Денсаулық

Дәрігер кімге күріш жеуге болмайтынын айтты

© Photo : СС0 / allybally4bКүріш
Күріш - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Дәрігер-диетолог қандай аурулар кезінде күрішті жеуге болмайтынын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Дәрігер-диетолог Ольга Кораблева күріштің адам денсаулығына пайдасы мен кімге жеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Маман күріш диеталық тағам екенін еске салды: пісірілген 100 грамм өнімде – небәрі 110-120 калория. Күрделі көмірсулар ұзақ уақыт бойы қарын аштырмайды және шамадан тыс көп жеуге мүмкіндік бермейді. 100 грамм күріште 2,6 грамм май ғана бар.

"Күріш жүйке жүйесіне қажетті В тобындағы дәрумендерге, калий, марганец, мырыш, магний, фосфорға бай. Дәнді дақыл жақсы сіңеді, сондай-ақ ол токсиннен құтқаратын және тұздың жиналуына тосқауыл болатын табиғи "сорбент", - дейді Кораблева.

Күріш жеңіл сіңеді және іш өту мен іш кебу сияқты асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде өте пайдалы. Дәрігер жіті гастрит кезінде суға пісірілген сұйық күріш ботқасын жеуге кеңес берді. Ал егер іштің қатуы жиі болса, күрішті аптасына екі реттен көп жемеген абзал.

Тағы оқыңыз: Қарақұмықты кімге жеуге болмайды – дәрігер кеңес берді

Семіздікке шалдыққан адамдарға да күрішті жеуге болмайды.

"Диабет" диагнозы қойылған адамдар ақ күріштен бас тартқаны жөн: оның гликемикалық индексі – 70, ал сүтке пісірілген ботқаның индексі 75-ті құрайды", - деді дәрігер.

Маманның айтуынша, дені сау адам күніне 200 грамнан артық күріш жемеуі керек.

Жаңалықтар
0