.2021)
Коронавирус жұқтырғандардың көбі Алматы қаласы мен Алматы, Қарағанды облыстарында тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 191,
  • Алматы қаласы - 549,
  • Шымкент қаласы - 125,
  • Ақмола облысы - 143,
  • Ақтөбе облысы - 133,
  • Алматы облысы - 256,
  • Атырау облысы - 69,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 135,
  • Жамбыл облысы - 55,
  • Батыс Қазақстан облысы - 99,
  • Қарағанды облысы - 431,
  • Қостанай облысы - 105,
  • Қызылорда облысы - 56,
  • Маңғыстау облысы - 38,
  • Павлодар облысы - 192,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 79,
  • Түркістан облысы - 37.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 870059.
Оқи отырыңыз: 

Қазақстанда табылған нигериялық Eta штамм туралы не білеміз

Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді

 

 

30
Кілт сөздер:
коронавирус, статистика, жаһандық індет
Тақырып бойынша
Жүктілік және COVID: Маңғыстауда вирус жұқтырған жүкті әйелдердің суреті пайда болды
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді
Архивтегі сурет

Шымкентте ер адам аттракционда көз жұмды

0
Технопаркке келген ер адам шамамен 45-50 жаста, "Молоток" аттракционында оның жағдайы нашарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте "Қиял әлемі" технопаркінде ер адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша марқұмның жүрек талмасы ұстаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өлім себебін анықтап жатыр.

Технопаркте демалған куәгерлердің айтуынша, "Молоток" аттракционында 45-50 жастағы ер адам өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.

Ер адамның жағдайы нашарлағанын байқаған адамдар бірден жедел жәрдем шақырады, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Алдын ала қорытынды бойынша ер адамның жүрек талмасы ұстаған.

Сондай-ақ куәгерлер дәрігерлер келгенше дейін технопарк қызметкерлері де оған көмектесуге тырысқанын айтты. Бірақ оларда тіпті қарапайым дәрі қобдишасы да болмапты.

Бұл факті бойынша тексеріс басталды. Технопарк жұмысы уақытша тоқтатылды.

Өкінішке қарай, бұл "Қиял әлемі" технопаркінде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Биыл мамыр айында жазатайым оқиғадан 17 жастағы жігіт мерт болған еді. Жігіт мектеп бітірген, саябақта қосымша жұмыс істегені хабарланды. Ол аттракционың металл құрылымына шығып, құлап кеткен. Бозбала жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Шымкент, аттракцион