медицина қызметкері

Коронавирус статистикасы: Алматыда науқастар саны әлі де жоғары

50
(Жаңартылды 08:59 15.09.2021)
Коронавирус жұқтырушылар Түркістан мен Жамбыл облыстарында өзге өңірлермен салыстырғанда төмен

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2930 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 326,
  • Алматы қаласы - 612,
  • Шымкент қаласы - 128,
  • Ақмола облысы - 185,
  • Ақтөбе облысы - 150,
  • Алматы облысы - 240,
  • Атырау облысы - 93,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 140,
  • Жамбыл облысы - 46,
  • Батыс Қазақстан облысы - 88,
  • Қарағанды облысы - 340,
  • Қостанай облысы - 147,
  • Қызылорда облысы - 69,
  • Маңғыстау облысы - 70,
  • Павлодар облысы - 184,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 78,
  • Түркістан облысы - 34.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 848318.

50
Кілт сөздер:
коронавирус, статистика, денсаулық сақтау министрлігі
Тақырып бойынша
Коронавирус пандемиясы: Цой жағымды жаңалығын бөлісті
Алматы облысында оқу жылы басталғалы 209 оқушы коронавирус жұқтырды
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
Алматыда бірінші қыркүйектен бері 89 бала коронавирус жұқтырды
медицина қызметкері

Індет тағы 62 қазақстандықтың өмірін жалмады

9
Коронавирус жұқтырған 131 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясынан 53 адам, вирустық пневмониядан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

23 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 66 215 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастар арасында 962 адамның жағдайы ауыр, 239 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

131 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал бір тәулікте 2 693 адамнан коронавирус анықталды, 247 адам пневмонияға шалдықты.

Оқи отырыңыз:

 

9
Кілт сөздер:
коронавирус, науқастар, жаһандық індет
Тақырып бойынша
Жүктілік және COVID: Маңғыстауда вирус жұқтырған жүкті әйелдердің суреті пайда болды
Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
медицина қызметкері

Коронавирус статистикасы: екі облыста көрсеткіш жоғары

29
(Жаңартылды 09:03 23.09.2021)
Коронавирус жұқтырғандардың көбі Алматы қаласы мен Алматы, Қарағанды облыстарында тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 191,
  • Алматы қаласы - 549,
  • Шымкент қаласы - 125,
  • Ақмола облысы - 143,
  • Ақтөбе облысы - 133,
  • Алматы облысы - 256,
  • Атырау облысы - 69,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 135,
  • Жамбыл облысы - 55,
  • Батыс Қазақстан облысы - 99,
  • Қарағанды облысы - 431,
  • Қостанай облысы - 105,
  • Қызылорда облысы - 56,
  • Маңғыстау облысы - 38,
  • Павлодар облысы - 192,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 79,
  • Түркістан облысы - 37.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 870059.
Оқи отырыңыз: 

Қазақстанда табылған нигериялық Eta штамм туралы не білеміз

Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді

 

 

29
Кілт сөздер:
коронавирус, статистика, жаһандық індет
Тақырып бойынша
Жүктілік және COVID: Маңғыстауда вирус жұқтырған жүкті әйелдердің суреті пайда болды
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты
Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді
сиырлар

Малдары бруццелезге шалдыққан Солтүстік Қазақстан тұрғындары дабыл қақты

10
(Жаңартылды 10:33 23.09.2021)
Ауру жұқтырған сиырдың саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Соңғы айда 50 жағдай тіркелген

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның солтүстігіндегі бірнеше ауданда бруцеллез тіркелді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Ауыл тұрғындары жалғыз табыс көзінен айырылғанын жеткізді. Адамдар көктемнен бері ветеринарлық қызмет аурудың асқынуын не себепті тоқтата алмағанын түсіне алар емес.

Михайловка ауылының тұрғыны Маргарита Кучерованың екі сиыры бруцеллезге шалдыққан, енді олардың да көзін жою көзделіп отыр.

Әйелдің сөзінше, барлығы көктемде басталған. Сол уақытта жергілікті фермердің 30-дан астам сиыры ауру жұқтырғаны анықталды.

"Сиырлар жаппай ауырып, бізде ауру өршіп жатыр. Толмачевкада, Асановода ауылында қазір тыныш, бірақ ветстанция әрекет етпей отыр. Неге олар дабыл қақпайды? Неге олар келіп, карантин енгізіп, аулаларды тазартпайды?", - деді Маргарита Кучерова.

Қазір ауыл тұрғындары келесі кезекте кімнің малынан бруцеллез шығуы мүмкін екенін білмей отыр. Барлығы биліктің не себепті карантин енгізбей отырғанына аң-таң. Адамдар осындай тәсіл арқылы өздерін етті арзан бағаға сатуға мәжбүрлейді деп болжады.

Асаново ауылының тұрғыны Евгений Маргердің сегіз сиырын алып кеткен. Оның сөзінше, мал – отбасының жалғыз табысы. Енді төрт баланың әкесі оларды қалай асырайтынын білмейді.

"Менің сегіз сиырымды алып кетті, осылайша маған жарты миллионнан астам шығын келді. Оларды бізден арзан бағаға сатып алып кетіп жатыр, әр килограммы үшін 700 теңге төледі. Бұл күлкілі баға, себебі килограммы 1 200 теңгеден сатылады, ал жас малдың еті 1 600 теңге. Мүмкін олардың жоспары осындай шығар", - деді Маргер.

Қызылжар ауданының мал дәрігерлері құрамына төрт ауыл кіретін Асанов ауылдық округінде бруцеллездің тарауы биыл 10 есе өскенін айтты. Соңғы айда 50 жағдай тіркелген. Мамандар аурудың таралуын тоқтату үшін ауылдарды карантинге жапқан.

"Зерттеу қорытындысы бойынша 9 шілдеден Плоское ауылына және 10 қыркүйектен Толмачевка ауылына карантиндік шектеулер енгізілді. Былтыр барлығы 11 жағдай тіркелген еді. Былтырмен салыстырғанда биыл ауырған мал басы 90 басқа артық. Барлық жерде механикалық тазалау жүргізілді. Содан кейін толық дезинфекция жасаймыз. Артынша дезинфекцияның сапасын зертхана арқылы тексереміз", - деді Қызылжар ауданының ветеринарлық станциясының директоры Ербол Бағенов.

Мамандардың пікірінше, аурудың күрт өсуіне малдың бақылаусыз қозғалысы себеп болған. Бруцеллез Есіл ауданында да тіркелген. Ол жерде жыл басынан бері 125 ауру мал анықталды. Қазір өңірде әрбір сиыр жоспарлы түрде тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

10
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, бруцеллез, мал