Денсаулық

Вакцина алмаған студенттер сабаққа кіре алады – министрлік түсініктемесі

© AFP 2024 / MARTIN BERNETTIШприцы с дозой вакцины от коронавируса, подготовленные для инъекций
Шприцы с дозой вакцины от коронавируса, подготовленные для инъекций - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Колледж немесе жоғары оқу орнының студенттері арасында коронавирусқа шалдығу жағдайлары анықталса, вакцина алмаған студенттер 14 күндік карантинге жіберілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина алмаған студенттерге қатысты талапты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, вакцина алмаған студенттер сабаққа емін-еркін кіре алады. ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ.

"Екпе алмаған студенттер сабаққа Ashyq қосымша арқылы кіреді. ПТР-тест анықтамасын талап етудің қажеті жоқ. Себебі олар Ashyq арқылы кіргенде "көк" немесе "жасыл" статусты көрсетеді. Ал коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған және ПТР-тест оң нәтижесі бар студенттер сабаққа кіре алмайды", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орай комитет басшысы вакцина алмаған студенттерге қатысты тағы бір мәселені ерекше атап өтті.

"Колледж немесе жоғары оқу орнының студенттері арасында коронавирусқа шалдығу жағдайлары анықталса, вакцина алмаған студенттер 14 күндік карантинге жіберілетін болады. Әрине, науқаспен жақын байланыста болғаны, я болмағаны анықталса ғана осындай шешім қабылданады", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Айта кетері, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында студенттерге қойылатын санитарлық талаптарды жариялаған болатын. Атап айтқанда, колледждер мен жоғары оқу орындарын дәстүрлі форматқа ауыстыру үшін оқытушылар, қызметкерлер, жатақхана мен асхана жұмысшылары толығымен вакцина алуы шарт. 18 жасқа толған студенттер де екпе салдыруға тиіс. Жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналаса алады.

Бұдан бөлек, асханаларда, аудиториялар мен мәжіліс залдарында сақтық шаралары сақталуы шарт. Олар:

  • асханада отыратын адамдардың арасында кем дегенде екі метр арақашықтықты сақтау;
  • корпус бөлмелері, аудиториялар, спорттық және мәжіліс залдарын 40-50 процентке ғана толтыру;
  • зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар, сондай-ақ, жатақхана бөлмелерінің сыйымдылығын 50 проценттен асырмау.
Жаңалықтар
0