Денсаулық

Желіде ПТР-тест мутацияға ұшыраған вирусты анықтай алмайды деген ақпарат тарады

© AFP 2024 / BRENDON THORNEПТР сынамасын алу
ПТР сынамасын алу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Жазылу
Науқастың нақты қандай вирус жұқтырғанын білу үшін геномдық талдау жасалуы қажет. Ол вирустың мутациясын анықтауға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде ПТР-тесттің мутацияға ұшыраған вирусты анықтай алмайтыны туралы хабарламалар тарала бастады. 

Алдымен ПТР-тесттің қалай жұмыс істейтінін түсініп алу қажет, деп жазды Stopfake.kz сайты.

Оны австралиялық вирусолог Ян Маккей өзінің Twitter-дегі парақшасында егжей-тегжейлі сипаттап берген.

"Вирус тірі ағзаға түскеннен кейін жасушаның ішінде жылдап көбейеді. Сол кезде РНҚ тізбекте кездейсоқ қателіктер шығып, вирус мутацияға ұшырауы мүмкін. Осы іспетті өзгерістер вирустың өзіне де әсер етеді. Ол жасушаға сәл өзгеше еніп, тезірек көбейеді. Адамға тез жұғуы да мүмкін. Дегенмен РНҚ-ның өзі өзгермейді және вирустың басқа нұсқаларына ұқсайды. Сондықтан ПТР талдауы мутацияға түскен патогенді де анықтай алады", - деп түсіндірілген сайтта.

Алайда ПТР-тест адамның қандай штамды жұқтырғанын көрсетпейді. Ондай сынамалар тек вирустың барын ғана анықтайды және COVID-19 диагнозын қоюға арналған.

Ал науқастың нақты қандай нұсқаны жұқтырғанын білу үшін геномдық талдау жасалуы қажет. Бұл - вирустың белгілі бір мутациясын анықтауға мүмкіндік беретін күрделі талдау әдісі.

Осылайша, ПТР-тест вирус нұсқасына қарамастан Sars-CoV-2 анықтай алады.

Оқи отырыңыз: "Барлығы ПТР-тест тапсырады": вице-министр мектептегі талаптар туралы айтты

Жаңалықтар
0