Денсаулық

Елде балаларды жоспарлы вакциналау туралы сайт пайда болды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтудәрігер балаға екпе салып жатыр
дәрігер балаға екпе салып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Бұл сайттан ата-аналар вакциналау туралы ақиқатты айшықтайтын шынайы ақпаратты таба алады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда балаларды жоспарлы вакциналау туралы EGU.kz бірыңғай сайты іске қосылды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Сайтта балаларды жоспарлы вакциналау туралы медициналық зерттеулердің нәтижесі мен ресми ақпарат жарияланған.

Мысалы, сайтта Ұлттық вакциналау күнтізбесіне енгізілген әрбір екпе туралы сипаттама бар. Кез келген азамат вакцина қорғайтын инфекциялармен танысып, қарсы көрсетімдер және жанама әсерлер туралы оқи алады.

"Сайт іске қосылғаннан кейін қазақстандық әрбір ата-ана аутизм және қызамық пен қызылшаға қарсы вакцина туралы аңыз қайдан шыққаны, балалар екпесінде неге сынап жоқ екені, екпе орнына су тигізуге бола мақ, жоқ па, осы туралы біле алады. Олар вакциналау туралы қаңқу сөздердің жоққа шығарылғаны мен ақиқатты айшықтайтын шынайы ақпаратты таба алады", - деп жазылған ведомствоаралық комиссия хабарламасында.

Сайтты БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, Қазақстанның Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп және АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен әзірледі.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаттары балаларға вакцина салуға қатысты пікір білдірді - видео

 

 

Жаңалықтар
0